Оқи отырыңыз
Димаш Құдайберген Азиядағы ең сымбатты жігіт атануы мүмкін
Димаш Құдайберген The 100 Most Beautiful нұсқасы бойынша 2020 жылдың ең сымбатты жігіті атағына үміткер атанды.
24 Ақпан, 2020
Қыздар университетінде Абайға арналған әдеби байқау өтті
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Жүрегімнің түбіне терең бойла...» атты әдеби байқау мәреге жетті. Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.
24 Ақпан, 2020
Ертең Үкімет отырысында бизнес ахуалды жақсарту шаралары қаралады
Үкімет үйінде сейсенбі күні 25 ақпанда сағат 09:00-де Үкімет отырысы өтеді, деп хабарлады primeminister.kz.
24 Ақпан, 2020
Оралда пара берген жүргізушілер ұсталып жатыр
Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкеріне пара ұсынбақшы болған жүргізушілер ұсталды. Жол ережесін бұзған автокөлік иелері осы құқықбұзушылық үшін хаттама толтырған полиция қызметкерлеріне ақша ұсынып, жауапкершіліктен жалтармақ болған.
24 Ақпан, 2020
Нью-Делиде Азия чемпионы атанған балуандар
Нью-Делиде аяқталған Азия чемпионатында күрестің үш түрі бойынша мына балуандар өздерінің мықтылығын мойындатып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
24 Ақпан, 2020
Алматыда тоқ ішек обырын зерттейтін қанатқақты жоба қолға алынды
Алматыда «Автоматтандырылған сандық иммундық-химиялық гемокульт-тестін пайдалану арқылы колоректалды обыр скринингі» қанатқақты жобасы қолға алынды.
24 Ақпан, 2020
Күрес: Юсуп Батырмұрзаев – Азия чемпионы!
Үндістанның астанасы – Нью-Делиде өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның еркін күрес шеберлері екінші алтынды қоржынға салды.
24 Ақпан, 2020
Эфиопияда Қазақстанның Елшілігі Абайдың шығармашылығын таныстырды
Аддис-Абеба университетінде Халықаралық ана тілі күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Аталмыш шараға Ғылым және жоғарғы білім, Мәдениет министрліктердің, БАҚ, Эфиопияның ғылыми және мәдени топтарының өкілдері, сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдері қатысты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
24 Ақпан, 2020
Елордадан 32 мың текше метр қар шығарылды
22 ақпанда қала көшелерін қардан тазарту жұмыстарына 1 254 техника бірлігі мен 1 655 жол жұмысшысы жұмылдырылып, 31 990 текше метр (2 666 рейс) қар шығарылды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
24 Ақпан, 2020
Теннис: Бублик жартылай финалында ұтылды
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Францияның Марсель қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің жартылай финалына дейін жетті.
24 Ақпан, 2020
Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.
24 Ақпан, 2020
Дэвис кубогында ойнайтын теннисшілер белгілі
6-7 наурыз аралығында Нұр-Сұлтанда теннистен Дэвис кубогының ірікеу сайысында Қазақстан мен Нидерланды құрамалары күш сынасатыны белгілі.
24 Ақпан, 2020
Жапония да етек-жеңін жыя бастады
Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ үкіметтің жедел тобына жаңа коронавирус жұқтырған адамдардың саны көбейген жағдайда қандай шешімдер қабылдау қажет екендігін тағы бір пысықтады.
24 Ақпан, 2020
Қазіргі таңда қоғамда «Қазақстан Республикасындағы бейбіт кездесулерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасының тұжырымдамасы қызу талқыланып жатыр. Бұған біз де белсенді араласып, сарапшылардың арнайы басын қосып, жаңадан қабылданатын заңға қатысты пікір-ұсыныстарымызды білдірдік. Өз ойымызды ғана ортаға салып қоймай, көпшіліктің үніне де назар аударып, сұрақтарына жауап бердік. Бұл үшін біздің жиын әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде көрсетілді. Оны 3 мыңнан аса адам тамашалап, 200-ден аса азамат пікірлерін жазып, сауалдарын жолдады.
