Оқи отырыңыз
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында митинг өткізу туралы заңды жетілдіруді міндеттеген болатын. Президент Конституцияға сәйкес елдің өз пікірін еркін білдіруге және тәртіп бұзып елдің мазасын алмаса, ондай шерулерді өткізуге рұқсат беру қажетті туралы айтқан еді.
24 Ақпан, 2020
Нью-Делиде (Үндістан) күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер арасындағы бәсеке аяқталды. Қазақстанның бұрымды балуандары жарысты 2 алтын, 1 күміс, 5 қола жүлдемен қорытындылады.
24 Ақпан, 2020
Солтүстік Қазақстан облысында желдің қатты күшеюімен бірге жолдың көктайғаққа айналу қаупі зор болып тұр. Ақпанның бораны биыл тіптен ашулы. Ауа райы күрт өзгерген уақытта оқыс жағдайларды болдырмау үшін тәртіп сақшылары және төтенше жағдай қызметкерлері жол қызметтерінің, жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірге тығыз байланыста жұмыс істеуде.
24 Ақпан, 2020
Ұлттық музейде «Суретшілер мен Целиноград. Тіршілік пен қала» атты көрме ашылды. Іс-шара қаланың айрықша мәдени естелік орны һәм тың өлкесіндегі кәсіби өнерге үлес қосқан тұлғаларға құрмет ретінде Целиноград қаласы Суретшілер одағы мүшелерінің (1961-1997 жж.) шығармашылығына арналған.
24 Ақпан, 2020
Кешірілер кемшілік «Егемен Қазақстан» газетінің басшысы кезінде журналист Сауытбек Абдрахманов Сыр бойындағы бір іссапары барысында Шиелідегі «Қазатаомөндірісіне» қарасты №6 кен басқармасына соғады. Жергілікті әкімдер мен кен басқармасының басшылары күтіп, жұмыс жағдайымен таныстырады. Соңынан қорытынды жиын өтеді. Соңынан сөз алған қаламгер өз тұжырымдарын айта келіп: «Негізінен жұмыстарыңыз дұрыс секілді. Дегенмен, бір кемшіліктеріңіз бар екен..» деп басшыларға сынай қарайды. Лауазымды адамның аузынан «кемшілік» деген сөз шыққаннан: «Ойпырмай, қай жағымыздан құдай ұрып қалар екен» деп жергілікті басшылар қыпылықтай бастайды. «Кемшіліктеріңіз сол... руға бөлінеді екенсіздер..» дейді Сауытбек. Басшылардың бірі: «Жоқ, ә, бізде бөлінушілік жоқ», десе, екіншісі мойындағандай: «Қазақ болған соң, ондай-ондай кездесіп қалуы мүмкін...» деп күмілжиді. Шамалы үзіліс жасап алған Сәукең: «Және де оларыңызды әр жерге жазып қояды екенсіздер» деп қадала түседі. «Олай емес десеңіздер, РУ-6, РУ-4, РУ-3» деген жазуы бар көрнекілікті қалай түсінеміз?» дейді күлместен. Осы кезде алдыңғы сөздің зілінен сасқалақтаған басшылар Абдрахмановтың әзілдеп отырғанын енді аңғарғандай жамырай сөйлей жөнелісіпті: «Ойбай-ау, ол мекеменің аты емес пе, РУ-деген «Руда Управление» дегеніміз ғой...
24 Ақпан, 2020
10 жыл субсидияланған саланың жыры
Мал шаруашылығындағы тауарлы-спецификалық субсидияларды қысқарту мемлекеттік бағдарламасының аясында биылдан бастап тағамдық жұмыртқа өндірісін субсидиялау тоқтатылады деп жоспарланған. Осы шешімге орай соңғы уақытта құс фабрикалары басшыларының, сондай-ақ Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының тарапынан түрлі пікір айтыла бастаған-ды. Әлеуметтік желіде де әлеуметтік маңызы бар тамақ қымбаттап кететін болды деп ерте бастан дабыл қаққандар бой көтергені рас. Осы орайда, Ауыл шаруашылығы министрлігі субсидиялаудың неліктен тоқтатылатыны туралы жан-жақты түсіндіріп, салада қалыптасқан ахуал туралы жан-жақты мағлұмат берді.
