Оқи отырыңыз
2019 жылдың І жарты жылдығында 560-тан астам МЖӘ келісімшарты жасалды
Бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз конференциясы барысында Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Такиев Қазақстанда мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту туралы айтып берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
22 Шілде, 2019
Сенаторлар Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды
Парламент Сенатының депутаттары Жеңіс Нұрғалиев пен Серік Бектұрғанов Қостанай облысындағы жұмыс бабындағы сапары аясында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерімен кездесті. Депутаттар кездесуде заң шығару жұмыстары мен республиканың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жоспарлары туралы хабардар етті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
22 Шілде, 2019
Солтүстік Қазақстан-Қытай арасындағы бірлескен жоба
Былтыр М.Қозыбаев атындағы СҚМУ мен Қытайдың Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университеті арасында әріптестік қарым-қатынас орнатылған болатын.
22 Шілде, 2019
Солтүстік Қазақстанда ВИЧ жұқтырған балалар саны төрт есеге көбейген
Бүгінде өңірде иммун тапшылығын жұқтырған науқастардың саны бір мыңнан асса, 14-і – балалар.
22 Шілде, 2019
Ақтауда Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған дзюдодан ашық Азия кубогы аяқталды
Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған дзюдодан ашық Азия кубогы жарысы екі күнге созылып, оған барлығы 11 елдің, атап айтқанда, Әзірбайжан, Гонконг, Иран, Қазақстан, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Испания, Тәжікстан және Өзбекстан сынды елдерден 200-ге тарта балуандар өзара мықтыны анықтады.
22 Шілде, 2019
Биылғы шомылу маусымы басталғалы Маңғыстауда 7 адам қаза тапты
Жазатайым оқиғалардың негізгі себептері судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан және тыйым салынған жерлерде суға шомылудан туындап отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Мұрат Мұханов Сейтмолдаұлы мәлімдеді.
22 Шілде, 2019
Алтай Көлгінов Есіл және Қарасу өзендерінің жағалауын тазартуды ұсынды
Қалалық экоакция 27 шілдеде өтеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов өзінің Тwitter-дегі парақшасында жазды.
22 Шілде, 2019
Эльжана Таниева көркем гимнастикадан әлем чемпионатында төрттіке енді
Мәскеуде көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы бірінші әлем чемпионаты мәресіне жетті. Әлемдік сыннан Қазақстан құрамасы да сырт қалған жоқ. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
22 Шілде, 2019
Қазақстандық шпагашылар әлем чемпионатындағы командалық сында ондыққа енді
Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем чемпионатында қазақстандық шпагашылар командалық сынды аяқтады. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
22 Шілде, 2019
Павлодарда қала күні 5 күн тойланды
Облыс орталығының тұрғындары қаланың туған күнін Ертіс өзені жағалауында қарсы алды.
22 Шілде, 2019
График суретшінің туындысы Гиннестің рекордтар кітабына ұсынылды
Кипрдің Ирфан Гюнсель орталық конгресс залында өткен халықаралық көрмеде қазақ суретшісі Батухан Байменнің картинасы өнерсүйер қауымның жоғары бағасына ие болды. Тіпті мамандар тұтас ұлттың тарихынан сыр шертетін графикалық туындыны Гиннестің рекордтар кітабына ұсынуды лайық көріпті.
22 Шілде, 2019
Бірегей гибридті операциялық зал
Семей қаласындағы Жәдел медициналық жәрдем ауруханасында гибридті хирургиялық операцияларға арналған жоғары технологиялық зал республикадағы жалғыз кешен болып тұр. Бұл гибридті операциялық залдың ерекшелігі сонда, мәселен, жол апатына түскен науқасты бірден бірнеше операция түріне жатқызуға болады. Науқастың жүрегіне және миына ашық тәсілдермен ота жасауға мүмкіндік бар.
22 Шілде, 2019
Жамбылдық құрылысшылардың жұмысы қарқынды
Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Арыс қаласына арнайы барып, өңір штабының жұмысымен танысты. Әкім Жамбыл өңіріне тиесілі 3-сектордағы қаланы қалпына келтіру шараларының барысын көріп, 11 көшенің тұрғындарымен кездесті. Арыс қаласына сапары барысында А.Мырзахметов аталған бөліністегі жергілікті тұрғындардың ой-пікірлері мен ұсыныстарын тыңдады. Сонымен қатар штаб мүшелері мен жұмысшыларға жөндеу жұмыстарын уақтылы әрі сапалы орындауды тапсырды.