24 Ақпан, 2020
Митинг туралы жаңа заң жобасында бірқатар маңызды мәселелер қарастырылған. Ол бейбіт жиналыс, митинг, пикет, жиналыс, демонстрация, шеру секілді ұғымдардың мәнін нақтылап, олардың айырмашылықтарын көрсетіп бермек.
24 Ақпан, 2020
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында митинг өткізу туралы заңды жетілдіруді міндеттеген болатын. Президент Конституцияға сәйкес елдің өз пікірін еркін білдіруге және тәртіп бұзып елдің мазасын алмаса, ондай шерулерді өткізуге рұқсат беру қажетті туралы айтқан еді.
24 Ақпан, 2020
Нью-Делиде (Үндістан) күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер арасындағы бәсеке аяқталды. Қазақстанның бұрымды балуандары жарысты 2 алтын, 1 күміс, 5 қола жүлдемен қорытындылады.
24 Ақпан, 2020
Солтүстік Қазақстан облысында желдің қатты күшеюімен бірге жолдың көктайғаққа айналу қаупі зор болып тұр. Ақпанның бораны биыл тіптен ашулы. Ауа райы күрт өзгерген уақытта оқыс жағдайларды болдырмау үшін тәртіп сақшылары және төтенше жағдай қызметкерлері жол қызметтерінің, жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірге тығыз байланыста жұмыс істеуде.
24 Ақпан, 2020
Ұлттық музейде «Суретшілер мен Целиноград. Тіршілік пен қала» атты көрме ашылды. Іс-шара қаланың айрықша мәдени естелік орны һәм тың өлкесіндегі кәсіби өнерге үлес қосқан тұлғаларға құрмет ретінде Целиноград қаласы Суретшілер одағы мүшелерінің (1961-1997 жж.) шығармашылығына арналған.
24 Ақпан, 2020
Кешірілер кемшілік «Егемен Қазақстан» газетінің басшысы кезінде журналист Сауытбек Абдрахманов Сыр бойындағы бір іссапары барысында Шиелідегі «Қазатаомөндірісіне» қарасты №6 кен басқармасына соғады. Жергілікті әкімдер мен кен басқармасының басшылары күтіп, жұмыс жағдайымен таныстырады. Соңынан қорытынды жиын өтеді. Соңынан сөз алған қаламгер өз тұжырымдарын айта келіп: «Негізінен жұмыстарыңыз дұрыс секілді. Дегенмен, бір кемшіліктеріңіз бар екен..» деп басшыларға сынай қарайды. Лауазымды адамның аузынан «кемшілік» деген сөз шыққаннан: «Ойпырмай, қай жағымыздан құдай ұрып қалар екен» деп жергілікті басшылар қыпылықтай бастайды. «Кемшіліктеріңіз сол... руға бөлінеді екенсіздер..» дейді Сауытбек. Басшылардың бірі: «Жоқ, ә, бізде бөлінушілік жоқ», десе, екіншісі мойындағандай: «Қазақ болған соң, ондай-ондай кездесіп қалуы мүмкін...» деп күмілжиді. Шамалы үзіліс жасап алған Сәукең: «Және де оларыңызды әр жерге жазып қояды екенсіздер» деп қадала түседі. «Олай емес десеңіздер, РУ-6, РУ-4, РУ-3» деген жазуы бар көрнекілікті қалай түсінеміз?» дейді күлместен. Осы кезде алдыңғы сөздің зілінен сасқалақтаған басшылар Абдрахмановтың әзілдеп отырғанын енді аңғарғандай жамырай сөйлей жөнелісіпті: «Ойбай-ау, ол мекеменің аты емес пе, РУ-деген «Руда Управление» дегеніміз ғой...
24 Ақпан, 2020