Оқи отырыңыз
Елдің солтүстігінде 2 градусқа дейін үсік жүреді
«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, дүйсенбі, 2 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Қыркүйек, 2024
Параволейболшылар жүлдеге таласады
Бүгін, 2 қыркүйекте Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында ел атлеттері волейболды отырып ойнаудан жарыс жолына шығады, деп жазады Egemen.kz.
02 Қыркүйек, 2024
Ұлттық құрама Паралимпиада ойындарын жеңіспен бастады
XVII Жазғы Паралимпиаданың топтық кезеңіндегі алғашқы матчында волейболды отырып ойнаудан Қазақстан ұлттық құрамасы Франция командасын 3:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Тамыз, 2024
Мемлекет басшысының құмар ойындардан келер қауіп-қатерлердің алдын алу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында салааралық кездесу өтті. Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен ұйымдастырылған басқосуда заңсыз онлайн құмар ойындарға, лудоманияға қарсы күрес мәселелері талқыланды.
30 Тамыз, 2024
Конституция – тәуелсіздік темірқазығы: Дәстүрлі құқықтан демократиялық реформаларға дейін
Тарихқа бойласақ, еліміздің Еуразия кеңістігінде мемлекет болып қалыптасуында сақтар мен ғұндардан бастау алып, көк түріктер, Алтын Орда арқылы сабақтасқан Қазақ хандығы – дербес мемлекеттілігіміздің ең маңызды тұғырларының бірі.
30 Тамыз, 2024
Аудан орталығы Атбасарды жанай өтетін Жабай өзені биыл жазғытұрым арнасынан асып, жағадағы тұрғындардың үйлерін су алып кеткен еді. Бүгінде сол сел сенделткен жұрттың мемлекет салып берген су жаңа пәтердің кілтін алып, мәре-сәре болған қоныстойына куә болып қайттық.
30 Тамыз, 2024
Рухани мәйекке негізделген жаңа экономикалық бағдар
Жолдаудың орындалуы туралы сөз бастамай тұрып, оның қандай жағдайда жария етілгендігіне тоқтала кеткен дұрыс болар. 2023 жылы көктемдегі Парламент сайлауынан кейін депутаттар құрамы өзгеріп, ондағы саяси партиялардың қатары өсті. Партиялық фракциялар күшейіп, ел дамуының көптеген саласын қамтитын маңызды да өзекті мәселелер көтеріле бастады.
30 Тамыз, 2024
«Amanat» АЭС құрылысын қолдайды
Премьер-министрдің және Үкімет мүшелерінің қатысуымен «Amanat» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысы өтті. Олжас Бектенов депутаттарға Президенттің Жолдаулары мен 2023-2029 жылдарға арналған «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасының іске асырылу барысы жөнінде мәлімет берді.
30 Тамыз, 2024
1995 жылы қабылданған еліміздің Ата заңы «Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп жариялады.
30 Тамыз, 2024
Жасанды интеллектіні қолданудағы құқық мәселесі
Бүгінде еліміздегі барлық саланы қамтитын ауқымды құқықтық реформалардың шеңберінде үлкен деректерді және жасанды интеллект технологияларын дамыту және енгізу жүзеге асырылып жатыр. Осыған байланысты алдымызда ашық, тиімді әрі қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ете отырып, қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу тұрғысынан әмбебап іргелі тәсілдемені қосу міндеті тұр.
30 Тамыз, 2024
Бір жылдан аса уақыт қызу дайындық жұмысы жүргізілген Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының басталуына да санаулы күн қалды. 21 спорт түрін қамтитын аламанда спортшылар 97 медаль жиынтығы үшін тартысқа түседі. Дүбірлі дода қарсаңында ұлттық құрама саңлақтары елорда төрінде әзірлікті пысықтап жатыр. Алдағы күндері өзге мемлекеттен келетін командалар да ат басын Сарыарқаға бұрады.
30 Тамыз, 2024
Лудоманиямен күрес: Жыл басынан бері 6 мыңнан астам заңсыз сайт бұғатталды
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің заңсыз онлайн құмар ойындар мен лудоманияға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ведомствоаралық кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Тамыз, 2024
Солтүстік Қазақстан облысында биылғы оқу жылында барлығы 75 976 оқушы мектепке барып, олар 458 мектеп пен 21 колледжде білім алады. Ал мектепке дейінгі білім беру ұйымына 17 мыңнан аса балдырған барады.
29 Тамыз, 2024
Мемлекет басшысы Жетісу жеріне келгенде аграрлы өңір туризм саласына да ден қою керектігін айтқан. Содан бері облыс әкімдігі жаңа жобалар әзірлеп, салаға басымдық берген еді. Әйтсе де Туризм басқармасы жабылып, облыстық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына қарап қалды. Қазір өңірдің туристік әлеуетіне «Vizit Zhetisy» мекемесі жауап береді. Өкінішке қарай, өңірдің туризмдік инфрақұрылымы әлсіз. Мұны сырттан келген қонақтар да айтып жатыр.
29 Тамыз, 2024
Ирландияның Дублин қаласында өткен IGeO-2024 Халықаралық география олимпиадасында озат оқушыларымыз бір күміс және үш қола медальға қол жеткізіп, жүз пайыз нәтиже көрсетті.
29 Тамыз, 2024
«Есірткі қылмысымен күрес жалғасады»
Заманның зұлмат дертіне қарсы күрестің бір сәтке де толастаған күні жоқ. Десе де, есірткінің құлына айналып, өз өміріне балта шауып жатқандар азаймай тұр. Өкініштісі, есірткіге елтігендердің арасында жастар мен жасөспірімдердің саны артып барады. Ал «қара бизнестің» көрігін қыздырушылар адам тағдырын ойыншыққа айналдырып, бас пайдалары үшін бала еңбегін де пайдалануға үйір. Әлемді алаңдатқан қауіпті дертпен еліміздегі күрестің нәтижесі туралы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары, полиция полковнигі Бақытжан ӘМІРХАНОВ айтып берген еді.
29 Тамыз, 2024
Сырдағы жасанды интеллект мектебі
Былтыр Сырдағы жоғары білім саласында айта қаларлықтай жаңалық болды. Аймақтағы білімнің қара шаңырағы – Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен Сеул Ұлттық ғылым және технологиялар университеті «Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жетекші университет» жобасы аясында жасанды интеллект мектебін ашты. Жетіжылдық жоба шеңберіндегі оқу үдерісі үш бағыт бойынша жүреді.
29 Тамыз, 2024
Астанада «Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» атты педагогикалық тамыз саммиті өтті. Онда еліміздегі орта білімнің сапасын көтеру жұмыстарына жан-жақты баға беріліп, осы бағытта жаңа технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектіні пайдалану мәселесі сөз болды.
29 Тамыз, 2024