22 Шілде, 2019
Жазушы Жұмабай Шаштайұлының «Қызыл қар» повесіндегі көнетоз тонның қойнына И.Тургеневтің «Қарсаңда» романын салып жүретін Жайлау – бүгінде қазақ қоғамы ғана емес, әлем жұртшылығы іздеп жүрген образ. Жаһандық мәселеге айналған «кітап оқымау» хақында сөз қозғай қалсақ, қоңыр әуенге салып, әйтеуір біреулерге көңіліміз толмай, әсіресе жастарға кейістік білдіріп жатамыз. Мұнымыз дұрыс екенін біле тұра, бір уақыт оқырманның бүгінгі тынысын аңдап, сөзге сөз қосуды жөн көрдік.
22 Шілде, 2019
Соңғы кездері Әулиеата өңірінде жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне байланысты түрлі дау-дамайлар көбейіп кеткен болатын. Әрине, сан алуан пікірлерді қамтыған дау әйгілі ақын ескерткішін көшіруге байланысты туындаған еді. Нақты айтсақ, былтыр бұрынғы көк базардың алдында тұрған Жамбыл ескерткіші алынып, ескерткіштің жаңа нұсқасы облыстық әкімдіктің алдына орналастырылды.
22 Шілде, 2019
Жер жәннаты Жетісуда тылсым табиғат жаратқан жауһарлардың бірі Ұйғыр, Кеген аудандарының, «Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің» аумақтарында орналасқан Ерен тоғайы. Бұл облыстың күретамыры саналатын Іле өзенінің бойындағы өлкеміздің бойтұмары сияқты жаратылыстың ерекше құбылысы.
22 Шілде, 2019
«Қайрат» пен «Ордабасы» сүйінтті
Қазақстандық футбол командалары 2019/2020 жылғы Еурокубок ойындарының алғашқы іріктеу кезеңін аяқтады. Чемпиондар лигасында бақ сынаған елорданың «Астана» клубы бірінші айналымда Румынияның ЧФР командасынан жеңіліп, Еуропа лигасына түсіп қалды. Ал Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында Люксембургтің «Женнес» клубымен тең ойнап (1:1), Еуропа лигасымен қош айтысты.
22 Шілде, 2019
Өмір болған соң ерлі-зайыптылардың арасында ыдыс-аяқ сылдырамай тұрмайды. Кейбір отбасылар бір-біріне кеңшілік танытып, кешірім берген жағдайда кешегі ашу бір күнгідей болмай, артынан жаймашуақ күн шығады. Ал сәл нәрсені көңіліне ала берсе шаңырақ түбі шайқалмай қоймайды.
22 Шілде, 2019
Өткен жұма күні, яғни 19 шілдеде мұз үстінде, бар өнерімен күллі әлемді тамсандырған қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, даңқты спортшы әрі еліміздің мақтанышы Денис Теннің бұл фәнимен қоштасқанына да бір жыл толды. Мұзайдынның мұзбалағы саналған Денис Тен 25 жасында қапияда кісі қолынан қаза тауып, мәңгілік сапарына аттанған еді. Қыршын кеткен спортшының артында жоқтаушы жанкүйері мен қалың елі қалды...
22 Шілде, 2019
Болат Манкенов: АІВА орнына жаңа ұйым құрылуы мүмкін
Әуесқой боксқа бейжай қарамайтын әрбір адам қазір бұл жекпе-жектің болашағына алаңдаулы. АІВА-ға төрағалық етіп келген Гафур Рахимов наурызда отставкаға кеткен. Осыдан бірер күн бұрын оның енді қайта сайлануға да құқығы жоқтығы белгілі болды. Себебі аталған ұйымға қатысты дау көбейіп кетті. Ал бокс саласының білгір маманы Болат Манкеновтің сөзіне қарағанда, ғасырға жуық тарихы бар Халықаралық бокс қауымдастығы таратылып, оның орнына басқа ұйым құрылуы да мүмкін.
22 Шілде, 2019