Оқи отырыңыз
Белгілі кәсіпкерлеріміздің бірі Райымбек Баталов алғашқы капиталын ешкі бағудан бастағандығын айтқан еді. Тумысынан еңбекқор бозбала кезінде бір топ достарымен бірігіп, асыл тұқымды ешкі өсірумен айналысыпты. Ешкі – өте өсімтал түлік. Кейін жинаған қаржысын басқа табыстарға салған Баталов Қазақстандағы алғашқы мықты бизнесмендердің біріне айналды.
29 Шілде, 2019
Ақтөбе индустриялық аймағының әлеуеті жылдан-жылға өсіп келеді. Мұнда жаңа өндіріс ошақтары бірінен соң бірі құрылуда. Солардың бірегейі – ұсақ, төгіліп қалатын жүктерді тасымалдауға арналған жаңа құрылғы. Оған FIBC KAZAKHSTAN деген ресми атау берілген.
29 Шілде, 2019
Алматыда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті
Алматыда Оқушылар сарайында Медеу ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтіп, алпысқа жуық компаниялар қатысты.
28 Шілде, 2019
Алматы хайуанаттар бағындағы жануарлардың өлу себебі анықталды
Алматы хайуанаттар бағында жануарлардың өліміне қатысты тергеу амалдары аяқталып, парк директорының орынбасары жұмыстан босатылды.
28 Шілде, 2019
Михаил Гурман – «Астана» футбол клубының жаңа басшысы
«Астана» футбол клубының негізгі құрам ойыншылары мен бапкерлер құрамына клубтың жаңа бас директоры таныстырылды. Бұл туралы клубтың баспасөз бөлімі хабарлады.
26 Шілде, 2019
Қырғызстанның «Кабар» агенттігінің тілшілері Абайдың өлеңін жатқа оқыды
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қолдаған эстафетаны «Кабар» қырғыз ұлттық ақпарат агенттігі «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінен қабылдап алып, эстафетаны «ЭлТР» телерадиокомпаниясына, Алыкул Осмонов атындағы ұлттық кітапханаға және Ұлттық ғылым академиясының Ш. Айтматов атындагы Тіл және әдебиет институтына жолдады. Бұл туралы Қырғызстанның «Кабар» ұлттық ақпарат агенттігі хабарлады.
26 Шілде, 2019
Алматы балдырғандары «Samal» кәсіпорнына келді
Оңтүстік астанадағы №184 жалпы білім беретін мектептің «Балдырған» мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагеріндегі демалысты тиімді , әрі қызықты өткізу жоспарланған. Осы мақсатта Алматы қаласындағы «Samal» таза ауыз су өндіру кәсіпорынына балалар тәрбиешілерімен бірге экускурсияға келіп, кәсіпорын жұмысымен танысты.
26 Шілде, 2019
Алматыда арыстық балалар «Өрнек» лагерінде демалуда
Алматы қаласының әкімдігі Арыс қаласының балаларын жазғы демалыспен қамту мақсатында жергілікті бюджеттен 15 млн теңге қаражат қарастырып, 225 оқушы мен 21 мұғалімді Алматы қаласы Оқушылар сарайының «Өрнек» балалар лагерінің базасында демалту жоспарланған болатын.
26 Шілде, 2019
Зағиптар кітапханасында «Жас қалам» оқырмандар үйірмесінде поэзия сағаты өтті
Алматы қаласындағы Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада «Жас қалам» атты жас оқырмандар үйірмесінің поэзия сағатына ақын, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бекжан Әшірбаев келді. Жас оқырмандарға ақындық өнердің қыр-сырлары мен өзінің шығармашылығы туралы баяндаған ақын алғашқы өлең жазған сәттерін есіне алды.
26 Шілде, 2019
Алтай Көлгінов «Нұрлы Жер» бағдарламасымен салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үй кешеніне барды
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов «Нұрлы Жер» бағдарламасымен салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмысымен танысты.
26 Шілде, 2019
Қазақстан Елшісі Сингапур Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
2019 жылғы 25 шілдеде Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Елшісі Аркен Арыстанов Сингапур Президенті Халима Якобке Сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
26 Шілде, 2019
Құрамына жаңа вагондар енген Алматы-Маңғыстау пойызы Маңғыстауға келді
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңының жүрмелі брифингінде №377-378 Алматы-Маңғыстау пойызының бастығы Ырзабаев Бақытбек Иманғазыұлы мәлімдеді.
26 Шілде, 2019
Мейірім Нұрсұлтанов келесі жекпе-жегін Ресейде өткізеді
Орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (11-0, 8 КО) өзінің келесі жекпе-жегін 24 тамызда өткізеді.
26 Шілде, 2019
Алматы облысында жаңа жел электр станциясы пайда болады
«Самұрық-Энерго» АҚ Қазақстанның энергияға тапшы оңтүстік өңірінде жаңартылатын энергия көзінің (ЖЭК) нысанын салуда. Жобаны «Самұрық-Энергоның» еншілес компаниясы – «Энергия Семиречья» ЖШС іске асыруда. Келешекте 300 МВт-ға дейін кеңейтілетін, қуаты 60 МВт жел электр станциясы (ЖЭС) Алматы облысының Шелек ауылында орналасады.
25 Шілде, 2019
Белкөлде орын алған жол көлік оқиғасының ісі нақтыланды
Қызылорда қаласында «Камаз» жүк көлігінің жүргізушісі 4 және 5 жастағы екі қыз баланы қағып кетіп, екі бала да қайтыс болған еді.
25 Шілде, 2019
Жол ережесін сақтамайтындар көбейіп келеді
Қызылорда облысында жол-көлік оқиғаларын реттеу және алдын алу бағытында ұйымдастырушылық шаралар қолға алынуда. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Ибраев 6 ай ішіндегі жол-көлік оқиғаларына қатысты ақпараттарды айтты.
25 Шілде, 2019
Жанкент қалашығында зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр
Қазалы ауданы аумағындағы Жанкент қалашығын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
25 Шілде, 2019
Қызылорда облысында жаңа нысандар пайдалануға берілді
Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов Арал ауданына жұмыс сапарымен барып, өндірістік және әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. Аудан тұрғындарымен кездесті.
25 Шілде, 2019
Балық өңдейтін кәсіпорындар көбейіп келеді
Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов Арал ауданына жұмыс сапары барысында Ақлақ және Көкарал су тоспаларының жұмысымен танысып, балық өңдеу кәсіпорындарының қызметкерлерімен кездесті.
25 Шілде, 2019
Samsung алғашқы жиналмалы смартфонын қайта таныстырады
Samsung алғашқы жиналмалы смартфонын қыркүйекте сатылымға шығаруға дайын. Осыған дейін құрылғының таныстырылымы техникалық қиындықтарға байланысты кейінге қалдырылған еді.
25 Шілде, 2019