Оқи отырыңыз
Өскеменде көпқабатты үйден өрт шықты: 4 адам құтқарылды
Өскеменде бес қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 10 адам эвакуацияланды, 4 тұрғын құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Тамыз, 2024
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Ақұштап Бақтыгереева жырламаған, толғамаған тақырып жоққа тән. Оның ақындық миссиясындағы бірінші ерекшелік – ел мен жер, қоғамның, халықтың жайы алдыңғы орынға шығады. Өзі өмір сүріп отырған қоғамның беталысына, даму жағдаятына ақын сын көзімен қарап, пайымын білдіріп отырады. Ақұштап ақындығының айбарлы тұсы да осы. Мәселен, «Әділет», «Ауылға хат», «Адрессіз бала», «Ішкіш әйел», «Ерлікті көзбен көрген күн» (ақын Жұбан Молдағалиев рухына), «Бүркіт пен қарға» (ертегі ізімен), «Көк дөненнің кісінеуі (ақын Қадыр Мырзалиев рухына), «Сөйлейді өктемдерді ығыстырып» (Шерхан Мұртазаға), т.б. өлең-жырларында қазақ ұлты мен жұртының жаратылысына тән мінез-құлық, ұлттық характер, адами һәм имани қасиеттер оқырманын еріксіз баурайды.
23 Тамыз, 2024
Теннистен АҚШ-тың ашық біріншілігінің басталуына санаулы күн ғана қалды. Нақтылай айтсақ, 26 тамызда Нью-Йоркте шымылдығы түрілетін жарыс 8 қыркүйекте өз мәресіне жетеді. «Үлкен дулыға» санатына енген дүбірлі додада әлемнің ең үздік ойыншылары өнер көрсетеді. Бақ сынаушылар қатарында еліміздің де теннисшілері бар. Биыл US Open турнирінің жүлде қоры 75 млн долларды құрап отыр. Бұрын-соңды теннисшілердің бірде-бір бәсекесінде дәл осындай қомақты сыйақы тағайындалмаған еді. Бұл – рекордтық көрсеткіш!
23 Тамыз, 2024
Алматыда оқу жылы 2 қыркүйектен басталады
Алматылық оқушылар үшін жаңа оқу жылы 2 қыркүйектен басталады, 1 қыркүйек күні алғашқы қоңырау соғылмайды, деп жазады Egemen.kz.
23 Тамыз, 2024
Көшпелілер ойындарына 2000-нан астам жебе дайындалып жатыр
V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының басталуына 16 күн қалды. Қазір әлем көз тіккен додаға дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Тамыз, 2024
Өзбекстанда робот-журналист пайда болды
Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігі жасанды интеллект негізінде Собир Холдаров есімді арнайы робот-тілшіні жасап шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz ӨзА-ға сілтеме жасап.
23 Тамыз, 2024
Астанада сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйге өтінім қабылдау басталды
Астанада «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 Тамыз, 2024
Жасанды интеллект білім сапасын жақсартады
Биылғы тамыз кеңесінің басты тақырыбы – «Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім». Бес жүз мың ұстаздың басын қосқан жиынның мақсаты – білім саласына жасанды интеллект технологияларының озық үлгілерін енгізу. Пленарлық отырыс халықаралық сарапшылардың қатысуымен өтті. Сонымен қатар «Мектепке дейінгі білім берудегі инновациялар», «Жасанды интеллектіні орта білім беру жүйесіне интеграциялау», «Ауыл мектептерінде оқыту үдерісін цифрландыру» сынды тақырыптар бойынша секциялық отырыстар өтіп, цифрлық көрме ұйымдастырылды.
23 Тамыз, 2024
Елімізде жаңа заң талабы бойынша дәрі-дәрмекті цифлық таңбалау басталды. Енді дәрілік заттар жүйелі жолмен есепке алынады. Денсаулық сақтау министрлігінің айтуынша, бұл нарықтағы бағаны бақылауға мүмкіндік беріп, заңсыз сауданың жолын кеседі.
