Оқи отырыңыз
Алдағы күндері қысқы спорт түрлері бойынша өтетін екі бірдей дүбірлі додада Қазақстанның ұлттық командасы қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды.
27 Қараша, 2019
Жанкелдин ауданындағы төрт түлік мал өргізген Аралбай ауылында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберіндегі «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, осы сұрапыл соғыстан оралмаған боздақтарға, қуғын-сүргін құрбандарына, 1928 – 1932 жылдары ашаршылықта қаза тапқан жерлестер рухына арнап, «Мәңгілік алау» ескерткіш-белгісі орнатылды.
27 Қараша, 2019
Ақтау тұрғынынан марихуана тәркіленді
«Көкнәр-2019» республикалық операциясы аясында жүзеге асырылған жедел-іздестіру шаралары аяқталуда. Еліміздің көптеген аумағында Шу алқабынан марихуана тасымалдаған азаматтар ұсталды.
27 Қараша, 2019
Жемқорлықтан азат қоғам құру тәжірибесі талқыланды
Соңғы үш жылда елімізде сыбайлас жемқорлық деректері азайған. Transparency Kazakhstan жүргізген сауалдама нәтижесіне сәйкес Қазақстандағы жемқорлықтың себебі көп жағдайда шенеуніктердің азаматтарды әуре-сарсаңға салуынан туындайды. Сондай-ақ қандай да бір мәселе тиісті органдардағы бөлім басшылары деңгейінде шешіліп, пара көлемі 500-ден 500 мың теңге аралығын құраған. Ал шағын және орта кәсіп иелерінің пікірінше, жемқорлық деректері салық, жер басқармасы, аудандық әкімдіктер, полиция, өртке қарсы қызмет, кеден саласында көп кездеседі. Дегенмен де сауалдамаға қатысқандар соңғы жылдарда жемқорлық деңгейі 54,4 пайызға төмендегенін атап өткен. Сұралғандардың әрбір оныншысы мәселенің пара беру арқылы ғана шешілетінін айтса, жетпіс пайыздан астамы бизнес саласының ашық жағдайда жұмыс істеу мүмкіндігі бар екендігін айтады.
27 Қараша, 2019
Өскемендегі Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде жетісулық жас ақын-жазушылармен кездесу өтті. Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған шараға тележүргізуші, жазушы Есболат Айдабосын, журналист Қозыбай Құрман, Мәулен Әнербай, Мұхтар Күмісбек, Медет Жұмабаев, Азамат Нұрмұхан сынды жас ақындар мен дәстүрлі әнші, «Заман-ай» термесінің әнін жазған, сазгер Әліби Бекайдар қатысып, оқырмандардың сауалдарына жауап беріп, руханият, әдебиет төңірегіндегі ойларын ортаға салды.
27 Қараша, 2019
С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың «Коворкинг» орталығында Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі «Тіл-Қазына» ұлттық орталығының бас директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, көптеген прозалық кітаптың авторы, жазушы Әлібек Асқаровпен кездесу өтті.
27 Қараша, 2019
Әдістеме ғылымы – өзіндік ізденісті қажет ететін, қиыншылығы мен қызығы қатар жүретін ғылым саласы. Өзіндік ізденіс зерттеу нысанына алынып отырған тақырыпты оқушыға қалай оқытамыз, оның түпкі нәтижесі қандай болу қажет, не себепті осы тақырыпты игерту керек деген сауалдарға жауап іздеуден тұрады. Басқа ғылым салаларына қарағанда әдістеме ғылымы үнемі өзгеріп, жаңарып, дамып отырады. Бүгін ұтымды болып отырған жүйе заман талабының өресінен шыға алмай қалуы ықтимал. Бұл әдістеме ғылымының қиын сала екендігін танытады. Талмай ізденіп, тәжірибе жинақтап, еңбектің нәтижесін көру әдістеме ғылымының қызықты сала екенін көрсетеді.
27 Қараша, 2019
Жұмысшылар наразылығы туындамасын десек...
