Оқи отырыңыз
Футболдан Қазақстан Премьер-лига ойындары бір айға тоқтатылды
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы COVID-19 коронавирус жұқпасының таралуын болдырмауға байланысты өткізіліп жатқан барлық жарыстардың тоқтатылатыны туралы мәлімдеді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
16 Наурыз, 2020
Таэквондодан құрлықтық іріктеу турнирі маусымға ауыстырылды
Таэквондодан Азия құрлықтық іріктеу турнирі Амманда (Иордания) жоспарланған. Коронавирус індетінің әлемде таралуына байланысты маңызды турнирдің өткізілетін уақыты маусымға ауыстырылды. Бұл туралы Таэквондо федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
16 Наурыз, 2020
Қазақстан Елшісі Мұсылман ақсақалдары кеңесінің Бас хатшысымен кездесті
Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Әбу Дабиде Мұсылман ақсақалдары кеңесінің Бас Хатшысы Сұлтан әр-Румейсимен кездесті. Кездесу барысында ұйымның Бас хатшысына биыл маусымда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі хатшылығының кезекті отырысына шақыру табысталды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
16 Наурыз, 2020
Қазақстанда 10 млн тоннадан астам астық бар – Сапархан Омаров
Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағаты барысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров депутаттарға 2019 жылы аграрлық саланы дамытудың негізгі қорытындылары туралы баяндады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
16 Наурыз, 2020
Нұр-Сұлтандағы «Столичный-2» проблемалық кешені тамыз айында тапсырылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі проблемалық үйлердің құрылысын, үлескерлер мәселесін жіті қадағалауда ұстайды. Бұл орайда елорда әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев «Столичный-2» проблемалық тұрғын үй кешені құрылысының барысын тексерді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
16 Наурыз, 2020
Мәдениет және спорт қайраткерлері азаматтарды коронавирусқа қарсы бірге күресуге шақырды
Мәдениет, спорт қайраткерлері және интеллигенция өкілдері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуін қолдап, тұрғындарды коронавирус инфекциясының алдын алу үшін қауіпсіздік ережелерін ұстануға шақырды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
16 Наурыз, 2020
Президент Мемлекет қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған Жарлыққа қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекет қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайға байланысты телевизия арқылы жасаған үндеуінде айтты.
16 Наурыз, 2020
Президент: «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыру артады
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай енгізілуіне байланысты Қазақстан халқына үндеуінде айтты.
16 Наурыз, 2020
Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 6 адамға жетті
Қауіпті дертке шалдыққан осы елдегі алғашқы дерек кеше тіркелген еді. Бұл туралы Uz.news агенттігі хабарлады.
16 Наурыз, 2020
Президент Төтенше жағдайға байланысты пікір білдірді
Мемлекет басшысы Қазақстанда жарияланған Төтенше жағдайға байланысты пікір білдірді.
16 Наурыз, 2020
Шыңғырлау ауданында - жаңа әкім
Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының әкімі лауазымына Мұханбетжанова Әлия Биғазықызы тағайындалды.
16 Наурыз, 2020
Ақтөбе қаласының жаңа әкімі тағайындалды
16 наурыз, дүйсенбі Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілігінің және Ақтөбе қалалық мәслихатының келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен қала басшылығы қызметіне Асхат Шахаров тағайындалды. Жаңа әкімді қала активіне арнайы таныстырған өңір басшысы Оңдасын Оразалин алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
16 Наурыз, 2020
Елордада қандай қызметтерді онлайн алуға болады?
Елімізде коронавирустық инфекцияның таралмауы жөніндегі шаралардың қабылдануына байланысты азаматтар мемлекеттік қызметтің 100-ден аса түрін үйден шықпай алуына болады. Бұл туралы елорда әкімінің орынбасары Малика Бектұрова Telegram каналында мәлімдеді.
16 Наурыз, 2020
Жамбыл облысы: Карантинде ұстау және емдеу үшін 1040 төсек-орын дайындалған
Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында өткен жедел әрекет ету штабының отырысында Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов өңірдегі бес медициналық мекеменің базасында карантинде ұстау және емдеу үшін 1040 төсек-орын дайындалғанын мәлімдеді. Бекітілген алгоритмге сәйкес емдеу мекемелері қажетті мамандармен, медициналық жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген.
16 Наурыз, 2020
СҚО-да жыл басынан бері 68 интернет-алаяқтық тіркелген
Интернет – алаяқтық схемалары да қазір жетілдірілуде. Ондайды тіпті таныстар мен әріптестер де жасайтын болып барады. Жуырда банк саласында қызмет ететін 23 жасар Петропавл тұрғыны несиеге жиһаз алмақ болып барса үш ай бұрын өзінің атына 225 мың теңгенің заемы «алынғанын» біліп, шошып кетеді. Жұмыстағы әріптесі куәлік және банк карточкасының номерін біліп алып, оның атына заем рәсімдеген екен.
16 Наурыз, 2020
Бердібек Сапарбаев: Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары әлсіз
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жедел әрекет ету штабының кезекті отырысын өткізді. Күн тәртібінде коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу мәселелері қаралды.
16 Наурыз, 2020
Доллар бағамы 446 теңгеге дейін қымбаттады
АҚШ долларының бағамы 446 теңгеден асты. Бұл туралы Kurs.kz хабарлады.
16 Наурыз, 2020
Қазақстандағы коронавирус бойынша 16 наурыздағы жағдай
Бүгінде елімізде коронавирус жұқтырған 9 науқас тіркелген. Алматы қаласында – 7, Нұр-Сұлтан қаласында – 2 адам. Стационарлық карантинде 1641 адам, үй карантинінде 981 адам жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
16 Наурыз, 2020
Қарағанды: Індетті інінде тұншықтыру амалдары
Дүние жүзі коронавирус атты жұқпалы індеттің алдында кірпідей жиырылып тұр. Өйтпегенде ше адамзат баласының басына төнген бұл қатердің ылаңын тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Қазірдің өзінде мыңдаған адам осы дертке шалдығып, жүздеген адам өмірден өтіп те кетті. Сол себепті әлем елдерімен бірге Қазақстан да әуе кезіп жүрген бұл әзірейілге қарсы аяусыз майдан ашты.
16 Наурыз, 2020
Нұр-Сұлтан мен Алматы айырбас қосындарында доллар бағамы қымбаттады
Қазақстан Ұлттық банкі бекіткен АҚШ долларының ресми бағамы 405,46 теңгені құрады.
16 Наурыз, 2020