Оқи отырыңыз
Жүрек сырқатының жаңа себептері анықталды
Жуырда Назарбаев Университет ғалымдары кенеттен жүрек соғуын тоқтататын жаңа генетикалық факторларды ашты. Бұл жаңалық жүрек ауруларының табиғатын жақсы түсінуге және дені сау адамдарда жүрек ауруларының даму қаупінің алдын алуға көмектеседі. Бұл соны жаңалық бірегей зерттеу нәтижелері рецензияланатын Plos One ғылыми журналында жарияланды.
17 Сәуір, 2019
Облыс орталығында №4 емханаға тіркелген 68 мың адамның медициналық карталары электронды құжатқа көшірілді. Емхана күніне 150 бала мен 350 ересек пациентті қабылдайды. Сондай-ақ күнделікті 600-ден астам адам хабарласады екен. Емханада флюорография, рентген аппаратына кезек электронды түрде толтырылады. Сонымен бірге, түрлі бөлімшелік қызмет, сала мамандарының кабинеті, диагностикалық-зертхана кешені, физиотерапиялық бөлім және 30 орынға шақталған күндізгі стационар жұмыс істейді. Цифрлы рентгенография, флюорография, рентген диагностикасы, маммографиялық аппарат, ультрадыбысты зерттеу сканері, заманауи зертхана құрылғыларымен жабдықталған.
17 Сәуір, 2019
Арманы асыл азамат аневризманың алдын алмақ
Әкеге қарап өспейтін ұл, шешеге қарап бой түземейтін қыз болмас, сірә. Қазақ ұясында көргені барды «көргенді» деп сүйсінеді. Бұл тұрғыдан біздің әңгімеге арқау болған жас дәрігер үлгі-өнегеден кенде емес.
17 Сәуір, 2019
Талап күшті, тәртіп қатал болатын
Мен 1962 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінің роман-герман бөліміне қабылдандым. Кейіннен қазақ тілі мен әдебиеті бөліміне ауыстым. ҚазМУ-де оқып жүрген кезімде «Лениншіл жас» газетіне жұмысқа орналастым. Бұл – 1967 жыл еді. Ол кезде айтулы басылымның бас редакторы қызметін Шерхан Мұртаза атқарған. Міне, осындай қарымды қаламгер, ұлжанды азамат, іскер басшының қол астында қызмет ету бақыты маған бұйырды.
17 Сәуір, 2019
Солтүстік Қазақстан әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың өкімімен Руслан Қанатханұлы Әлішев облысы әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
17 Сәуір, 2019
«Баспана Хит» бағдарламасының жылдық үстемесі арзандады
«Баспана Хит» ипотекалық бағдарламасы бойынша пайыздық мөлшерлемелер 11%-дан 10,75%-ға дейін төмендеді. Бұл туралы «Баспана» ипотекалық ұйымы хабарлады.
17 Сәуір, 2019
«Бір терезеге» телмірген еңбек мигранттары
Қазақстан Орталық Азия және өзге де жақын аймақтардағы елдер үшін тартымды еңбек нарығы ретінде қарастырылып келді. Тек соңғы үш жылдың ішінде ішкі істер органдары еңбек мигранттарына Қазақстанда жеке тұлғаларға еңбек етуге 1,5 миллион рұқсатнама беріп, оны ұзартқан. Еңбек мигранттарының саны әсіресе, көктемгі-жазғы кезеңде өсе түседі.
17 Сәуір, 2019
Алқа билер қарымы қайткенде алымды болады?
Халық алқа билер институты өмірге енгенде үлкен өзгерісті күтті. Алғашқыда ол өзгеріс болғандығын да жасырмаймыз. Содан бері 12 жылдан астам уақыт өтті. Енді бүгінде әділдік іздеген жұрт алқа билердің қатысуымен өтетін сотқа жаппай жүгінеді деп айта аламыз ба? Жалпы сапа артып, олар қарайтын істер саны көбейді ме?
17 Сәуір, 2019
«100 жаңа есім» жеңімпаздары ойларын ортаға салды
Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен «PRодвигай себя» өзін-өзі ілгерілету, өзіндік маркетинг және пиар жасау стратегиялары бойынша тренинг өтті.
17 Сәуір, 2019
Ертең еліміздің бірқатар аймағында ауа райы бұзылады
Ертең Ақмола, Қызылорда, Қостанай және Батыс Қазақстан облысы аумағында дауылды ескерту жарияланды деп хабарлайды «Қазгидромет».
16 Сәуір, 2019
Павлодарда кәсіпкерлер ретро стиліндегі дәмхана, стадион салмақшы
Облыс орталығында респбуликалық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына қарасты облыстық филиалында шағын және орта бизнес өкілдері жиналды.
16 Сәуір, 2019
«Бекіре – 2019» балық қорғау акциясы басталды - АШМ
Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз орталығында браконьерлікпен күресу жұмыстары бойынша брифинг өтті деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің, «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК-ның және Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының өкілдері қоғамда орын алып жатқан басқа да сұрақтарға жауап берді.
16 Сәуір, 2019
Ұлжан Байбосынова Халықаралық жыршылар додасының бас жүлдесін иеленді
Дәстүрлі әнші Ұлжан Байбосынова Өзбекстанда өткен Халықаралық бахшы (жыршы) фестивалінде жеңімпаз атанды.
16 Сәуір, 2019
Қызылордада жылу беру маусымының қорытындысы бойынша жиын өтті
Облыс әкімі Қ.Көшербаев ағымдағы жылдың 2 мамырына дейін алдағы жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді, ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін әлеуметтік нысандар бойынша қажетті отын қорын жасақтауды 100 пайызға, тұрғындар бойынша 80 пайызды қамтамасыз етуді, әлеуметтік нысандардың жылу қазандықтарын газға ауыстыру жұмыстарын аяқтауды тапсырды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
16 Сәуір, 2019
Қызылордалық теннисші халықаралық турнирден 2 медаль иеленді
Доха қаласында (Катар) теннистен 14 жас жасөспірімдер арасында өткен халықаралық турнирде жерлесіміз Жақас Қозбақ 2 медаль иеленді. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
16 Сәуір, 2019
17 сәуірде елордада тұман түсіп, көктайғақ болады
Ертең Нұр-Сұлтанда жел екпіні 20м/с дейін күшейеді деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.
16 Сәуір, 2019
Алматы қоғамдық даму басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының түлегі Әлібек Әлденей Алматының қоғамдық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
16 Сәуір, 2019
Ертеңнен бастап № 35, 36 және 103 бағдарлардың қозғалыс бағыты өзгереді
Бағдарлар қозғалысының қалыпқа келтірілгендігі туралы ақпарат қосымша жарияланатын болады деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
16 Сәуір, 2019
Smart Astana қосымшасында жаңа қызмет пайда болды
Қазақстанда алғаш рет медициналық кітапшалардың түпнұсқалығын тексеруге арналған жаңа ақпараттық өнім енгізілді деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
16 Сәуір, 2019
Сенаторлар «Астана» халықаралық қаржы орталығы Сотының басшылығымен кездесті
Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Георгий Ким бастаған комитет депутаттары «Астана» халықаралық қаржы орталығы Соты мен Халықаралық төрелік орталығы қызметінің құқықтық мәселелері бойынша АХҚО Сотының басшылығымен кездесті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
16 Сәуір, 2019