23 Тамыз, 2024
Суретшілер одағының Шымкент қаласындағы филиалы төрағасы Әбдімүтәліп Ахметов мегаполисте суретшілердің еңбектеріне арналған музей болу керектігін айтады. Бұрынғы Фосфоршылар сарайы мамандардың сараптамалық қорытындысымен бұзылатын болды. Өнер иесі осы мәдениет сарайының орнына салынатын кешен шаһар суретшілерінің туындыларына арналған музей болуға тиіс деген идеясын ұсынды. Өйткені одақтың құрамында бүгінде жиырма шақты бейнелеу өнерінің майталмандары бар болса, олардың суреттері әрқайсысының үйінде сақтаулы. Музей туындылардың қалпын бұзбай, ұзақ уақыт сақталуына және ең көркем, бағалы картиналарды ұлт мұрасы ретінде өзімізде қалуына мүмкіндік берер еді.
23 Тамыз, 2024
Алматыдағы балалар кардиохирургиясы және перинатология орталығында құрсақішілік тағы бір операция сәтті жасалды. Күрделі операция баланың туабітті патологиясын түзеуге септігін тигізіп, сәбидің дүниеге дені сау болып келу мүмкіндігін арттырады екен.
23 Тамыз, 2024
Жауынгерлік дайындық пысықталды
Құқықтық тәртіп әскерінің радиациялық химиялық және биологиялық қорғау мамандарының арасында алғаш рет өткізіліп отырған ведомствоаралық полигондық жұмыс аяқталды.
23 Тамыз, 2024
Атырауда 153 түлек әкім грантын иеленді
Биыл Атырау облысы әкімінің білім гранты 153 түлекке берілді. Оның ішінде медицина саласын таңдаған 84 жас бар.
23 Тамыз, 2024
Ұлт дамуындағы серпінді жоспар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары экономикалық дамудың жаңа парадигмасын іске асыруды көздейді. Халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған стратегиялық жоспар Біріккен Ұлттар Ұйымының 2030 жылға дейінгі Орнықты даму мақсаттарымен тығыз астастырылып, жүйелі сабақтастырылған.
23 Тамыз, 2024
Көптен бері қаржылық ортада талқыланып, бірқатар қарама-қайшы көзқарастың туындауына себеп болған жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) төмендету мәселесі ақыры шешімін тапты. Жақында ғана Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы бірлескен қаулыны бекітті.
23 Тамыз, 2024
Мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі саралануға тиіс
Экономикамыздағы қордаланған мәселелер бәрімізге таныс. Басты себеп – шикізатқа тәуелділік. Еңбек өнімділігі төмен, инновация жеткіліксіз. Мемлекеттік бағдарламалар ішкі жалпы өнімге (ІЖӨ), экономиканың дамуына мультипликативті деңгейде әсер ете алмады. Бұл сегментте ақ пен қараның арасындағы миллион түрлі түс бар екенін мойындамайтын KPI жүйесі қалыптасқанын, бұл мәселе бұған дейінгі жоспар-жобалардағы басты қателік екенін сарапшылар күні бүгінге дейін айтады. Бюджетке түсетін қаржы бизнестен салық түрінде жиналып, сосын дәл осы бизнесті қолдап, ынталандыратын мемлекеттік бағдарламаларға жұмсалады екен. Бір сөзбен айтқанда, тұйық шеңбер.
23 Тамыз, 2024
Дүниежүзілік көшпелілер ойындарына 40 жылқы қатысады
Әлем көз тіккен көшпелілер ойындарында дәстүрлі бәйгеден еліміздің атынан 40 тұлпар қатысады. Іріктеу кезеңінің нәтижесінде 24 тұлпар таңдап алынды. Ал қалған жүйріктер осыған дейінгі көрсеткіштері арқылы жолдамаға ие болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Тамыз, 2024
Елімізде 13,8 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді
1 тамыздағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 835 шетел азаматы еңбек етеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
22 Тамыз, 2024
Студенттер жатақхана мәселесі бойынша қайда хабарласуы керек
Алматы қаласында Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ахуалдық орталығы ашылды, деп жазады Egemen.kz.
22 Тамыз, 2024
Алматы облысының Іле ауданындағы 9 жекеменшік балабақшаның құрылтайшылары қамауға алынды. Бір айдың ішінде 29 жекеменшік балабақша жабылып, мемлекетке 729,0 млн шығын келтіргені үшін тағы бірнеше құрылтайшының үстінен қылмыстық іс қозғалып жатыр. Бұл жөнінде Қонаев қаласында өткен тамыз кеңесінде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев мәлімдеді.
22 Тамыз, 2024