Оқи отырыңыз
Атырау: Дәрігерлерге үстемеақы үшін 959 млн теңге бөлінді
Атырау облысында коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерге жалақысына қосымша үстемеақы ала бастады.
12 Сәуір, 2020
Кәсіпкердің дәрігерлерге көмегі
Қызылордалық кәсіпкер коронавирус жұқтырған науқастарды емдеп жүрген дәрігерлерді өзінің қонақүйіне орналастырды. Қонақүйде медицина қызметкерлерінің тынығып, демалуына бар жағдай жасалған. Үш мезгіл тамақ беріліп, бөлмелері залалсыздандырылып тұрады.
12 Сәуір, 2020
Алматы: 30 індет ошағында коронавирус қаупі сейілді
Алматы қаласының аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырған тұлғалармен байланыста болған адамдардың арасында инфекцияға тән клиникалық симптомдардың пайда болуы мүмкін мерзімнің, яғни инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты төмендегі мекен-жайлардағы 30 індет ошағынан шектеу шаралары алынып тасталды.
12 Сәуір, 2020
Алматы: Жағдайы ауыр деп танылған екі науқас тәуір бола бастады
Алматыда ауыр жағдайда жатқан екі науқастың беті бері қарап, тәуір бола бастады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
12 Сәуір, 2020
Токио төріндегі бәсеке келер жылы да өтпеуі мүмкін бе?
Әлемдегі ахуалға байланысты биыл жазда өтуге тиіс төртжылдықтың басты бәсекесі 2021 жылға шегерілгені белгілі. Дегенмен, әлемдік спорт сарапшылары Токио төрінде алауы тұтанатын Олимпия ойындары келер жылы да өтпей қалуы мүмкін деген болжам айтып отыр. Күні кеше Токио Олимпиадасын ұйымдастыру комитетінің директоры Тосиро Муто да бұл болжамды қуаттап, пікір білдірді.
12 Сәуір, 2020
Бүгін - Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күні
Елбасының Жарлығымен 2011 жылы бекітіліп, 2012 жылдан бастап аталып келеді.
12 Сәуір, 2020
12 сәуір – Бүкіләлемдік авиация және космонавтика күні
1961 жылы 12 сәуірде тұңғыш ғарышкер - Юрий Алексеевич Гагарин ғарышқа қазақ жеріндегі «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшты.
12 Сәуір, 2020
751 613 адамға ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындалды
11 сәуірдегі сағат 15:00-дегі жағдай бойынша ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау үшін 2 млн 900 мың 65 азаматтан барлығы 4 млн 354 мың 274 өтініш келіп түскен. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
12 Сәуір, 2020
АШМ өңірлердің егіс науқанына дайындығын пысықтады
Ауыл шаруашылығы министрлігінде көктемгі егіс жұмыстарына дайындық және оны өткізу мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өтті. Бейнеконференция байланысы арқылы оған облыс әкімдіктерінің өкілдері қатысты.
12 Сәуір, 2020
Қорытынды аттестаттау емтихандары биыл өткізілмейді
Қашықтан оқыту жағдайында бітірушілерді қорытынды аттестаттау пәндер бойынша жылдық бағалары негізінде жүргізіледі. ҚР Білім және ғылым министрлігі осындай шешім қабылдады. Аттестат пәндер бойынша жылдық бағалар негізінде беріледі. ҰБТ-ны өткізу мерзімдері өзгеріссіз қалады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады.
12 Сәуір, 2020
Мәдениет және спорт министрі сала қызметкерлеріне алғыс айтты
Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.
12 Сәуір, 2020
«Карантиндегі жұлдыз»: Толқын Забирова онлайн концерт береді
«Карантиндегі жұлдыз» жобасы аясында бүгін Толқын Забирова онлайн концерт береді. Күнде кешкі уақытта сіздер талантты әншілерімізді тыңдап, керемет инструменталдық орындаушылық өнерін тамашалай аласыздар. Концерт онлайн режиміде өтеді. Әрбір қазақстандық сүйікті жұлдыздарын тыңдап, көріп қана қоймай, олармен тікелей эфирде тілдесе де алады.
12 Сәуір, 2020
Төтенше жағдай кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексерулер тоқтатылды
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төтенше жағдай режимі кезінде қауіпті өндірістік объектілерді қадағалау қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады.
12 Сәуір, 2020
Дәрігерлерге үстемеақы төлеу үшін барлық аймақта комиссия құрылды
Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары денсаулық сақтау қызметкерлерін қаржылай қолдау мақсатында, коронавирусқа қарсы іс-шараларға тікелей қатысып жүрген денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлеріне арналған үстемақының мөлшерін анықтайтын комиссия құрады. Бұл туралы ДСМ хабарлады.
12 Сәуір, 2020
Алматы облысында 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмек 101 300 адамға тағайындалды
Мемлекет басшысының тапсырмасымен 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлем алушылар тізімі кеңейтілді. Соған байланысты осы әлеуметтік төлемді алатындар саны да күннен күнге артып келеді. ТЖ кезінде қаржылық көмекті тек бұрын ресми жұмысы болғандар ғана емес, өзін өзі жұмыспен қамтығандар да ала алады. Аудандық және қалалық штабтар демалыссыз күшейтілген режимде жұмыс істеуде. 10 сәуір күнгі мәлімет бойынша, 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмекке 328 мыңнан астам адам өтініш берген, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
12 Сәуір, 2020
Әдебиет картасындағы «беймәлім аймақ»
Гетенің хатшысы Иоганн Петер Эккерман ұзақ жылдар бойы ақынмен екеуара әңгімелерін қағазға түсіріп, қаттап жүреді. Хатқа түскен халыққа жетпей тұрсын ба, сыпайы ғана сыр-сұхбат кейін өз жанрында шедеврге айналды. Осы әңгімелердің бірінде (1827 жылы) Гете мынадай ой айтқан екен: «Біз дәл осы кезеңде әлемдік әдебиет дәуіріне еніп барамыз. Бұдан былайғы уақытта әрбіріміз осы дәуірдің тезірек тууына септесуіміз керек». Батыс пен шығыс екі бөлек емес, біртұтас рухани кеңістік екенін ақынның шығыс шайырларына іңкәрлігі, шығыс тылсымына ынтықтығы сездірсе керек. Иә, содан бері мәдени айналымға «әлем әдебиеті» деген ұғым енді. Ұлттық әдебиеттер ұранқайдай қыр басында қалқайып қалмай, ауылдасты, қауымдасты. Әрқайсы өзінің ұлттық дүниетанымындағы ерекшеліктерімен, мазмұндық, формалық жаңалықтарымен жаһан алаңқайына шығып, бүкіләлемдік кітапхана сөресіне таласа бастады.
12 Сәуір, 2020
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 15 жағдай тіркелді
12 сәуір күнгі сағат 9:30-дағы індеттің таралу жағдайы белгілі болды. Бұл туралы сoronavirus2020.kz сайты хабарлады.
12 Сәуір, 2020
Валюта айырбастайтын пункттердің қысқартылған жұмыс режимі 19 сәуірге дейін ұзартылды
Бұл талап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларындағы валюта айырбастайтын орындарға қатысты болмақ.
12 Сәуір, 2020
Батыс Қазақстандағы жетінші сырқат та Ресейден келді
Батыс Қазақстан облысында 11 сәуір күні коронавирус белгілерімен тіркелген жетінші сырқат та Ресей Федерациясынан келген.
12 Сәуір, 2020