Оқи отырыңыз
Жаңаөзендік кәсіпкерлермен есептік кездесу өтті
Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрбек Қарасаевтың Жаңаөзен қаласында бизнес өкілдері алдындағы есебі белсенді өтті, деп хабарлайды аталған палатаның баспасөз қызметі.
07 Ақпан, 2020
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің өкімімен қала әкімінің орынбасары болып Исахов Мақсұт Пернебайұлы тағайындалды.
07 Ақпан, 2020
Маңғыстаулық тәуелсіз эколог Қазақстандағы айқындалған экология амбассадорларының бірі болды
Нұр-Сұлтан шаһарында Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтың төрағалығымен республикамыздың түпкір-түпкірінен келген қоғам белсенділері, волонтерлер, мемлекеттік құрылымдар мен халықаралық ұйым өкілдерінің бірінші республикалық эко-слеті өткізілді.
07 Ақпан, 2020
Медициналық қызметтердің сапасы артады - Бақытжан Сағынтаев
Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев «Думан» ықшамауданының тұрғындарымен өткен кездесуде мәлімдеді. Жиында Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов атқарылған жұмыстар жайында есеп берді.
07 Ақпан, 2020
Бейбіт Атамқұлов министрлік ұжымына жаңа вице-министрді таныстырды
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов министрлік ұжымына жаңа вице-министр Динара Щеглованы таныстырды. Ол салаларды цифрландыру мәселелеріне және министрліктің жобалық кеңсесіне жетекшілік ететін болады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
07 Ақпан, 2020
Алдағы 3 жылда Қазақстанда бизнес қалай дамиды
Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев тиімді шағын және орта бизнес қала мен ауылдың дамуының берік негізі бола алатынын, оның еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқаратынын атап айтқан болатын. Президент шағын және орта бизнесті қолдауға ерекше көңіл бөліп отыр, 2020 жылдан бастап оның дамуы өзгертілді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
07 Ақпан, 2020
Фристаил: Жерлестеріміз финалға шыға алмады
Бұл күндері АҚШ-тың Дир-Вэлли қаласында фристайлдан әлем кубогының кезеңдік сайыстары өтуде.
07 Ақпан, 2020
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезектен тыс ІХ құрылтайы өтті.
07 Ақпан, 2020
Түркістан: Көпбалалы аналар мұң-мұқтажын облыс әкіміне айтты
Бүгінде облыс әкімі, орынбасарлары аудандарға барып, жергілікті тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдауда. Мысалы, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығынан шалғай аумақта орналасқан аудан тұрғындарымен жүздесу үшін Шымкент қаласына арнайы барды. Тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, заң аясында жауап берді. Кей мәселе бойынша тығырықтан шығу жолдары мен тәртібін түсіндірді.
07 Ақпан, 2020
Түркияның шығысындағы қар көшкінінен 33 адам қайтыс болды
Түркияның шығысындағы Ван провинциясында екінші қар көшкіні 33 адамның өмірін қиды. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлады.
07 Ақпан, 2020
Елордада екінші ауысымдағы оқушыларға сабақ болмайды
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды. Бұл туралы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
07 Ақпан, 2020
Жаңа аумақ тұрғындарына ауызсу жетті
Бүгін «Арал-Сарыбұлақ» топтық су құбырын пайдаланушы Қазалы филиалының №1 насос стансасынан Әйтеке би кентіндегі жаңадан тұрғын үйлер салынған 2 квартал аймағына ауыз су берілді. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
07 Ақпан, 2020
Ауа райына байланысты 11 учаскеде жол жабылды
Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты 11 трассада көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі хабарлады.
07 Ақпан, 2020
Министрлік отандық нарыққа қазақстандық алманы қайтаруға ниетті
Ауыл шаруашылығы министрлігі 4 жыл ішінде шетелден импортталатын ауыл шаруашылығы өнімдерін отандық өнімдерге алмастыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлайды.
07 Ақпан, 2020
Қазақстандық ауыр атлеттер халықаралық бірлік чемпионатына қатысады
8 ақпан күні ауыр атлетикадан халықаралық бірлік чемпионаты басталады. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
07 Ақпан, 2020
Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Моңғолия Мемлекеттік Ұлы Хурал төрағасының қабылдауында болды
Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Жалғас Әділбаев Моңғолия Мемлекеттік Ұлы Хурал төрағасы Гомбожавын Занданшатардың қабылдауында болды.
07 Ақпан, 2020
Жазушы Дулат Исабековтың «Әпке» драмасы сахналанды
Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ермек Исабаевтың айтуынша, аталмыш оқу орны жатақханасының тәрбиеленушілері белгілі жазушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері Дулат Исабековтің «Әпке» драмалық қойылымын сахналауы тамаша жетістіктердің бірі болып табылады. Жатақханадағы «Лира» әдеби клубы мүшелерінің күшімен көрерменге жол тартқан пьеса шәкірттеріміздің театр саласындағы алғашқы қадамы, дейді Ермек Ережепұлы. Солай бола тұрса да, қойылымды тамашалауға келгендер қарасы аз болған жоқ. Мектеп басшылығы, ұстаздар, оқушылар тіптен ана-аналар да келіп, жас өнерпаздардың талпыныстарына шынайы көңілмен қол соқты.
07 Ақпан, 2020
Шайбалы хоккей: Қазақстан Украинаны ойсырата ұтты
2022 жылы алауы тұтанатын Олимпия ойындарының шайбалы хоккейшілер арасындағы іріктеу турниріннің бірі кеше Нұр-Сұлтанда басталды.
07 Ақпан, 2020
18 инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу шаралары жүргізілуде
Бұл жұмыстарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облыстық департаменті «Бизнес пен инвестицияларды қорғау» жобасы аясында жүргізіп келеді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәжілісінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аймақтық департаментінің өкілдері айтты деп хабарлайды аталған орталықтың баспаөз қызметі.
07 Ақпан, 2020
«Біз – Жеңістің мұрагеріміз!» эстафетасы аясында концерт өтті
Алматыда Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Біз – Жеңістің мұрагеріміз!» эстафетасы жалғасуда. Естеріңізге сала кетейік, Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың бастамасымен жүзеге асырылған бұл шара 5 мамырға дейін созылады.
07 Ақпан, 2020