Оқи отырыңыз
Шымкентте «Аналар аманаты» семинар-тренингі өтті
Үш күнге созылған бұл игі іс-шараны республикалық ақпараттық ағарту үгіт насихат штабының төрайымы Ырза Тұрсынзада өткізді.
06 Наурыз, 2020
Бозымның боздауы Жұмада күні толмаса да айлық бере қалғандағы Бозымның қуанышын көрсең: көзі күлімдеп, өзі үлбіреп, сөзі жарқын-жарқын шығады.
06 Наурыз, 2020
Ауылдағы арулар қолдауды қажетсінеді
Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау арқылы ауылдың тұрақты дамуын арттыру» тақырыбына арналған баспасөз мәслихаты өтті.
06 Наурыз, 2020
Іргелі істің басындағы іскер әйелдер
«Әйел – бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген жақсы сөз бар. Мұның астарында әйел адамның кез келген ауқымды істерге араласа алатынын, үлкен нәтижелерге қол жеткізе алатынын аңғартатын мағына жатыр. Өйткені қоғамның түрлі салаларындағы жетістіктерде әйелдердің үлесі бар екені ақиқат.
06 Наурыз, 2020
Лингивист ғалым марқұм Рахманқұл Бердібаев «Кеңес дәуірінде қазақ тілінің 18 мың сөзі бұрмаланған, яғни мән-мағынасы өзгерген» депті. Осындағы мәні өзгеріп, мағынасы ауысқан атаудың бірі – қатын сөзі. Бұл термин ертедегі Түркі қағанаты кезінде билеушіден кейінгі екінші тұлға – оның сүйікті жарына берілетін құрметті атақ екен.
06 Наурыз, 2020
Тазы жетектеген бойжеткен Анна Захарова жайында
Көзін жуырда ғана ашқан болу керек, жұдырықтай ғана сары күшік көшенің қақ ортасында қыңсылап жатты. Қандай қатыгез жан тастап кетті екен қорғансыз бейшараны?.. Әйткенмен, соры қайнаған сары күшіктің маңдайының бағы бес елі болып шықты. Қыңсылап жатқан жерінен нәп-нәзік қолдар көтеріп алып, жып-жылы құшағына басқан.
06 Наурыз, 2020
Алла Елшіннің әкесі Қуантханның суреті табылды
Біз бұған дейін де ерек болмысымен Еуропаны мойындатып, Париж подиумдарында жылдар бойы салтанат құрған, Кристиан Диордың №1 моделі, кейін Ив Сен Лоранды да мойындатқан құмырсқа бел қазақ қызы Алла Ильчун, анығырағы Алла Қуантханқызы Елшін туралы баяндаған едік.
06 Наурыз, 2020
Аруларға арналған әндер көп, жырлар да жетіп артылады. Бірақ күйлер аз. Бар болғанның өзінде тыңдарманның жүрегінде, құлағында қалған, өміршең күйлер саусақпен санарлық. Соның бірі – «Ерке сылқым». Бұл күйді білмейтін қазақ жоқ шығар. Алайда дәл осы тамаша туындыны күйшінің 20 жыл толғатқанын білеміз бе? Білсек те соның сырына үңілдік пе?
06 Наурыз, 2020
Әлемді қобызымен тамсантқан Ақерке биыл Қазақстанның түкпір-түкпірін араламақ. Өз тойында өнер көрсеткен Ақерке Тәжібаева тұрмыс құрғаннан кейін елордаға қоныс аударды. Ширек ғасыр қобыз арқалап келе жатқан арудың жаңа шаһардағы өмірі өнерге жаңадан келгендей күй кештіргені анық.
06 Наурыз, 2020
Әскер туралы сөз болғанда әдетте жуан білек, апайтөс сарбаздар көзге елестейді. Бірақ еліміздің Қарулы Күштері қатарында сұлулығымен талайды таңғалдыратын, инабатты мінезімен талайға үлгі болатын нәзік жандылар жетерлік.
