Оқи отырыңыз
Футзал: «Қайрат» пен Ресей құрамасы тең ойнады
26-28 сәуір аралығында Алматыда футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының «Төрттік финалына» тыңғылықты даярлану мақсатында Алматының «Қайраты» Ресейге аттанып, сол елдің ұлттық құрамасымен жолдастық кездесу өткізді.
11 Сәуір, 2019
Елордада «Тіл тазалығы» акциясы басталды
Астанада «Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мен Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасы бірлесіп Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ғимаратында «Тіл тазалығы – баршаға ортақ іс» атты дөңгелек үстел өткізді.
11 Сәуір, 2019
Мақтаарал ауданында «ақ алтын» 35 мың гектар жерге егіледі
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында 35 мың гектар жерге мақта, 4,5 мың гектарға дәнді дақыл, 100 гектарға күнбағыс, 3,2 мың гектарға көкөніс, 11,5 мың гектарға бақша, 6 мың гектарға мал азықтық дақылдары егілмек.
11 Сәуір, 2019
Сенатор халықаралық деңгейде табыстарға жеткен спортшылардың жайын көтерді
Бүгін Д. Назарбаеваның төрағалығымен өткен Сенат отырысында депутат Мұрат Бақтиярұлы Премьер министр орынбасары Г.Әбдіқалықованың атына еліміздегі өнер және спорт саласындағы колледждерде оқып жүріп, халықаралық деңгейде жоғары жетістікке жеткен түлектер жоғары оқу орындарына түсу барысында кешенді тестілеуден төмен баға алып, мемлекеттік сұраныс бойынша берілген орындарға өте алмауларына байланысты депутаттық сауал жолдады.
11 Сәуір, 2019
Биыл Қызылорда қаласында 50-ге жуық көп қабатты үйді жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Биыл Қызылорда қаласында 50-ге жуық көп қабатты үйді жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бір қуаныштысы, бұл үйлерді қалыпқа келтіруде бюджет қаржысы жұмсалып жатқан жоқ.
11 Сәуір, 2019
Универсиада: Бадминтоннан бәсекелер аяқталды
Қазақстан Республикасының Х-жазғы Универсиадасы бағдарламасы аясында бадминтоннан өткен жарыс өз мәресіне жетті.
11 Сәуір, 2019
Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі
Латын әрпіне көшу – қазақ тілін дамыту мен жаңғыртудағы ішкі қажеттілік. ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы жөнінде: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық», - деген болатын. Бұл мәселені жан-жақты талқылау мақсатында Алматы технологиялық университетінде «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел жиыны өтті.
11 Сәуір, 2019
Шекарашылар есірткі алып өтпек болғандарды ұстады
Солтүстік бағыттағы шекарашылар қызметтік иттердің көмегімен Ресейге өтіп бара жатқан екі жолаушыдан есірткі заттарын тапты. Бұл туралы Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
11 Сәуір, 2019
Еркін күрестен Еуропа чемпионаты аяқталды
Румынияның астанасы – Бухаресте күрес түрлерінен Еуропа чемпионаты өтіп жатыр. Жарыс жолына алғашқы болып шыққан еркін күрес шеберлері арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлер толықтай анықталды.
11 Сәуір, 2019
Ата-аналар мобильді қосымша арқылы мектеп асханасында тамақтың әзірленуін бақылай алады
Дұрыс тамақтану мен спортпен шұғылдану — балалардың бойында мектеп жасында тәрбиелеуге қажетті дағдылар. Бүгінде Қазақстан мектептері мен балабақшаларында сапалы тамақтануды ұйымдастыру мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың ерекше назары аударылған басым бағыттардың бірі.
11 Сәуір, 2019
«Спорт қоғамы жеңісті жолды жалғастырып келеді»
Қазақ спортының тарихынан сырт шертсек, әйгілі «Динамо» спорт қоғамын айналып өту мүмкін емес. Бір ғасырға жуық тарихы бар орталық жеңісті жолды жалғастырып келеді. Еліміздегі динамолық спортшылар Олимпия ойындары, әлем және Азия чемпионаттарында атой салып, алтыннан алқа тағып жүр. Спорт қоғамының қазіргі жай-күйі қандай? Біз осы сауал төңірегінде «Динамо» ДШСҚ төрағасының бірінші орынбасары Асқар ОМАРҚҰЛОВПЕН әңгімелескен едік.
