Оқи отырыңыз
Роботтехника саласының чемпиондарымен кездесті
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин роботтехникадан әлемнің үш дүркін жеңімпазы атанған мектеп оқушыларымен жүздесті.
11 Қазан, 2024
Мектепте сабақ берудің жаңа әдіс-тәсілдері мен озық үлгілерін мұрат еткендердің бірі Құсиын Айтқалиев еді. Махамбет ауданындағы Алға орта мектебінің директоры болған жылдары оның есімі КСРО көлемінде В.Шаталов, Е.Ильин, Ш.Аманошвили секілді жаңашыл педагогтермен қатар аталатын. Өйткені ол қазақ тілі материалдарын блоктап оқыту әдісін қолданды.
11 Қазан, 2024
Былтыр шілдеде бірнеше жыл әзірленіп, пысықталған Әлеуметтік кодекс күшіне енді. Осы жаңашылдықтың ізімен жыл ішінде бірнеше игі бастама қолға алынды. Мемлекеттің әлеуметтік қолдау көрсету тәсілдері едәуір өзгерді. Отбасының цифрлық картасы енгізілді. Деректер цифрландырылды.
11 Қазан, 2024
Шымкент. 2000 жыл. Облыстық орталық ауруханада емделіп жатырмын. Төрт орындық палатада үш адамбыз. Қасымдағы екеудің бірі – жетпіс бестегі, келесісі – сексендегі қария. Екеуі де сөзшең. Әңгімелері бітпейді. Мен араласа қоймаймын. Біздің міндет – тыңдау. Маған жақсы. Ішім пыспайды. Уақыт өткізуге ермек қылар теледидар, бүгінгідей смартфон жоқ. Түнде ұйқы, күндіз жанымдағы екеудің әңгімесі.
11 Қазан, 2024
ЖИ: Ақырғы шешім – адамның қолында
Қазіргі ұшқыр уақытта серпінді технология түрлі салаға дендеп еніп жатыр. Адам ресурстарын басқаруда жасанды зерде мүмкіндігін пайдалану маман тиімділігін арттырудың, бизнес үдерістерін оңтайландырудың негізгі факторына айнала бастады.
11 Қазан, 2024
Референдум аяқталғаннан кейін жастар үгіт-насихат материалдарын жинау акциясын бастады. «Amanat» партиясының жас белсенділері бұл қадамды саяси жауапкершілікті арттырудың, қоршаған ортаға қамқорлық жасаудың бір бөлігі дейді.
11 Қазан, 2024
Астана қаласы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен №104 мектепте елордалық жас мұғалімдерге арналған «Ізденіс. Креатив. Шабыт» атты фестиваль өтті. Фестивальға 300-ден аса педагог қатысты.
11 Қазан, 2024
Биыл – Жаңаарқа ауданына қарасты Түгіскен ауылының 90 жылдығы. Туған ауылымыздың осы торқалы тойы қарсаңында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрғали Кенжетаевтың жеке архивінде сақталған құжаттарын қарап отырып, мына бір естелігін тауып алдық. Түгіскен ауылының арғы-бергі тарихына шолу жасап, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы талайлы тағдыры туралы мол мағлұмат қамтылған екен. Сонымен оқырманды таныстыруды ниет еттік.
11 Қазан, 2024
Тобыл өңіріндегі тазалық акциясы
Күздің жанға жайлы, шаруаға қолайлы қоңыржай күндері бүкіл облыс көлемін қамтыған сенбіліктер, экоакциялар жүріп жатыр. 8 қазанда Қостанай қаласы мен Әулиекөл, Федоров, Қарасу аудандарында саябақтар мен тұрғын үй аулалары, көшелер күзгі жапырақтардан аршылып, өзен-көл жағалаулары тазартылды.