06 Наурыз, 2020
Тағдырыма тура келген мамандық
Әйелдің орны – отбасы, ошақ қасы дейді халық даналығы. Бұл пікірді мен де құптаймын. Бақытты жар, аяулы ана атанып, қазан-ошақтың қасынан табылғанға не жетсін? Дей тұрғанмен бала күнгі арманымнан аулақтай алмадым. Құпия бөлімнің бастығы болған әпкем бар. Есімі – Ләйлә Кәкенқызы. Қазіргі таңда зейнетте. Балдырған кезімде соған ұқсағым келді. Әпкемнің кеңесімен сарбаз болам деген шешімге келдім. Бұл шешіміме туғандарым да қарсы болған жоқ. Түсіністік танытты. Әріден бастайын...
06 Наурыз, 2020
Зеңгір көктен әуелі аққу көрінген. Көгілдір аспанда қалықтап келе жатқан аққу кенет ақ парашютке айналды да қалықтап тұрып қалды. Артынша бір қырына сырғи ағып, төмен қарай құлдилады да зау-заңғар биіктікте түрлі пішінде өрнек салып барып Жер-Ана құшағына жақындай түсті. Манадан бері алабарқын аспанға күн салып қарап тұрған көпшілік ішін тартып қалғандай еді. Өйткені көктен түскен парашютші ержігіт емес, сымдай тартылған сымбатты ару болып шықты. – Япырай, ту-у биіктен қалай қорықпай секіріп жүр? – Жүрек жұтқан жан екен! – Өзінің сұлуын-ай! – Еліктің лағындай екен! Аспаннан түскен арудың әбжіл қимылына, батыл қадамына, аспанда қалықтап келе жатып түрлі өрнек салатынына қарап, жиналғандар осылай десіп қалып еді. Парашютші қарындас жерге түскен бойы көпшілікке жымия қарап, қол бұлғады. Артынша парашютін жинастыра бастады. Көпшілікке жақындағанда оның құлын мүсіні айқындала түсті: алабұртқан алау жүзді, керме қас, нәзік дене спортшы қызды тым сұлуландырып көрсетеді. Бұл – Парашют спорты федерациясының спортшы-парашютшісі Эльмира Бердышева болатын. Аспаннан түскен аруға аңтарыла қарап қалған көпшіліктің арасынан сына тауып, өзіміздің журналист екенімізді білдіріп, аз-кем сұхбат беруін өтіндік.
06 Наурыз, 2020
Қара сөзден қарына қуат байлап...
«Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан. Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар қалан!»
06 Наурыз, 2020
Айдың үздік теннисшісі атана ма?
Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) ресми сайтында ақпан айының үздік спортшысына дауыс беру басталды. Бұл тізімде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина да бар.
06 Наурыз, 2020
Білім беру нысандарын ерекше тәртіппен тексеру мәселесі талқыланды
Бүгін Түркістан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде білім беру және тәрбиелеу объектілерін ерекше тәртіппен тексеру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.
05 Наурыз, 2020
Латын әліпбиінің жаңа жобасы талқыланды
Қазіргі кезде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес латын қарпіне негізделген қазақ тілі әліпбиінің жаңа нұсқаларын ғылыми тұрғыдан қайта сараптау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні келешегі кемел іс ашық жалпыхалықтық талқылау арнасына қарай бағыт алып келеді.
05 Наурыз, 2020
Назарларыңызға бүгінгі күннің басты жаңалықтарын ұсынамыз. Өзекті ақпараттар мен қызықты оқиғаларға қаныққыңыз келсе, біздің сайттағы жаңалықтарды оқып жүріңіз. Сондай-ақ YouTube-тегі арнамызға жазылыңыз!
05 Наурыз, 2020
Қарағанды облысындағы Шет ауданының әкімі тағайындалды
Қарағанды облысындағы Шет ауданының әкімі болып Мұхит Мұхтаров тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
05 Наурыз, 2020
«Біз біргеміз!» топтамасының кезекті бейнеролигі жарияланды (видео)
Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Facebook парақшасында жазды.
05 Наурыз, 2020
«Астана Балет» театрының үздік қойылымдары Атырауда салтанат құрады
Көктем шуағымен бірге келетін қуанышты сәт, Атырау тұрғындары мен қонақтары үшін де жағымды жаңалыққа толы болмақ: Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық драма театры сахнасында тұңғыш рет «Астана Балет» шығармашылық ұжымы өнер көрсетеді. Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында өтетін гастроль наурыздың 12-13 күндері өтеді. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.
05 Наурыз, 2020