Оқи отырыңыз
Өткен демалыс күндері футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 31-тур ойындары өтті. Ел біріншілігінің аяқталуына небәрі екі тур қалса да, чемпиондыққа талас қыза түсуде. Жылдағы дәстүр бойынша биыл да Алматының «Қайраты» мен елорданың «Астана» командалары бас жүлде үшін таласуда.
31 Қазан, 2019
Бүгінде нәзік жандылардың қоғамдағы рөлі мен белсенділігі өлшеусіз. Оған мына бір факт арқылы-ақ көз жеткізуге болады. Парламент Мәжілісі депутаттарының 27 пайызы, облыстың, қалалық, аудандық мәслихаттардағы халық қалаулыларының бестен бірі–әйелдер. Басқа салалар бойынша да үлесі жоғары.
31 Қазан, 2019
Электронды қызметтің өңірлік көшбасшысы
Қазақстан – электронды мемлекеттік қызметтерді дамыту бойынша көшбасшы. Бұл туралы Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы барысында Tech Farm басқарушы серіктесі Аман Тентиев мәлімдеді. Оның айтуынша, Қырғызстанның электронды мемлекеттік қызметтердің дамуын қамтитын цифрландыру бағдарламасы 2017 жылы іске қосылды, ал Қазақстандағы электронды үкімет қызметі 13 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
31 Қазан, 2019
Гөбеклітепе кешені туралы фотокөрме ашылды
Елордада Түркия Республикасының 96 жылдығына арналған дипломатиялық қабылдау ұйымдастырылды. Соған орай әлемнің ең көне ғибадатханасы, Түркиядағы Гөбеклітепе кешені туралы фотокөрме ашылды.
31 Қазан, 2019
Елімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында 30 тамыздан бастап «Музейлер шеруі» атты жалпыреспубликалық акция бастау алған еді. Жуырда осы ауқымды шара Қызылжардағы «Абылай хан резиденциясы» музей-кешенінде жалғасын тапты.
31 Қазан, 2019
Күз түсісімен-ақ исі қазақ қыстық соғымын қамдай бастайды. Жағдайы жеткендер ту бие немесе ақта атты құнарлы азықпен жемдеп, қарашадан қалдырмай жығады. Ал құмды өлкедегілер түйенің етін хош көреді. Сары майдай сақталған өркеш жел-құзға ем, құнарлы азық. Енді бұған шамасы келмегендер өгіз немесе тайынша таңдамақ. Екі-үш семіз қойды үйітіп алатындар да бар. Қойдың үйітілген еті дәмді де құнарлы.
31 Қазан, 2019
Көркемсурет музейінде қылқалам шебері Қабдыл-Ғалым Қаржасовтың туғанына 65 жыл толуына орай көрме өтті. Қызылды-жасыл бояуы қанық түстерге толы туындыларынан автордың қоңыр дауысы естіліп, дара тұлғалы келбеті елестеп, өзі салған бейнелер арқылы тіл қатқандай болады.
31 Қазан, 2019
Жаңа жүйенің жетістіктері тұрмысты жеңілдетті
Облыста «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында бүгінгі күн талаптарына жауап беретін қыруар жұмыс атқарылуда. Ауқымды жоба өткен жылдың желтоқсан айынан бастап жүзеге асырыла бастады.
31 Қазан, 2019
Үшінші мегаполисті үздік технология түлетеді
«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Ақылды қала» жобасы қабылданғаны белгілі. Осы «Ақылды қала» жобасының 5 негізгі бағыты бойынша Шымкентте бірқатар жұмыс атқарылуда.
31 Қазан, 2019
ХХ ғасырдың 20-жылдары ел басына түскен аса ауыр нәубетті және оған қарсы тұрған тұлғаларды еске алсақ, алғашқылардың бірі болып ойымызға жас, батыл, жігерлі, елшіл, сұңғыла қайраткер Смағұл Садуақасұлы (1900-1933) оралады.Тіпті осы азаматты аталған кезеңдегі ұлттың намысы, ар-ұжданы десек те қателеспейміз. Ол жастай қабілетті қаламгер, шебер жазушы, сындарлы сыншы ретінде қалыптасты. Еш жерде филологиялық, гуманитарлық жоғары білім алмай, әдебиет пен мәдениет, әлеуметтану мен елтану заңдылықтарын жіті зерделегеніне қайран қаласыз. Сірә, адамға көп нәрсе тек-тамырдан берілсе керек.
31 Қазан, 2019
Нағыз жазушының жеңілістері неғұрлым көп болған сайын оның ешкім жоққа шығара алмас ұлы жеңістері көбейе бермек.У.Фолькнер
31 Қазан, 2019
Жат ағымдардың жетегіне ілесіп, адастырар уағыздардың айтағына бас изеп, ақырында қақтығыс алаңына айналған Сирияға тап болған қандастарымызды елге қайтару ісінде мемлекетіміз тарапынан жүйелі жұмыстар жүргізілгені белгілі. Бұған «Жусан» операциясы дәлел бола алады. Осы орайда, яғни жат жерде басы шырмауға түскен жандарға қол ұшын беруде еліміздің шет мемлекеттердегі дипломатиялық қызметкерлерінің де атқарып жатқан істері мол. Бүгін біз сондай жағдайлардың біріне қатысты мақаланы назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік. Редакция
31 Қазан, 2019
«Болашағы жоқ ауылдар» деген қасаң көзқарастан арылатын мезгіл жетті
Еліміздің алдағы стратегиялық мақсат-міндеттерін жан-жақты тұжырымдап берген Жолдаудың ерекше тұстары маған үлкен ой салды. Оның ішінен шағын ауылдарды дамытуға қатысты өте күрделі проблемалардың күн тәртібіне өткір, ашық қойылуын бөле-жара айтар едім. Осыған орай әзірленген өңірлік стандарттарға үш мыңнан астам негізгі және қанаттас ауылдық елді мекендердің енгізілгені, «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша алдағы үш жыл ішінде 90 миллиард теңгенің бөлінгені қуантады. Бұл қаражатқа көлік, ауыз су, газбен қамтамасыз ету секілді бірінші кезектегі инфрақұрылымдық мәселелер шешіліп, тұрмыстық, мәдени, спорттық нысандар бой көтеретін болады.
31 Қазан, 2019
«Қызғанбаңдар, ақындар, Мақтауға оны қақым бар. Мен туған жер кішкене, Торғай деген аты бар» деп Сырбай ақын жырлаған қойнауында талай тарихты бүгіп жатқан қарт Торғайдың сырын ашу қай азаматтың болсын арманы.
31 Қазан, 2019
Маңғыстауда жол-көлік оқиғасы саны артқанмен, қаза болғандар саны азайған
ІІМ Алқасының кеңейтілген отырысында ел Президенті белгілеген тағы басым бағыттардың бірі – жол қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз ету, оның ішінде жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқан азаматтардың санын азайту болып табылады.
30 Қазан, 2019