Оқи отырыңыз
Нұр-Сұлтан қаласының Заң кеңесшілер палатасы тегін онлайн көмек көрсетуде
Білікті құқықтанушылар әлеуметтік жәрдемақы алу, азаматтық құқықтар бойынша сауалдарға жауап береді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
15 Сәуір, 2020
Көкшетауда құрылыс бәсеңдемейді
Облыста биыл әлеуметтік саланың 26 нысанының құрылысын жүргізу көзделген. Тұрғын үй құрылысы бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында 19 жалдамалы, 3 несиелік тұрғын үй салу қолға алынды.
15 Сәуір, 2020
Оңтүстіктің орамжапырақтарын еліміздің барлық өңірлері сатып алуда
Түркістан облысының аграрийлері биылғы жылы 8 мың гектар алқапқа ерте шығатын орамжапырақты егіп, сәуір және мамыр айларында 300 мың тоннаға жуық өнім алуды жоспарлап отыр. Шаруалар Төтенше жағдай кезінде өсірілген өнімді сақтау және сату барысында қиындыққа тап боламыз деп алаңдаушылық білдірген болатын. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
15 Сәуір, 2020
Ақмоладағы алғашқы діни нысандар қашан және қалай салынды?
Бала кезімізден бастап әуелі туған тілімізді, тарихымыз бен мәдениетімізді қастерлеуге үйрендік. Тарихты білу үшін әр адам өзі тұрып жатқан өлкенің, қаланың тарихын білуі маңызды. Өлкенің тарихын білмей, басқа елдердің тарихын айтқаннан еш пайда жоқ. Айтайын деп отырғаным, біз өлкетану мәселесіне көбірек мән беруіміз керек. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында осы мәселеге баса назар аударып, «Туған жер» бағдарламасын ұсынғаны мәлім. Бағдарламаның басты мақсаты өскелең ұрпақты туған жердің тарихын білуге, өлкетану жұмыстарын жүргізіп, отансүйгіштікке тәрбиелеу еді. Бұл мақаланы қолға алудағы мақсатымыз да сол идеядан туып отыр. Өткеніңді білмей болашаққа болжам жасау мүмкін емес. Нұр-Сұлтан қалалық мемлекеттік архивінде сақтаулы жүз жыл бұрынғы деректер мен фотосуреттерді тілге тиек ете отырып, тоғыз жолдың торабындағы қалада алғашқы салынған мешіттер мен шіркеулер тарихы туралы аз-кем әңгіме қозғамақпыз.
15 Сәуір, 2020
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты бүгін республиканың басым бөлігінде жаңбыр болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ баспасөз қызметі хабарлады.
15 Сәуір, 2020
Ел экономикасын алға тартатын локомативтің бірі
Соңғы жылдары Ақтөбе облысының алға даму қарқыны тұрақты түрде сақталып, экономикалық өсім 5 пайыздық көрсеткішті құрап келеді. Нендей мәселенің де қадір-қасиеті мен артықшылығы, немесе олқы тұстары мен оңды жақтары салыстырмалы түрде айқындалады емес пе?! Осы тұрғыдан келгенде 5 пайыздық экономикалық өсім дегеніміз республикалық орташа деңгейден жоғары, ал өңірлері арасында алдыңғы көрсеткіш екенін айтқанымыз жөн. Осындайда бұдан 3-4 жыл бұрын облысқа келген сапары кезінде Тұңғыш Президент –Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақтөбе –ел экономикасын алға тарта алатын локомативтің бірінің рөлін атқара алады деген сөзі тектен-тек айтылмағанына көз жеткізе түсеміз.
15 Сәуір, 2020
Жаңа арнайы экономикалық аймақ пен индустриялық аймақ өңірлер экономикасын дамытуға ықпал етеді
Бүгінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жаңа АЭА және ИА құру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.
15 Сәуір, 2020
Шешендік өнер мен даналықты тумысынан бойына сіңіріп өскен қазақтан артылған сөз бар ма? Қай-қай саланы, нендей тақырыпты алып қарасаң да бабаларымыз оның бәрін философиялық терең толғамдармен, мақал-мәтелдермен келістіре өргені сонша, мұртын бұза алмайсың.
15 Сәуір, 2020
Жетісу өңірінде карантин жарияланды
15 сәуірден бастап Алматы облысының аумағына карантин енгізу туралы тиісті қаулы қабылданды. Қаулыға сәйкес енді облыс аумағына өзге елдерден оралған Алматы облысының тұрғындарынан басқа, сол сияқты тауар тасушы адамдар мен көліктерден, соның ішінде транзиттік көліктерден бөлек, өзге өңірдің тұрғындары мен жеке көліктерге де кіруге тыйым салынады.
15 Сәуір, 2020
2,3 миллионнан астам адамға тағайындалды
2 млн 335 мың 929 адамға төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем тағайындалды.
