Оқи отырыңыз
Президент кәсіпкерлердің барлық тілегіне жауап берді. Мемлекет басшысы біздің өтінішімізге құлақ асқанын көрдік. Енді Президент тарапынан берілген тапсырмалардың сапалы орындалғанын күтеміз. Меніңше, бұл тапсырмалардың жүзеге асырылуын бақылауға алуға бизнес те қатысады.
08 Сәуір, 2020
Жасыратыны жоқ, Ақтөбе қаласының сәулетіне нұқсан келтіріп, сиқын бұзып тұрған жеке тұрғын үй аумақтары жетерлік. Соның бірі, тіпті бірі емес-ау, бірегейі қаланың қақ орталығындағы он екінші шағын аудан маңында орналасқан, Ақтөбенің ең басты көшесі Әбілқайыр даңғылына жалғасатын «Москва» жеке тұрғын үй секторы.
08 Сәуір, 2020
Елімізде бастау алған «Birgemiz» жобасы аясында азық-түлік себетін алған Гүлзада Мұқасалиева медициналық маска тігуде.
08 Сәуір, 2020
Өңір волонтерлерінің басын біріктіру мақсатында құрылған волонтерлер штабы жұмысын бастады.
08 Сәуір, 2020
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын бастап кетті.
08 Сәуір, 2020
Рас-өтірігін бір Құдайдың өзі біледі, ғалымдардың зерттеуінше адам күніне қолын бетіне бірнеше мың рет апарады екен. Әрине адамзатты алаңдатып отырған ауыр ахуал кезінде мұндай ақпараттардың түр-түрін сіз де оқып-біліп отырған боларсыз. Біздің айтпағымыз, сол мұрныңыз бен көзіңізге қайта-қайта қатынасып жатқан қолдың тазалығы жайлы болғалы отыр.
08 Сәуір, 2020
Тасқынға мониторинг жүргізілді
Екінші және үшінші сәуірде Солтүстік Қазақстандағы су тасқыны жағдайын мониторингтеу мақсатында қауіпті аймақтарға әуеден бақылау жүргізілді. Бортында Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин, облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев, ІІМ ТЖК СҚО ТЖ департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камалов бар тікұшақ Айыртау, Ғ.Мүсірепов, Шал ақын, Есіл және Қызылжар аудандары мен Петропавл қаласының аумағын аралап, ұшып өтті.
08 Сәуір, 2020
Аграрлық салада «Не ексең, соны орасың» деген сүйікті мақал бар. Менің ойымша, Президент мәлімдемесі бәрімізге еліміздің осы жаһандық дағдарыстан лайықты шыға алатынына сенім туғызды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы деңгейінде бірінші рет еліміздегі егіс науқанына теңдесі жоқ қолдау көрсеткені ұнады.
08 Сәуір, 2020
Фристайлшы Жанбота Алдабергенова сүйікті кітаптары мен фильмдері тізімімен бөлісті
Коронавирус пандемиясына байланысты спорт жарыстары тоқтатылып, спортшылар үйлеріне оралды. Елде төтенше жағдай жарияланғалы Olympic.kz #TeamKZ спортшыларының сүйікті фильм мен кітаптар топтамасын ұсынуда.
07 Сәуір, 2020
Көкшетауда қара дауыл, қарлы жаңбыр
Бүгін түстен кейін Көкшетауда қар аралас жаңбыр жауып, секундына 28 метр жылдамдықпен дауыл соқты. Облыс орталығындағы бірнеше көпқабатты тұрғын үйлердің шатырлары жұлынып, аялдамалар төңкеріліп қалды.
07 Сәуір, 2020
Алматыда 16 індет ошағы карантиннен шықты, 38 аумақ қауіпті
Бүгін, 7 сәуірде Алматы қаласының аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырған тұлғалармен байланыста болған адамдардың арасында инфекцияға тән клиникалық симптомдардың пайда болуы мүмкін мерзімнің, яғни инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты 16 індет ошағындағы төмендегі мекен-жайлардан шектеу шаралары алынып тасталды:
07 Сәуір, 2020
Тыныштықбек Әбдікәкімұлы. КАРАНТИН
Оқырман назарына белгілі ақын Тыныштықбек Әбдікәкімұлының «Карантин» өлеңін ұсынып отырмыз.
07 Сәуір, 2020
Егеменнен ертегі. Қожанасырдың қонаққа баруы
Кісіге емес, киімге құрмет көрсеткен үй иесіне Қожанасырдың жауабы қандай?
07 Сәуір, 2020
«Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасы өтті
Елімізде қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты Семей өңірі өкілдігі Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қайырымдылық шарасын ұйымдастыру жөніндегі үндеуіне қолдау білдірді. Бұл туралы kazislam.kz сайты хабарлады.
07 Сәуір, 2020
ЮНИСЕФ пен Дүниежүзілік банк Қазақстанның қашықтан оқытуға көшу тәсіліне қолдау білдіреді
Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Марто мен ЮНИСЕФ өкілі Артур ван Дизен Қазақстанда қашықтан оқыту үшін таңдалған тетіктер туралы өз пікірлерін білдірді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
07 Сәуір, 2020
Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандар саны 45-ке жетті
Бүгінгі күнге дейін жалпы Жамбыл облысы бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырудың 40 жағдайы анықталған болатын. Оның ішінде 11 адам шекаралық өткізу пункттерін кесіп өту кезінде, 6 жолаушы «Дели-Тараз» рейсінен анықталған.
07 Сәуір, 2020
Көне тарихымыздың көмбесін үйіңізде отырып-ақ аралай аласыз
Қым-қуыт тіршілікпен қарбаласып жүріп жайшылықта мәдениет ошақтарына бас сұғып, жан сарайымызды жаңғыртуға жиі уақыт таба бермеуші едік. Төрт қабырғаға қамап, телефон мен теледидарға телміртіп қойған қазіргі жағдай бір сәт терең ойлануға мұрша бергендей. Желідегі жеңіл дүниелерден жалыққан жұрт көне тарихтың көмбесі саналатын мұражайлардағы танымдық мұраларға үңіле бастады.
07 Сәуір, 2020
Нұр-Сұлтан қаласында 3 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан қаласында 3 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.
07 Сәуір, 2020
«Карантиндегі жұлдыздар»: Бүгін Құрмаш Маханов пен Әміре онлайн концерт береді
«Карантиндегі жұлдыз» жобасы аясында бүгін Құрмаш Маханов пен Әміре онлайн концерт береді. Күнде кешкі уақытта сіздер талантты әншілерімізді тыңдап, керемет инструменталдық орындаушылық өнерін тамашалай аласыздар. Хабар онлайн режимінде өтеді, олай болса, әрбір қазақстандық сүйікті жұлдыздарын тыңдап, көріп қана қоймай, олармен тікелей эфирде тілдесе де алады.
07 Сәуір, 2020
Түркістан: Дәрігерлер өмірден баз кешпек болған азаматты аман алып қалды
Кентау қаласының 42 жастағы тұрғыны «Тасарық» су арнасындағы көпірден секіріп, бұл өмірден баз кешпек болған. Абырой болғанда полиция қызметкерлері жігіттің суға батқанын көріп, тез арада құтқарып қалды.
07 Сәуір, 2020