Оқи отырыңыз
«Құтты мекен» – жақсылықтың жаршысы
«Құтты мекен» партиялық жобасы аясында Орталық партия аппараты, партиялық бақылау қызметінің басшысы Дәурен Бижұманов пен «Құтты мекен» партиялық жобасының жетекшісі Нұрлан Баймырзаев бастаған арнайы комиссия «Сарыарқа» магистралды газ құбырының инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымы жұмыстарымен танысты.
18 Сәуір, 2019
Көне Тараз тарихын тану тағылымы
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәдени мұра» бағдарламасының талаптарына сәйкес, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен «Тараз – тарихымыздың алтын діңгегі» атты журналистерге арналған баспасөз туры өтті. Аталған шарада Қарахан, Дәуітбек, Айша бибі, Бабаджа Хатун кесенелері мен «Көне Тараз» ашық аспан астындағы археологиялық саябағына және Ерте Ислам мешітіне саяхат ұйымдастырылды.
18 Сәуір, 2019
Ертең Жамбыл облысында тұман түсіп, бұршақ жауады
Жамбыл облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды деп хабарлайды Қазгидромет.
18 Сәуір, 2019
Бұл сурет 1965 жылдың 25 мамырында АҚШ-тың Льюистон деп аталатын шағын ғана қалада өткен кәсіпқой бокс кешінде түсірілген. Небәрі 4 200 көрермен тамашалаған жекпе-жекте Мұхаммед Әли мен Сонни Листон жұдырықтасып, аса ауыр салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы атағын сарапқа салды.
18 Сәуір, 2019
Қостанай облысына келетін медицина мамандарына жәрдемақы көлемі көбейтіледі
Бұл туралы «Облыстық денсаулық сақтау басқармасы және облыстағы медицина ұйымдарының 2019 жылдың І тоқсанындағы жұмыс қорытындылары және саланы дамытудың стратегиялық бағыттары туралы» деген тақырыпта өткен облыс әкімдігінің кеңейтілген алқа отырысында айтылды. Қазір облыста медицина қызметкерлерінің тапшылығы қатты білініп отыр. 350 дәрігер, 600 орта медицина қызметкерлері жетіспейді.
18 Сәуір, 2019
Азияның үздігі атануға әлеуетіміз жете ме?..
23 сәуірде Қытайдың Сиань қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионатының шымылдығы түріледі. Бес күнге созылатын байрақты бәсеке барысында талай «жан алысып, жан беріскен» айқастың куәсі болатынымыз анық. Осыдан бұрын біз айтулы жарыста Қазақстанның грек-рим күресі шеберлері қандай табыстарға қол жеткізгені туралы мақала жариялаған едік. Ал бүгінгі әңгімеміз еркін күрес жайында.
18 Сәуір, 2019
Көз үйренген «Белорус» тракторы Қостанайда құрастырылады
Өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап бүкіл ауылда Белоруссиядан шыққан кабинасы жоқ «МТЗ» қызыл тракторы болушы еді. Малға да, шөп оруға да, отын тасуға да қызыл тракторды мінбей шаруа бітпейтін. 70-жылдардан бастап МТЗ көкке боялатын болды. Кабина орнатылды. Енді сол трактор Қостанай қаласында құрастырылып, сапқа қойылып жатқанына ешкім таңғалмайды.
18 Сәуір, 2019
Каспий теңізі мәселелері жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысы өтті
16-17 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында Каспий теңізі мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі жұмыс тобының (ЖДЖТ) екінші отырысы өтті деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
18 Сәуір, 2019
Алматыда 49 жастағы Қазақстан азаматы валюта контрабандасымен ұсталды
Бұл туралы ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.
18 Сәуір, 2019
«Nur Otan» партиясы СҚОФ-ның кезектен тыс конференциясы өтті
«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс отызыншы конференциясына ведомство басшылары, аудандар мен облыс орталығындағы бастауыш партия ұйымдарынан сайланған делегаттар қатысты.
