Оқи отырыңыз
АҚШ-та қорғаныс өндірістері тыныс алу құралдарын жасауға көшті
Трамп әкімшілігіне коронавирусқа шалдыққандар санының күрт өсуіне байланысты тыныс алуды жеңілдететін аппараттар өндірісін жеделдету бойынша өтініш түскен. Қазіргі кезде Нью-Йорктағы бірқатар ауруханалар екі науқасқа бір тыныс алу аппараттарын пайдалануда, деп хабарлайды Reuters.
31 Наурыз, 2020
«Хоббс пен Шоудың» жалғасы түсіріледі
Дуэйн Джонсон инстаграм арқылы фанаттарына «Хоббс пен Шоу» фильмінің жалғасы түсірілетінін айтты. Бұл туралы Кинопоиск хабарлады.
31 Наурыз, 2020
«Чукур» сериалының командасы көрермендермен жаңа форматта қауышты
Түркияда жоғары рейтингке ие болған «Чукур» сериалы #ҮйдеОтыр челленджін қолдады.
31 Наурыз, 2020
Дисней басшысы Пандемияға байланысты айлығын қысқартты
Пандаемияға байланысты Disney-дің дүкендері, қонақүйлері мен аттракцион парктері жабылып, фильмдерінің таныстырылымы шегерілген болатын. Туындаған қаржылық қиындықтарға байланысты 5 сәуірден бастап компанияның негізгі басшыларының еңбекақысын қысқарту туралы шешім қабылданды.
31 Наурыз, 2020
«Ол - менің өмірлік махаббатым»: Қатерлі ісікке шалдыққан қария жарына қоштасу хатын жазды
Англияның Сейл қаласының қатерлі ісікке шалдыққан тұрғыны дәм-тұзым таусылып қалды десе керек, 22 жыл бірге тұратын жарына жантебірентерлік хат арнады деп хабарлайды egemen.kz тілшісі Lenta.ru-ға сілтеме жасап.
31 Наурыз, 2020
Түркияның Орду қаласында «дезинфекция туннелі» орнатылды (видео)
Түркияның Қара теңіз жағалауында орналасқан Орду қаласының әкімдігі көшелерде дезинфекцияға арналған 5 метрлік кабиналар орнатты.
31 Наурыз, 2020
Елімізде астық пен ұн экспортына шектеу енгізіледі
Еліміздің астыққа деген ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында (оның ішінде азық-түлік көлемін сақтау және тамақ өнеркәсібін қайта өңдеу үшін) Ауыл шаруашылығы министрлігі төтенше жағдай кезінде бидай экспортына шектеу енгізеді. Бұл туралы аталған министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
31 Наурыз, 2020
Ауруды қалай жұқтырғаны белгісіз
Кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн-брифинг өткізген Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде коронавирус жұқтырған науқастардың жағдайы туралы айтты.
31 Наурыз, 2020
Компания көрсеткен көмек Атырау облысындағы ірі инвестордың бірі – «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорны коронавируспен күрес шараларына 1,3 млрд теңге бөлді. Компанияның Үкіметпен және қоғаммен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиевтің айтуынша, Теңіз кен орнында медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған 300 орындық оқшаулау орны дайындалған. Қазір компания қызметкерлері дене қызуы өлшенгеннен кейін ғана жұмыс орнына жіберіледі. Ал кеңсе қызметкерлерінің 70%-ы қашықтан жұмыс істеу режіміне көшкен. Олардың жалақысы сақталады. – Біздің компанияның есебінен бөлінген 1,3 миллиард теңгеге медициналық құрылғылар мен жабдықтар сатып алынып, Атырау облысының денсаулық сақтау мекемелеріне беріледі. Қазірдің өзінде құрылғылардың бір бөлігі әкелінді. Қалғаны жақында жеткізіледі. Сондай-ақ «Теңізшевройлдың» бастамасымен «Атырау – Астрахан» тас жолы бойындағы оқшаулау бекеті жабдықталды, – деді компанияның Үкіметпен және қоғаммен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев.
31 Наурыз, 2020
«Барселона» футболшыларының жалақысы 70 пайызға азайды
Каталониялық «Барселона» клубы футболшыларының жалақысы коронавирустың пандемиясына байланысты азайды. Бұл туралы команда капитаны Лионель Месси Instagram желісіндегі парақшасына жазды.
30 Наурыз, 2020
Қарағандыда 6 студенттен коронавирус белгісі табылды
Бүгін Қарағандыда алты студенттің коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
30 Наурыз, 2020
Шетелде жүрген 7 мыңнан аса қазақстандық елге оралды
Коронавирус инфекциясымен күрес кезеңінде Қазақстанның 7 мыңнан астам азаматы елге жеткізілді. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев хабарлады.
30 Наурыз, 2020
COVID-19: Қарттардан бөлек тағы кімдерге қауіпті?
Коронавирус қарттардан бөлек қант диабетімен, семіздік және өкпе ауруымен ауыратын науқастарға қауіпті көрінеді. Мұндай пікірді Ресейдің Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко айтты деп хабарлайды egemen.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.
30 Наурыз, 2020
Айнұр-әлем әдемі. Жұмбақтығымен һәм даралығымен. Жан-жақтылығымен һәм жалқылығымен. Биік талғамымен һәм қарапайымдылығымен. Зиялылығымен һәм сұңғыла сырымен. Өрелі өнер үлгісімен һәм әдемі, әсерлі үнімен. Өзгеден ерек соқпағымен. Иә, Айнұр-әлем сан қырлы. Өйткені ол – өткеннің өнегесін бойына сіңіріп, бүгінгінің бар жаңалығын жанына дарытқан нағыз актриса.
30 Наурыз, 2020
Алматыда індет ошағы қайта көбейді
Бұған дейін, инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты COVID-2019 ошағының 7 аймағынан шектеу шаралары алынып тасталған еді. Ал Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің 30 наурыз күнгі сағат 12:00-дегі мәліметінше, Алматы аумағында коронавирустық инфекцияның 24 ошағы анықталып отыр.
30 Наурыз, 2020
Пандемия жүз жыл сайын қайталанып отырған
Қазіргі таңда әлем елдерін әбігерге түсірген пандемия атам қазақтың «50 жылда ел жаңа, 100 жылда қазан жаңа» дейтін тәмсілінде айтылатын өлшем сияқты әрбір 100 жыл сайын қайталанып отырыпты.
30 Наурыз, 2020
Қызылорда: Тағы үш адамнан инфекция анықталды
Қызылорда облысында тағы 3 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.
30 Наурыз, 2020
Атырау стансасына баратын барлық жолаушылар пойызы тоқтатылады
2020 жылдың 1 сәуірінен бастап Атырау стансасына баратын және одан шығатын барлық пойыздарға билет сату, жолаушыларды отырғызу және түсіруге тыйым салынады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
30 Наурыз, 2020
Мемлекеттік кірістер органдары тексерулерулерді тоқтата тұрады - Үкімет
Төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын тексерулерді жүргізу мерзімдерінің өтуі тоқтатыла тұрады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №141 Қаулысында айтылған.
30 Наурыз, 2020