Оқи отырыңыз
Мағзұм Мырзағалиев: Таяуда бірқатар кен орнының өнімі таусылуы мүмкін
2025-2040 жылдарға таман Орловское, Малеевское, Тишинское, Риддер-Сокольное сияқты кен орындарында пайдалы қазба қорларының толықтай сарқылуы күтілуде. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты.
18 Ақпан, 2020
Ел қоржынына кезекті жолдама түсті
Түркияның Анталия қаласында спорттық жүрістен Түркия ашық чемпионаты аяқталды. Аталған жарыста отандастарымыз да бақ сынап, жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.
18 Ақпан, 2020
Хан Тәңірінің мұзарт шыңы менмұндалап тұратын дала атырабында ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырламаған жылға да, қыр мен орман да жоқ.
18 Ақпан, 2020
Өз театрын өзгелерге таныстырады
Ұлттық театрдың туған күні Жүсіпбек Аймауытовтың режиссерлігімен Семейде сахналанған «Біржан – Сара» айтысынан бастау алатыны туралы аға буын театр сыншылары Бағыбек Құндақбайұлы мен Әшірбек Сығай талмастан айтып та, жазып та өтті. Ақпанның 13-іне дәлме-дәл келетін осы атаулы күнмен театр өнеріне байланысты игі шаралардың молынан атқарылып жататыны да сондықтан болса керек. Айтулы күннің аясында күні кеше «М.Әуезов мұражай-үйі» ғылыми-мәдени орталығының Мәжіліс залында театрға байланысты тағы бір маңызды шараның – «Халықаралық театр сыншылары бірлестігінің» тұсауы кесілді.
18 Ақпан, 2020
Сейіт Бегежанов пен Татьяна Труштың отбасын Есқара ауылының тұрғындары әрдайым құрмет тұтады. Соғыс кезінде табысқан бұл екі жанның махаббат тағдыры арнайы кино түсіретіндей-ақ ерекше.
18 Ақпан, 2020
Абай тойы бүгінде исі қазақтың абыройын аспандатудың кілтіндей көрінгенімен, «тас түскен жеріне ауыр» деген сөз бар. Осы тұрғыдан алғанда «тойдың болғанынан боладысы қызық» екені көбірек мазалайтыны түсінікті. Демек, Абай тойының қазақ руханиятына берер маңызы қаншалық? Шындығы керек, қолына қалам ұстаған зиялыны айтпағанда, күнделікті тіршілікте бәріміз де «абайшылмыз»: өлеңін оқып челлендж жолдаймыз, әндерінен сапқа тұрып айтып, көрініс көрсетеміз.
18 Ақпан, 2020
«Көрпе FEST» – ұлттық қолөнердің қолдаушысы
Бүгінгі жаһандану жағдайында ежелгі ұлттық қолөнерімізді қазіргі заман талаптарына сай қайта жаңғыртудың пайдалы тұстары мол. Біріншіден, осы арқылы оның екінші тынысы ашылмақ. Екіншіден, мұндай өміршең көзқарас әйел-аналар мен қыз-келіншектер арасындағы жұмыссыздық деңгейінің азаюына септігін тигізеді. Үшінші пайдалы тұсы, қолөнерлік кәсіптің бір тармағы – көрпе-жастықтар тігіп, оны әзір тауар түрінде сауда-саттыққа шығару арқылы табыс көздерін толықтыру мүмкіндігі туады.
18 Ақпан, 2020
Бала қауіпсіздігіне – басты назар
Арыс қаласында мектеп оқушысы мен колледж студенті төбелесіп, соңғысы құрдасынан жеңіліп қалады. Оған арланған бозбала көмекке достарын шақырып, 10-сыныптың оқушысын пышақпен жарақаттаған. Осы оқиғаға қатысты «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, мән-жайы анықталып жатыр.
18 Ақпан, 2020
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай даналығы – сырлы әлем, лирикалық әуен» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырды. Бұл туралы мектептің баспасөз қызметі хабарлайды.
17 Ақпан, 2020
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 3,2% артты
Жергілікті қамту бойынша мониторинг шеңберінде мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен холдингтер, жер қойнауын пайдаланушылар сияқты барлық мониторинг субъектілерінің тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуының жалпы көлемі 2019 жылдың 9 айында 13 559,4 млрд теңгені құрады. Оның ішінде жергілікті қамту үлесі - 7 117,7 млрд теңге немесе 52,5% тең. Өткен жылдың титісті кезеңімен салыстырғанда жалпы көлемі 1 283,8 млрд теңгеге, ал жергілікті қамту үлесі 3,2% өсті. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
17 Ақпан, 2020
Назарларыңызға бүгінгі күннің басты жаңалықтарын ұсынамыз. Өзекті ақпараттар мен қызықты оқиғаларға қаныққыңыз келсе, біздің сайттағы жаңалықтарды оқып жүріңіз. Сондай-ақ YouTube-тегі арнамызға жазылыңыз!
17 Ақпан, 2020
Қызылорда қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Алтын Орданың 750, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Ұлы даланың ұлағаты» атты республикалық ақындар айтысы өтті.
17 Ақпан, 2020
Абзал Әжіғалиев шорт-тректен әлем кубогінде үшінші орында келеді
Нидерландтың Дордрехт қаласында шорт-тректен әлем кубогінің алтыншы кезеңі мәресіне жетті. Кубоктік додада Қазақстан командасының мүшесі Абзал Әжіғалиев қола жүлдегер атанды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
17 Ақпан, 2020
Бердібек Сапарбаев Қордай ауданындағы Қасық ауылдық округін аралады
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қордай ауданына жұмыс сапары барысында Қасық ауылдық округіндегі әлеуметтік нысандарды аралады. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
17 Ақпан, 2020
Елорда тұрғындарына жұмыс күші тапшы аймақтардан бос жұмыс орындары ұсынылуда
20, 21 ақпан күні сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуы бойынша бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
17 Ақпан, 2020
Нұр-Сұлтанда жастарға кеңес беру күні өтеді
Ертең Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ, жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен жастарға консультациялық көмек көрсетуге бағытталған шара өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
17 Ақпан, 2020
Қазақстан әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсету сапасы артады
Бүгін Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру, Қазақстан әуежайларындағы қызметтердің қолжетімділігі және e-Freight жобасына қатысты кездесу өтті. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
17 Ақпан, 2020
Түркияда жеңіл атлетикадан Istanbul Indoor Cup 2020 халықаралық турнирі аяқталды
Түркияның Стамбул қаласында жеңіл атлетикадан European Athletics Indoor Permit Racе аясындағы Istanbul Indoor Cup 2020 халықаралық турнирі аяқталды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
17 Ақпан, 2020
Семейде Абай бейнесі жаңаша ұсынылмақ
Ақпанның 21-22 күндері «Дариға-ай»» жастар театры Мұхтар Әуезовтың «Ғажайып трагедиясы» спектаклінің тұсаукесерін өткізбек. Спектакль ұлы ақынның өмір жолы мен шығармашылық жолын баяндайды.
17 Ақпан, 2020
Ақтауға қоқиқаздың алғашқы тобы ұшып келді
Ақпан айының алғашқы онкүндігінде Каспий теңізінің жағалауына қоқиқаздар ұшып келеді. Биыл да мыңдаған қоқиқаз жылы аймақтардан Каспийге оралды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында жазды.
17 Ақпан, 2020