Оқи отырыңыз
Алматы маңы: медициналық көмек қалай көрсетілуде?
Алматы қаласының толықтай карантинге жабылуы мегаполиспен шектесетін облыс аудандарының тұрғындарына біршама әбігер әкелгені рас. Әсіресе қаладағы емханаларда тіркеуде тұратындар мен ауруханаларда ем қабылдап жүрген науқастар үшін қиындық туа бастаған еді.
17 Сәуір, 2020
«Пенде не көрсе де ниетінен, пиғылынан табады» дейді. Баяғыда өздері аш-жалаңаш, күйеулері «халық жауы» деп ұсталып, айдалғаны айдалып, үкімі кесілгендері атылып, одан қалған азаматтар соғысқа кетіп, елде шал-шауқан, көздері жасты, көңілдері мұңға толы жесір әйел, жетім балаға толған заманда қазақ баласы Кеңес өкіметі малша тоғытқан сан ұлысқа тіліне, дініне қарамастан қорған болды. Қоржын тамының бұрышына қондырып, аузындағысын жырып беріп, өзі жарымай жүріп, жылай жүріп қорлық көрген жат баласына әрі тұр демей, жасын сүртіп, бауырына тартты. Өйткені пейілдері кең, жүректері жұмсақ, жандары аяныш пен обал атты асылға толы еді. Пейілдерінің тарылмауының себебі, алдарында туатын жақсы күндердің, тоқшылықтың нанына тоятын мамыражай күндердің хабаршысы болғандай.
17 Сәуір, 2020
Халқымызда бабалардан келе жатқан «Ел басына күн туса, ер етікпен су кешер» деген даналық сөз бар. Осы бір мақал дәл осындай дүниені кезген індеттің салдары біздің елімізді ғана емес, бүкіл әлемді алаңдатқан шақта айтылса керек. Салмағы ауыр сөз. Ерлерімізді етігімен су кештіруге жазбасын деп тілеген халықпыз. Жағдай қиын болса, жұртшылық қиын-қыстау шаққа тап келсе, шығатын амалды тауып, бүтін бір елді сақтап, қорғап қалудың жолында ерлер жүрмегенде қайтпек?..
17 Сәуір, 2020
Кез келген мемлекеттің, қоғамның басты байлығы – адам. Халықтың денсаулығы – мемлекет болашағының негізі десек, оның жақсы, қалыпты жағдайда болуы өмір сүру салтына тікелей байланысты екені айтпаса да түсінікті.
17 Сәуір, 2020
Бүгінде еліміздегі оқушылар «Балапан» және «Ел арна» телеарналары арқылы берілетін бейнесабақтардан дәріс алып жүргені мәлім. Жас түлектерге биология пәнінен берілетін сабақ жүргізушілер арасында ақтөбелік 10 педагог бар. Олар өңірдегі ең білікті ұстаздардың арасынан таңдалып алынған.
17 Сәуір, 2020
Көктемгі егіс – күзгі ырыс (ауыл шаруашылығы дақылдарын 825,4 мың гектарға егу межеленген)
Жыл жаңарып, күн жылынған тұста-ақ Түркістан облысында дала жұмыстары қарқын ала бастаған болатын. Техникаларды дайындау, шаруашылық жұмыстарын қамдау – ауыл шаруашылығы саласы мамандары үшін күн тәртібінен түспеген мәселе. Мемлекет басшысы да жуырда өткен төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында көктемдегі ауыл шаруашылығының мәселелеріне баса назар аударуды міндеттеді.
17 Сәуір, 2020
Бітімгерлер өз міндеттерін сапалы орындауда
Қазақстандық 3-ші бітімгершілік ротасы үндістандық батальон құрамындағы БҰҰ-ның Ливандағы бітімгершілік миссиясын жалғастырып жатыр. Пандемияға байланысты миссия қолбасшылығы вирус таралуының алдын алу үшін барлық сақтық шараларын қабылдады.
17 Сәуір, 2020
Он бес адамды өрттен құтқарған
– Шешен сөйлей алмаймын. Өзіңіз сұрақ қоя бересіз ғой. – «100 жаңа есімге» кірдіңіз. Президенттің өз қолынан медаль алдыңыз. Журналистерге жиі сұхбат беріп, сөйлеуді үйренген шығарсыз. – Сонда да ақтарылып сөйлей алмай-ақ қойдым. ...Былтыр ақпан айында түн ішінде Семейдегі жатақханалардың бірінде өрт шыққанда 15 адамды құтқарған, кейін осы ерлігі еленіп, 20 мыңнан астам дауыспен «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы атанған, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 35411 әскери бөлімінің механик-жүргізушісі, ефрейтор Қуандық Қанатұлымен әңгімеміз осылай басталған.
17 Сәуір, 2020
Қазақта «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген сөз бар. Еліміз қауіпті індетпен арпалысқан тұста, Мемлекет басшысы түрлі бастамасымен бағыт-бағдарлар дайындап, көшбасшылық танытса, мемлекеттік құрылым жетекшілері халықтың қамы үшін күндіз-түні әрекет етуде.