11 Сәуір, 2019
Халықаралық кәсіби шеберлік байқауында ел намысын қорғайды
Бүкіләлемдік «WorldSkills» чемпионатына жыл сайын 70-ке жуық елден ең үздік мамандық иелері жиналып, сала үздігін анықтайды.
11 Сәуір, 2019
Түркістан: Жетісай ауданының диқандары 77 мыңнан астам жерге егін егеді
Түркістан облысы Жетісай ауданында көктемгі дала жұмыстары қарқын алды. Бүгіннің өзінде ауданда 40 мың 310 гектар жер тырмаланған. Енді бірер күнде мақта егу жұмыстары басталады. Болжам бойынша, биыл жетісайлық диқандар 45 мың гектар жерге ақ алтын дән себуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
11 Сәуір, 2019
Қызылордада «Геоақпараттық қызмет» бағдарламасы цифрлы форматта қызмет көрсете бастады
Қызылордада шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында «Геоақпараттық қызмет» бағдарламасы цифрлы форматта қызмет көрсете бастады. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
11 Сәуір, 2019
Ақтау полиция басқармасында «Адалдық дүкені» ашылды
Ақтау қаласы Полиция басқармасындағы «Адалдық дүкенінің» ашылуына Агенттіктің аумақтық департаментінің басшылығы, Полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов, орынбасары Жанар Ерғалиева мен қызметкерлері қатысты.
11 Сәуір, 2019
Мәулен Әшімбаев құрылымдық бөлім басшыларының қатысуымен жиын өткізді
Кеше Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының Орталық аппаратына келіп, жиналыс өткізді. Елбасы кеше Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдаған кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы шешімді қолдап, осы бағытта партияға бірқатар нақты тапсырмалар берді. Соған байланысты партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев партия Орталық аппаратының құрылымдық бөлім басшыларының қатысуымен жиын өткізді.
11 Сәуір, 2019
Сенаторлар «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды
Комитет төрағасы Бірғаным Әйтімова бастаған Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары мен Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаева «Мүмкіндігі шектеулі балаларды құқықтық және әлеуметтік қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру туралы» тақырыбы бойынша дөңгелек үстелге дайындық өткізу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
11 Сәуір, 2019
Жас көшбасшылар кезектен тыс сайлауды қолдайды
Кеше «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында Жастар жылын өткізуге мониторингті жүзеге асыру жөніндегі Қоғамдық кеңес жиыны өтті. Қоғамдық кеңеске еліміздің жастар ұйымдарының төрағалары, көшбасшылары, қоғам қайраткерлер, блоггерлер кіреді.
11 Сәуір, 2019
Ерлігі ел есінде сақталған сарбаздар
1995 жылдың 7 сәуір күні Қарулы Күштеріміздің сарбаздары тәжік-ауған шекарасында қаруланған лаңкестермен шайқасып, ерліктің, қайсарлықтың үлгісін танытты. Тепсе темір үзетін жігіттеріміз шекараны қару-жарақ, есірткі дәлізіне айналдырмақ болған қарулы топқа тосқауыл қойды.
11 Сәуір, 2019
Жасыратыны жоқ, кейбір мамандар қазіргі жастардың бірқатары әскерге баруға немқұрайлы қарайтындығын айтады. Мұның себебін олар армия қатарына алынған 100 мың жастың әр оныншысы әскери қызметке жарамсыз болып келуімен түсіндіреді. Ал негізінде бұл, әлеуметтік сауалнама көрсеткендей, әр үшінші шақырылушының армияға барғысы жоқтығынан туындап отыр екен. Оған себеп ретінде бірқатары армия кезеңі уақытын босқа алатындығын меңзеген көрінеді.
11 Сәуір, 2019