Оқи отырыңыз
Қажет болған жағдайда қашықтан оқуды әрі қарай жалғастыруға дайын боламыз - Асхат Аймағамбетов
5 сәуірден кейін осындай нақты жағдай болатын болса, біз қашықтан оқыту жүйесіне көшуге дайын боламыз. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
16 Наурыз, 2020
Қазақстанда коронавирустың оныншы жағдайы тіркелді
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
16 Наурыз, 2020
Спортшылардың жарыстарға баруына тыйым салынды - Өркен Бисақаев
Мәдениет және спорт вице-министрі Өркен Бисақаев спорттық жарыстардың тоқтатылуы жайында пікір білдірді.
16 Наурыз, 2020
Іс-шараларға сатылған билеттердің ақшасы қайтарылады - Өркен Бисақаев
Мәдениет және спорт вице-министрі Өркен Бисақаев мәдени іс-шараларға сатылған билеттердің қаражаттары тиісті мәдениет ұйымдары тарапынан қайтарылатынын айтты.
16 Наурыз, 2020
21 мәдениет ұйымының қызметі онлайн форматқа көшірілді - вице-министр
Мәдениет және спорт вице-министрі Өркен Бисақаев уақытша шектеулер кезеңінде министрлік пен оған ведомстволық бағынысты барлық ұйымда жедел штабтар құрылғанын айтты.
16 Наурыз, 2020
Көші-қон қызметі шекараға қойылған шектеу тәртібін түсіндірді
Қостанай облысы Ресейдің Челябі, Қорған облыстарымен шектесіп жатқандықтан, екі ел азаматтары арасындағы қарым-қатынас жиі, келімді-кетімді жолаушы көп. Шекара бекетінен тәулігіне төрт мыңдай адам өтеді. Оның үстіне Ресейден Орталық Азия мемлекеттеріне бет алған көліктің көбі Қостанай облысын кесіп өтеді. Сондықтан облыстық Полиция департаментінің Көші-қон қызметі мемлекеттік шекарадағы уақытша шектеуге байланысты түсінік беріп, облыс тұрғындарын орынсыз дүрлігуден сақ болуға шақырды.
16 Наурыз, 2020
Қызылорда: Хабарсыз кеткен балықшы табылды
Алтыншы наурыз күні Шиелі ауданының тұрғыны полицияның кезекші бөліміне Қызылорда қаласынан Телікөл көліне балық аулауға кеткен танысының осы уақытқа дейін үйіне оралмағандығы жөнінде арыз түсірген.
16 Наурыз, 2020
Кімдерге мемлекеттік шекара арқылы кіруге немесе шығуға шектеу енгізілмейді?
Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Орталық коммуникациялар қызметінде төтенше жағдайда Қазақстан азаматтары мен шетелдіктердің мемлекеттік шекара арқылы кіруіне немесе шығуына қандай жағдайда шектеу енгізілмейтінін айтты.
16 Наурыз, 2020
Баламен үйде отыруға мәжбүр болған ата-аналарға ақылы демалыс беру тәртібі қалай іске асады?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов баламен үйде отыруға мәжбүр болған ата-аналарға ақылы демалыс беру тәртібі қалай іске асатынын айтты.
16 Наурыз, 2020
Жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болған мекемелерге жалақы төлене ме?
Жұмыс берушінің тарапынан жұмысшыларға кемінде біздің елімізде бекітілген ең төменгі жалақыдан төмен емес жалақы төленуі тиіс. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында айтты.
16 Наурыз, 2020
16 наурыз күні таңертең Қазақстанда қызықты жағдай болды. Бар-жоғы 2 сағаттың ішінде долларға қатысты теңге 30 пунктке өзгерді. 1 АҚШ доллары 410 теңгеден 440 теңгеге дейін өсті. Бүгін Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатында айырбастау пункттерінің иелері ұлттық валютаның құбылмалығын түсіндіріп берді.
16 Наурыз, 2020
Төтенше жағдай бойынша Президент тапсырмалары қалай жүзеге асады? (видео)
Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында елде енгізілген төтенше жағдай бойынша Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында онлайн баспасөз конференциясы басталды.
16 Наурыз, 2020
KASE теңге бағамы туралы түсінік берді
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттықта 13:20-да доллардың орташа бағамы бірден 28,76 теңгеге қымбаттап, 434,38 болды.
16 Наурыз, 2020
17-19 наурызға арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 17-19 наурызда ауа райы қандай болатынын айтты. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.
16 Наурыз, 2020
«ҚазМұнайГаз» компаниясының екі қызметкерінен коронавирусқа сараптама алынды
Қызметкерлердің біреуі Франкфурттен Нұр-Сұлтан қаласына келген рейсте коронавирустық инфекцияны жұқтырған науқаспен бірге бір ұшақта болған. Ал екінші қызметкер Нұр-Сұлтан қаласынан Алматы қаласына дейін осы ұшақпен ұшып барған көрінеді. Алгоритмге сәйкес, COVID-19 бар-жоғын анықтау үшін қызметкерлерден коронавирусқа сараптама алынды.
16 Наурыз, 2020
Футболдан Қазақстан Премьер-лига ойындары бір айға тоқтатылды
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы COVID-19 коронавирус жұқпасының таралуын болдырмауға байланысты өткізіліп жатқан барлық жарыстардың тоқтатылатыны туралы мәлімдеді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
16 Наурыз, 2020
Таэквондодан құрлықтық іріктеу турнирі маусымға ауыстырылды
Таэквондодан Азия құрлықтық іріктеу турнирі Амманда (Иордания) жоспарланған. Коронавирус індетінің әлемде таралуына байланысты маңызды турнирдің өткізілетін уақыты маусымға ауыстырылды. Бұл туралы Таэквондо федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
16 Наурыз, 2020
Қазақстан Елшісі Мұсылман ақсақалдары кеңесінің Бас хатшысымен кездесті
Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Әбу Дабиде Мұсылман ақсақалдары кеңесінің Бас Хатшысы Сұлтан әр-Румейсимен кездесті. Кездесу барысында ұйымның Бас хатшысына биыл маусымда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі хатшылығының кезекті отырысына шақыру табысталды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
16 Наурыз, 2020
Қазақстанда 10 млн тоннадан астам астық бар – Сапархан Омаров
Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағаты барысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров депутаттарға 2019 жылы аграрлық саланы дамытудың негізгі қорытындылары туралы баяндады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
16 Наурыз, 2020
Нұр-Сұлтандағы «Столичный-2» проблемалық кешені тамыз айында тапсырылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі проблемалық үйлердің құрылысын, үлескерлер мәселесін жіті қадағалауда ұстайды. Бұл орайда елорда әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев «Столичный-2» проблемалық тұрғын үй кешені құрылысының барысын тексерді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
16 Наурыз, 2020