24 Ақпан, 2020
Бүгінде кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті жастарға мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау көп. Тұрғындардың тірлігін тіктеуге, нәсібін кәсіптен табуға арналған жобалар ауылда тұрып та алға басуға мүмкіндік береді.
24 Ақпан, 2020
Қазіргі жаһандану мен ақпараттандыру заманында адамдар арасындағы қарым-қатынас сиреді, тіптен алшақтап барады. Жедел дамып кеткен әлеуметтік желілер тасқынында адамдар сөздің мәнісі мен мазмұнына көңіл аударудан қалды.
24 Ақпан, 2020
Телеарна жұмысының есебі тыңдалды
«Qazsport» телеарнасының өткен жылғы атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Іс-шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Абаев, «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрайымы Л.Танысбай, «Qazsport» телеарнасының директоры П.Цыбулин, Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы С.Мұсайбеков, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Б.Тілеухан және өзге де спорттық федерациялар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.
24 Ақпан, 2020
Шайбалы хоккей: «Барыс» Қиыр шығысқа аттанды
Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты біріншілігінде «Барыстың» енді екі ойыны қалды. Ол кездесулердің екеуінде олар сыртта өткізеді.
23 Ақпан, 2020
Дзюдошылар Дюссельдорфтан құр қол қайтты
Германияның Дюссельдорф қаласында өткен Grand Slam турнирі өз мәресіне жетті. Бұл жарыстан Қазақстанның дзюдошылары құр қол қайтты.
23 Ақпан, 2020
«Астана» шабандозы «Вольта Альгарве-2020» жарысының төртінші кезеңінде топ жарды
Португалияда «Вольта Альгарве-2020» көпкүндік веложарыстың төртінші кезеңі аяқталды, деп хабарлады Prosports.kz.
23 Ақпан, 2020
Оралда допты хоккейден жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды
Оралдағы «Жастар» стадионында допты хоккейден жасы 15-тен аспаған жасөспірімдер арасында ел чемпионаты мәреге жетті. Бұл туралы Olimpic.kz хабарлады.
23 Ақпан, 2020
Семейде студенттер сөйлеу мәдениетін талқылады
Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің Семей жобалық кеңсесінде «Сөйлеу мәдениеті – ұстаздың этикалық мәдениетінің бір бөлшегі» тақырыбында ашық пікір алаңы ұйымдастырылды.
23 Ақпан, 2020
24 ақпанға арналған ауа райы болжамы
24 ақпан күні елордада көшпелі бұлт, түнде қар, кейде тұман және көктайғақ күтілуде. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.
23 Ақпан, 2020
Бақыт Асанов ерікті жастармен бірігіп ел аралады
Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов ерікті жастармен бірігіп ел аралады. Ең алдымен өңір басшысы аудандық «Мырзакент» ауруханасында емделіп жатқан көп балалы ана, І топтың мүгедегі Перизат Қарабаеваның ахуалынан хабар алды. Бұл туралы Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
23 Ақпан, 2020
Бүгін де дзюдошыларымыз жүлдесіз қалды
Германияның Дюссельдорф қаласында өтіп жатқан Grand Slam турнирінің екінші жарыс күні де Қазақстан құрамасына жүлде бұйырмады.
23 Ақпан, 2020
Алтай Көлгінов №82 «Дарын» мамандандырылған лицейіне барды
Елорда әкімі Алтай Көлгінов №82 «Дарын» мамандандырылған лицейіне барды. Әкімнің тапсырмасына сәйкес оқу орнында STEM-зертханасы мен робототехника кабинеті ашылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
23 Ақпан, 2020
21 ақпан – әлемде «Халықаралық ана тілі күні» болып белгіленген. Осы датаға орай Солтүстік Қазақстан облыстық Тілдерді дамыту басқармасы Қызылжардағы ең зәулім мәдени орын – «Оқушылар сарайында» «Ұрпақ тілі-келешек кілті» атты үлкен мәдени шара өткізді.
23 Ақпан, 2020
Студенттермен кездесуде жемқорлыққа төзбеушілік жайы айтылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының бірінші орынбасары О.А.Бектеновтің Маңғыстау облысындағы сапарында Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің қызмет барысымен танысып, студент жастармен кездесті. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
23 Ақпан, 2020