17 Сәуір, 2020
Менің анам көп қиындық көрді. Біз жас болдық. Әкем жазықсыз сотталып, он жыл отырып келді. Анам ол кезде жас болса да әкемді күтті. Тілегі қабыл болып, әкем елге оралды. Анам бала сүйді, немере көрді. Біз есейіп, қолын жылы суға малдық, ыстық-жұмсақты аузына тостық. Мені елуден асқанша «құлыным, келдің бе?» – деп есік ашатын. Қазір бәрін аңсаймын. Әкем де, анам да дүние салғанына біраз жыл болды. Кейде дастарқан басында анамды, әкемді айтып, көзіме жас алсам келіндер күледі. Неге? Өйткені, бұлар мына мамыражай дәуірде өмір сүріп, не ішем, не кием демей өсіп келеді. Не дейін оларға.
17 Сәуір, 2020
Өткен жылы Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми- зерттеу институтының құрылғанына 80 жыл толды. Осы институтпен бірге жасасқан, дамуына өз үлесін толықтай қосқан Орынбек Төрешев ағамыздың өмірден өткеніне де бір жыл толып қалды. Биыл 90 жасқа келер еді. Ел арасында ағамыз Орекең аталып кеткен, өз бойына ғана тән ерекше мінезді адал адам еді. Сыр бойында Қорқыт Ата жатқан киелi елде туып, жасынан сыр сүлейлерінің нақыл сөздерін бойына сіңіре өскен Орекеңнің өмірдегі және ғылымдағы ұстанымы көпшілікке ой салып, қайсы бірімізді таңқалдыратын.
17 Сәуір, 2020
Қозғалыс кестелері шектелген қоғамдық көліктерде жүргіншілер сығылысып жүр
Биылғы сәуір айының бесінші жұлдызы күні Ақтөбе облысының бас санитарлық дәрігері Ақтөбе қаласын карантинге жабу жөнінде қаулы қабылдаған болатын. Осы қабырғалы құжатқа сәйкес қоғамдық көліктердің қозғалыс кестесіне шектеулер енгізіліп, автобустар қала ішінде жүргіншілерге таңертеңгі 7:00 мен 9:00 және түскі 12:00 мен 14:00, сондай-ақ кешкі кезде 18:00 мен 21:00 аралығында қызмет көрсетеді деген шешім алынған.
16 Сәуір, 2020
Әскери бөлімшелерде ауқымды жұмыс атқарылуда
Қарулы Күштер әскери қызметшілерінің денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету үшін санитарлық-гигиеналық және алдын-алу шаралары барлық деңгейде іске асырылады.
16 Сәуір, 2020
Жанашыр көршілер бір түнде төрт адамды құтқарды
Солтүстік Қазақстанның Айыртау ауданындағы Карловка селосында түнгі сағат бірде басталған өртті көршісі Ринат Зайнутдинов алғашқы болып көреді. Бұл үйдің тұрғындары үш қарт екенін білетін ол құтқаруға көз жұмып кірісіп кетеді.
16 Сәуір, 2020
Алматы: Жаңадан індет жұқтырған 5 адам, бесеуі де жас адам
Бүгін 16 сәуірде коронавирустық инфекция тағы да 5 адамда анықталды. Біз бейсенбі күні түске дейін індет жұқтырғандар қатарына – 23 пациент қосылғанын хабарлаған едік.
16 Сәуір, 2020
Солтүстік Қазақстанда 43 блок-бекет бар
Оларда тәулік бойы 400-ден астам полиция және медицина қызметкерлері кезекшілік етуде. Соның ішінде облыс орталығымен батыс шекарада шектесетін Мамлют қаласынан шығатын жолдарда екі блок-бекет орналастырылған.
16 Сәуір, 2020
Әмірхан Балқыбек. Балбал қала қонағы
Өлең іздеген, жырға әуес, жаны жайсаң оқырмандар үшін ақын Әмірхан Балқыбектің «Балбал қала қонағы» өлеңін ұсынып отырмыз. YouTube арнамызға жазылуды ұмытпаңыз!
16 Сәуір, 2020
Жүк көліктерінің Шымкентке кіріп-шығуына кедергі жоқ
Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлім етті.
16 Сәуір, 2020
Түркістан облысында індет таратқан ошақтар анықталды
Түркістан облысында соңғы мәліметке сәйкес коронавирус дертін жұқтырғандар саны – 49. Өңірде ең алғашқы коронавирус дерегі 31 наурызда тіркелген.
16 Сәуір, 2020
Димаш Құдайберген коронавирус індетіне қарсы күреске ән арнады
Белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің «We Are One» (Біз біргеміз) жаңа әніне түсірілген бейнебаян ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Синьхуа жаңалықтары| Xinhua News» парақшасында жарияланды.
16 Сәуір, 2020