15 Сәуір, 2020
Қазақстанның даму белестерінде ұлттық өнердің алатын орыны орасан. Жалпы айтқанда, адамзат тарихының бүгінгі сәтке дейінгі жеткен деректері әрбір ұлттың өзіндік ерекшеліктерін аңғартады. Бұл тұста қазақ ұлтының нағыз ұландары ата-бабалар қалыптастырған ұлы қазыналарды, салт-дәстүрлерді, рухани құндылықтарды көзінің қарашағындай сақтап, ұрпақтардың жадына сіңіріп, кейінгілерге аманат етумен келеді.
15 Сәуір, 2020
Цифрлы әлемдегі тың мүмкіндіктер
Соңғы жылдары ұлттық экономиканы цифрландыру қарқын алды. Оның тың мүмкіндіктері еліміздің әлемдік аренадағы әлеуетін арттырып, лайықты орнын айқындайтыны даусыз. Тиісті мемлекеттік бағдарлама шеңберінде цифрландыру ұлттық экономиканың күре тамырына айналды, тұрақты жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізді. Айталық былтыр «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы арқылы 8 мың жұмыс орны ашылды.
15 Сәуір, 2020
Абылайхан дәстүрді жалғастыра ма?
Токио Олимпиадасына баратын отандық боксшылардың лицензиясы түгелденді. Енді алаңсыз дайындалуға болады. Ерназардың сегізі бөлек те, Ер Төстігі бөлек демекші, ерлер арасында бокстан сегіз салмақ болғанымен, оның ішінде салмақтың да салмағы бар. Қазақ боксындағы Ер Төстіктердің өткен Олимпиадалардағы ойын өрнегіне көз жүгірткен едік...
15 Сәуір, 2020
Карантиндегі Қарағандының «қызықтары»
Кеншілер астанасында коронавируспен ауырғандардың саны күн санап көбейе түскен кезде: «Әкім қайда, елдің алдына неге шықпайды?», деп әлеуметтік желіде аттан салып, дабыл қақтық. Обалы нешік, облыстың әкімі Жеңіс Қасымбек сол күні тікелей эфирге шығып, Арқа жұртына сөз арнады. Бірақ, «жаман тұмау» дегеніңіз мұнымен сап тыйыла қалған жоқ. Бүгінде осы індеттің вирусы бойында бар адамдардың саны облыста 55-ке жетті... Карантин карантинмен, дегенмен мұның да өзіндік қызығы мен шыжығы қатар жүреді екен. Өмір бар жерде осылай болуы заңды да. Сары уайымға салынбай, ер көңілдің сабырын жоғалтып алмасақ, бұл сынақ та көрген түстей өте шығар!
15 Сәуір, 2020
Алматы облысында агроөнеркәсіп кешенін дамыту ісі нақты көрсеткішке ие болып отыр. Әсіресе жер игерген диқан мен төрт түлік басын көбейткен малшы қауымына жасалған қолдау өз нәтижесін беріп келеді.
15 Сәуір, 2020
Жұртқа көмегімнің тигеніне қуанамын
Мен қазір облыс орталығындағы провизорлық госпитальда аға медбике болып жұмыс істеймін. Осы салада 21 жылдан бері еңбек етіп келемін. 22 наурыздан бері үйге қайтпай, үзіліссіз қызмет атқарудамыз. Екі апта жұмыс істесек, екі апта демаламыз. Қазір екінші кезекке шықтым.
15 Сәуір, 2020
Бүгінде атышулы індет ғаламды ауыр күйге түсіріп, қоғамның қос өкпесін қысып барады. Өңірлердегі жағдай жұртшылықтың алаңдаушылығын тудыруда. Расында бас ауырып, балтыр сыздай қалса, адам бірден дәрігердің көмегіне жүгінеді. Ал бүгінгідей жағдайда әрбір тұрғынға ақ халатты абзал жандардың көмегі тіпті қажет.
15 Сәуір, 2020
Еңбектің еленгені бізді қанаттандырды
Әлемді жайлаған індет сақтық шараларының дер кезінде жасалғанына қарамастан, біздің елді де айналып өтпеді. Осындай сын сағатта біздің міндетіміз еселенетіні сөзсіз. Біз жауапкершілік пен біліктің арқасында бұл қиындықты да жеңеміз, жеңіп те жатырмыз.
15 Сәуір, 2020
Назарларыңызға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жүрсін Ерманның «Түнгі такси» өлеңін ұсынамыз.
14 Сәуір, 2020
Балаларға базарлық. «Екі киім» ертегісі
Кішкентай оқырмандар үшін ұсынатын кезекті ертегіміз «Екі киім» деп аталады. Бұл не туралы екенін білгіңіз келсе, видеоны тамашалап шығыңыз.
14 Сәуір, 2020