11 Қазан, 2024
Ұлттар лигасы: Бүгін футболдан Қазақстан Аустриямен кездеседі
Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда Аустрияға қарсы жасыл алаңға шығады. Ел құрамасы UEFA Ұлттар лигасының В дивизионында үшінші ойынын өткізеді, деп жазады Egemen.kz.
10 Қазан, 2024
Астанада автобустардың бағыты өзгертілді
Жөндеу жұмыстарына байланысты қаладағы бірнеше автобустың қозғалыс бағыты уақытша өзгертілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Қазан, 2024
Денис Теннің өліміне қатысты сотталғандардың үкімі өзгермейді
Жоғарғы сот судьялары Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша сотталғандардың кассациялық шағымын қанағаттандырудан бас тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Қазан, 2024
160 мың азамат өзін құмар ойындардан шектеген
Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
10 Қазан, 2024
Астанада жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады
Синоптиктер 11 қазан күні Астана қаласында екпінді жел соғып, жаңбыр жауатынын болжап отыр, деп жазады Egemen.kz.
10 Қазан, 2024
Ауыл медицинасы жақсарып келеді
Өңірде денсаулық сақтау саласының 561 мекемесі бар. Саланың ахуалын жақсарту барысында қыруар жұмыс атқарылып жатыр. Соның ішінде ауылдық жердегі медицина мекемелерін жаңғыртуға, кадрмен қамтамасыз етуге жіті көңіл бөлініп отыр.
10 Қазан, 2024
Бүгінде әлемнің озық, дамыған елдерінде кеш ана атану қалыпты құбылысқа айналып келеді. Қазіргі медицина кеш репродуктивті жас ретінде 35 жастан 49 жас аралығын алып отыр. Ал осы жастағы аяғы ауыр, босанатын әйелдер қауіп-қатері басым топқа жатады.
10 Қазан, 2024
Сақтаған Бәйішев атындағы облыстық кітапханада Ұлттық ғылым академиясының академигі, лингвист ғалым Рәбиға Сыздықтың 100 жылдығына арналған «Тіл білімінің тарланы» атты онлайн конференция өтті. Қазақ тіл білімі саласында 27 кітап, 400-ден астам ғылыми мақала мен монография шығарып, 9 докторлық, 19 кандидаттық диссертацияға жетекшілік еткен айтулы ғалым, ұлық ұстаз туралы әр өңірдегі шәкірттері еске алды.
10 Қазан, 2024
Орал қаласындағы агромаш жөндеу зауытының құрылғанына келер жылы 70 жыл толады. Тың игеру кезінде қалыптасқан өнеркәсіп уақыт сынына төтеп берді. Мамандандырылған автокөлік шығаратын ірі кәсіпорын былтыр 120-дан аса арнайы техника, 115 тіркеме шығарған. Бір кездері шаруасы шатқаяқтап қалған кәсіпорынның еңсесін қалай тіктеп алғаны тіпті қызық...
10 Қазан, 2024
Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) орта салмақтағы WBO мен IBF нұсқасы чемпиондық тәжінің иегері Жәнібек Әлімханұлын (16-0, 11 КО) Ұлыбританияның дүлдүлі Хамза Ширазбен жұдырықтасуды міндеттеді. Қазіргі кезде Лондонның іргесіндегі Илфорт қаласының тумасы EBU European мен WBC Silver деп аталатын ортаңқол нұсқалардың алтын белбеуіне ие. Бірақ Ширазбен санаспауға болмайды. 21 кездесудің барлығын жеңіспен аяқтап, 17 қарсыласын нокаутқа жіберген Хамза – өте қарулы жігіт.
10 Қазан, 2024
Әуелі Жамбыл облысында қанатқақты жоба ретінде басталған «Ауыл аманаты» жобасы кейіннен Президент пәрменімен еліміздің өзге де өңірлерінде жалғасын тапты. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін, кәсіп бастауға ниетті елді мекен тұрғындарын қолдау мақсатында қолға алынған ауқымды жоба өз тиімділігін көрсетіп отыр.
10 Қазан, 2024