Оқи отырыңыз
Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша заң жобасы әзірленді
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі. Қазіргі уақытта заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
17 Наурыз, 2020
Қостанай облысының басшылары азаматтарды қабылдауды уақытша тоқтатты
Облыс әкімдігі баспасөз орталығының хабарлауынша, елде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты және азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 2020 жылғы 15 сәуірге дейін Қостанай облысы әкімінің, оның орынбасарларының және облыс әкімі аппараты басшысының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауы тоқтатылды, - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз орталығы.
17 Наурыз, 2020
Оралда оқушыларға рейд жүргізілмейді
Батыс Қазақстан облысында «төтенше жағдайға байланысты мектептер мен көшелерде, қоғамдық орындарда арнайы рейд жүргізілетіні, бейсеует жүрген мектеп оқушылары кездессе, ата-аналары мен ұстаздарына айыппұл салынатыны туралы» жазба тарап кеткен болатын.
17 Наурыз, 2020
Д.Назарбаева: Бізге жауапкершілік, ынтымақтастық және өзара көмек қажет
Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаев елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты пікір білдірді.
17 Наурыз, 2020
Азық-түлік бағасын негізсіз көтеруге жол берілмейді
Қостанай облысы әкімдігінде өткен кеңейтілген отырыста өңірдің азық-түлік қауіпсіздігі мен бағаны тұрақтандыру шарасы талқыланды.
17 Наурыз, 2020
«Акселератор добра: Izgilik elshisi» мен «Азаматтарға арналған үкімет» мәмілеге келді
«Акселератор добра: Izgilik elshisi» РҚБ және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
17 Наурыз, 2020
«Алматы марафоны» өтпейді: Қатысушыларға жарналар қайтарыла ма?
Алдағы 19 сәуірге тағайындалған «Алматы марафонының» ұйымдастырушылары Қазақстанда жаппай іс-шаралар өткізуге үкімет тарапынан салынған тыйымға байланысты іс-шараның өткізілмейтіні туралы мәлімдегені аян. Осыған байланысты, осынау ең ірі жүгіру іс-шарасына тіркелген қатысушыларда бірқатар мәселелер ғана емес, төмендегідей сұрақтар да туындады.
17 Наурыз, 2020
Онлайн бақылау-кассасына балама әдістер қарастырылуда
Қаржы министрлігі ағымдағы жылдың соңына дейін онлайн бақылау-кассалық машинасына (онлайн БКМ) балама ретінде дара кәсіпкерлерге (өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға, салық төлеушілерге, патент бойынша жұмыс істейтіндерге) арналған тегін мобильдік қосымша әзірлеуге ықпал ететінін мәлімдеді делінген ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінде.
17 Наурыз, 2020
Б.Сұлтанов: Еліміз азық-түлікпен толық қамтамасыз етіліп отыр
Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты.
17 Наурыз, 2020
Ата-аналар балаларын жекеменшік дамыту орталықтарына да апармауы тиіс
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавирустық инфекциядан қорғау шараларын күшейту туралы фейсбук әлеуметтік желісінде жазбасын жариялады. Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке халықты коронавирустық инфекциядан қорғау шараларын күшейтуді міндеттеді. Президент тапсырмасын орындау аясында тиісті жұмыс атқарылуда, делінген.
17 Наурыз, 2020
Барлық мемлекеттік сатып алу жалпыға бірдей берілген тәртіппен жүзеге асады
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов дағдарыс кезеңінде мемлекеттік сатып алудың тәртібі қалай жүзеге асатынын айтты.
17 Наурыз, 2020
Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібі қолданылады - Әлихан Смайылов
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов дағдарыс кезеңінде мемлекеттік сатып алудың тәртібі қалай жүзеге асатынын айтты.
17 Наурыз, 2020
Автобуспен жолаушылар мен багажды тасымалдау тоқтатылды
Бүгінгі күні Қазақстан мен ҚХР (13 рейс), Өзбекстан (24 рейс) және Моңғолия (2 рейс) арасында жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдау тоқтатылды.
17 Наурыз, 2020
Үкімет көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысын қарады
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге дайындық барысы қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
17 Наурыз, 2020
Салық мөлшерлемелерін белгілеудің тәртібі анықталады - Асқар Мамин
Үкімет басшысы Асқар Мамин үш күндік мерзімде салалық мемлекеттік бағдарламаларға кәсіпкерлерді қолдаудың жаңа формаларын енгізу бойынша қаулылар жобаларын дайындауды тапсырды.
17 Наурыз, 2020
Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыруға 300 млрд теңге бөлінеді - Асқар Мамин
Премьер-Министр Асқар Мамин Үкімет шағын, орта және ірі бизнес кәсіпорындарын қолдаудың теңдессіз шараларын қабылдайтынын айтты.
17 Наурыз, 2020
Түркияда індет жұқтырғандар саны 47-ге жетті
Түркияда коронавирус жұқтырғандардың жаңа 29 жағдайы тіркелді. Осылайша, індет жұқтырғандардың жалпы саны 47-ге жетті. Бұл туралы Түркияның Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа Twitter парақшасында жазды.
17 Наурыз, 2020
Парламент Мәжілісіндегі кезекті Үкімет сағатында елдің ішкі нарығын отандық өндірістің ауылшаруашылық өнімдерімен молықтыру бойынша қабылданып жатқан шаралар кеңінен талқыланды.
17 Наурыз, 2020
Жарысты жалғастырудан бас тартты
Елорданың «Барыс» хоккей клубы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирус індетінен сақтану мақсатында ел аумағында төтенше жағдай жариялауына байланысты Гагарин кубогына қатысудан бас тартты. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.
17 Наурыз, 2020