Еліміздің қай түкпірінде болсын, сол өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан алға қарай дамуына септігін тигізе алатын қаржылық күш-қуаты мол компаниялар мен корпорациялар бар. Мәселен, Батыс Қазақстан облысында мұндай кәсіпорындар сапында Альянс КПО б.v бар десек, Атырауда «Шеврон», ал Ақтөбеде «СНПС» корпорациясын айтуға болады.
27 Қараша, 2019
Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген Елбасы» көрмесі өтеді
Ертең елордадағы Ұлттық архив Президент Архиві және Ұлттық академиялық кітапханамен бірлесіп Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген Елбасы» атты көрме өткізеді.
26 Қараша, 2019
Көне түркі дәуіріндегі «Хүйіс толгой» ескерткішін орнату рәсімі өтті
Бүгін Моңғолияның Тәуелсіздік күні. 1924 жылы 26 қарашада Моңғолияның алғашқы парламенті (Ұлы халықтық кеңес) Моңғол Халық Республикасының құрылуын жариялап, мемлекеттің алғашқы Конституциясын қабылдады. Бұл күн республиканың ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күні ретінде аталып өтіледі деп жазды twesco.org.
26 Қараша, 2019
Зияткерлік мектеп оқушылары күн энергиясы туралы білгендерімен бөлісті
Таяуда «Күн энергиясы мектептерге» жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде НЗМ оқушылары мен мұғалімдері «Шелл Қазақстан» компаниясының өкілдерімен кездесті.
26 Қараша, 2019
2020 жылы қандай санаттағы қызметкерлердің жалақысы өседі?
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша еңбек қатынастарын реттеу шараларын жетілдіру туралы өткен баспасөз конференциясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жалақысы аз жұмыскерлердің жалақысын арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
26 Қараша, 2019
Қала тұрғындары таңдаған 300-дан аса жоба жүзеге асады
Алматыда «Бюджетке қатысу» қалалық жобасы аясында осы жылдың тамыз айында абаттандыру бойынша тұрғындардың ұсыныстарына дауыс беру басталған болатын. Енді осы ұсыныстардың қорытындысы жарияланып отыр.
26 Қараша, 2019
Испанияның бас шаһары – Мадридте теннистен 2019 жылғы Дэвис кубогының финалдық кезеңі өтті. Бір аптаға созылатын айтулы жарысқа әлемнің ең үздік деген 18 командасы бақ сынады.
26 Қараша, 2019
Өткен аптада футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының Элиталық кезеңінің топтық ойындары аяқталды. «С» тобындағы бәсекелер Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында, ал «В» тобындағы бәсекелер Ресейдің Түмен қаласында өтті.
26 Қараша, 2019
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) сынға түсіп жатқан елорданың «Барыс» клубы «Барыс Аренада» Хабаровскінің «Амур» командасымен кездесіп, қосымша уақытта есе жіберді.
26 Қараша, 2019
Солтүстік Қазақстан облысында соңғы бір айдың ішінде түнгі мезгілде жолға шығып кеткен жылқылардың кесірінен үш жол-көлік апаты болды. Соның ішінде Айыртау ауданында ауыр жүк көлігінің жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан 12 жылқыны соғып кеткен. Мал өліп, жүргізушінің өзі жарақат алды. Жылқышының айтуынша, жылқының бір бөлігі табыннан бөлініп, жолдың жүретін бөлігіне қалай шығып кеткенін байқамай қалған.
26 Қараша, 2019
Синтетикалық есірткі өндірген зертхана жойылды
Елордалық полиция қызметкерлері жеке секторда «жылдамдық» және «Амфетамин» деп аталатын синтетикалық есірткі жасап, оны сатуға дайындаған зертхананы анықтады.
26 Қараша, 2019
Қазақстандықтардың 70%-дан астамы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы біледі. Мұндай қорытынды Қазақстанның барлық өңірінде жазда жүргізілген ірі әлеуметтік зерттеу нәтижесінде жасалды.
26 Қараша, 2019