18 Сәуір, 2019
Қазақстан және Ұлыбритания: екіжақты стратегиялық әріптестіктің ахуалы мен болашағы талқыланды
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка істері жөніндегі Мемлекеттік министрі Сэр Алан Данканмен өткізілген келіссөздер барысында екіжақты стратегиялық әріптестіктің ағымдағы ахуалы мен болашағын талқылады. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
18 Сәуір, 2019
Оралда жаңа кардиоорталық салынып, №7 емхана ашылады
Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері Орал қаласындағы Достық үйінде бас қосып, білім беру сапасын жақсарту, медициналық қызмет сапасын арттыру, облыстағы агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске қосу, БҚО ҚХА құрылымдық бөлімшелері құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселелерді талқыға салды.
18 Сәуір, 2019
Депутаттар әзірлеген заң жобасы мақұлданды
Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палатаның кезекті жалпы отырысы төрт мәселені қарады.
18 Сәуір, 2019
Жуырда Қазақстан Жазушылар одағы Секретариат мәжілісінің шешімімен 2017-2018 жылдар үшін бірқатар қаламгерге Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы берілді.
18 Сәуір, 2019
Ақын Бағдат Мүбәрактың тұтас поэзиясында екі түрлі күрек бар. Екеуі де ойлы образ бен сырлы сезімнің жауһар жемісі. Әуелі бірінші күрек, яки алтынкүрек хақында бірер сөз айтып бастайық. Ақынның былтыр жарық көрген жаңа кітабына берген осы атауға қарап отырып қатты толқығанымызды жасыра алмас едік. Оған және бірнеше себеп бар. Алтынкүрек – алғаш көктемде желпитін жылы леп, майда самал ғой!.. Оңтүстіктен үзбей соғып, қыстың соңғы қарын күрт ерітетін жылы жел.
18 Сәуір, 2019
Қазақстан-Жапон қатынастары Сыртқы істер министрлігінде талқыланды
Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Жапонияның Қазақстандағы Елшісі Тацухико Касаиді қабылдады. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
18 Сәуір, 2019
Әлеуметтік қолдау бағыты – партияның басты назарында
«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының кезектен тыс XXVІ конференциясы өтті. Шарада партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев жүктеген міндеттердің жүзеге асуы сарапқа салынып, әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстарға шолу жасалды.
17 Сәуір, 2019
Қармақшы ауданындағы Тұрмағамбет ауылының азаматы Зәріп Мысабеков 40 мың шөлмектен керіскедей үй салыпты. Бүгінде алпыс алты асқар белдің асуынан өткен Зәріп ағамыз Беларусь елінде әскери борышын өтегенде бөтелкеден салынған нысандарды аз көрмепті.
17 Сәуір, 2019
Сулы, нулы Қорғалжын өңірі тамылжыған табиғатымен ғана емес, тылсым тарихымен де ерекшеленеді. Сайын дала төсіндегі есте жоқ ескі кезеңнен қалған ескерткіштер бұл далада небір оқиғалар өткендігін бауырына бүгіп қалмай, бүгінгі ұрпаққа сыр қылып, жыр қылып айтып тұрған тәрізді.
17 Сәуір, 2019
Қазақстандық экспорттаушылар қытай әріптестерімен ынтымақтастықты нығайтуда
Шанхай – отандық өнімдерді ҚХР нарығында ілгерілету мақсатында, Қазақстанның Шанхай қаласындағы Бас консулдығы «Silk Road» экспорттық Орталығы, «Қазақстан Ауылшаруашылық өнімдерін экспорттаушыларының қауымдастығы» және «Пионер» ЖШС, «Лепсі балы» ЖШС, «ҚР ӘӨК» ЖШС сияқты бірнеше қазақстандық компаниялар өкілдерінің Қытайға жұмыс сапарын ұйымдастырды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
17 Сәуір, 2019