Оқи отырыңыз
Таяуда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті физика-техникалық факультетінің аудиториясында «АЭС – елдің энергетикалық қауіпсіздігінің негізі» атты дөңгелек үстел өтті. Онда саланы меңгерген мамандар мен зерттеуші ғалымдар өзара пікір алмасты.
01 Қараша, 2023
Жаңа бюджет саясаты бұлыңғырлықтан біржола арылтуы керек
Еліміз мемлекеттік қаржы саясатын жетілдіруге ден қойды. Жаңа Бюджет кодексі Парламенттің қоржынында жатыр. Ол – қоғам үшін өзекті. Күні бүгінге дейінгі қолданыста болған нұсқасында қамтылмаған мәселе көп еді. Осы олқылықтың орнын жаңа кодексте толтыру Парламенттің біліктілігіне сын болайын деп тұр.
01 Қараша, 2023
Ананың сүтімен, атаның қанымен берілетін тума таланттар елімізде жетерлік. Солардың бір бөлігі өмірлерін әскери саламен байланыстырады. Бүгінгі кейіпкеріміз сержант Жұмабек Рахымовты біз Ұлттық ұлан академиясынан кездестірдік. Ол музей бастығы болып еңбек етеді.
31 Қазан, 2023
Асан АҚЫШЕВ: Әскердің әлеуеті – байланыс жүйесінде
Екі жылдан бері 31 қазанда еліміздің Қарулы күштерінде «Әскери байланысшылар күні» аталып өтіледі. Қазіргі уақытта заманауи технологиялар дамыған сайын әскери саланы байланысшылардың қызметінсіз көзге елестету мүмкін емес. Өйткені кез келген шешім мен іс-әрекеттің жедел орындалуы байланыс жүйесінің көмегімен жүзеге асады. Атаулы күнге орай біз Қорғаныс министрлігінің Бас штабы Байланыс департаментінің бастығы, полковник Асан Ақышевты әңгімеге тартқан едік.
31 Қазан, 2023
Аlmaty Ballet Theatre сахнасында дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан Ballet Globe халықаралық балет фестивалі Қазақстанның мәдени өміріндегі маңызды іс-шараның бірі ретінде көпшілікке танымалдығы артып келеді. Әлемнің ең дарынды хореографтары мен бишілері өнер көрсететін балет фестивалі биыл айрықша пішінде ұйымдастырылды. Айта кету керек, Алматы қаласы Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2023-2024 жылдардағы мәдени және туристік астанасына айналды. Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалық етуіне орай халықаралық балет фестивалі де әдепкі классикалық бағытынан бас тартып, заманауи стильдегі жаңа бағдарламаны таңдады.
31 Қазан, 2023
Көлікті қысқы кезеңге қалай дайындау керек?
Қыс мезгілінің қатал аязы адам үшін де, автомобиль үшін де ерекше сынақ, сондықтан осы кезеңге дайындықты байыппен қараған жөн. Осы тұста Шығыс Қазақстан облысының ТЖД қызметкерлері көлікті қысқы мезгілге қалай дайындау керектігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Қазан, 2023
Елордадағы ең көне театрлардың бірі саналатын М.Горький атындағы академиялық орыс драма театры ұзақ уақытқа созылған күрделі жөндеуден кейін төл ғимаратында 123-маусымының шымылдығын ашты. Шығармашылық ұжым тамаша сәтті тағатсыздана күткен көрермендеріне Қ.Жүнісов пен И.Сединнің «Әлия» тарихи драмасын тарту етті.
31 Қазан, 2023
Келесі жылдан бастап заң қазақ тілінде жазылады
Мәжіліс депутаты Абзал Құспан 2024 жылдан бастап Үкімет заңды қазақша жазатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.
31 Қазан, 2023
Қарағандыда қаза тапқан кеншілердің табысы қанша еді?
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Костенко атындағы шахтада қаза тапқан кеншілердің жалақысы қанша болғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Қазан, 2023
Бас прокуратура «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қатысты тергеу жүргізіп жатыр
Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Костенко атындағы шахтасында болған оқиғаларды тергеуді жалғастырып жатыр. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
31 Қазан, 2023
Павлодар әскерилері майдангерді ғасырлық мерейтойымен құттықтады
Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Алмасбек Бұхарбаев және «Қарулы Күштер ардагерлері» РҚБ облыстық филиалының төрағасы Жан Қаратаев екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан Мария Курбатованы жүз жасқа толған мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
31 Қазан, 2023
Мәңгілік досым Несіпбек Айтұлының қазасы қабырғама қатты батты – Жүрсін Ерман
Ақын, «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері Жүрсін Ерман «Qazaqstan» Ұлттық арнасының «Таңшолпан» бағдарламасына сұхбат берді.
31 Қазан, 2023
Үкімет мүшелері қаза тапқан кеншілерді бір минут үнсіздікпен еске алды
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтада орын алған өртке қатысты жағдай қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
31 Қазан, 2023
«Жылжымайтын мүлік», «сібір жарасы», «қар барысы» секілді сөздер қате аудармалар – Анар Фазылжан
Тілдің тұнығын лайлауға калька аударманың да зардабы орасан. Сара сөздің салмағын екшей алады деген сала мамандарының (өзіміздің әріптестеріміз) өзі калька аударманы қаптатып қолданады. Мағынасына мән беруден бұрын аталуына алдымен екпін салып, сөзбе-сөз аудару белең алып барады. Бұған дейін де осы тіркес тұрақты түрде қолданылды, әлі де саптан сызылып қалған жоқ. «Сибирская язва» деген кеселді біз «сібір жарасы» деп қолданып жүрміз. Қазақтар ертеден кеселдің осы түрі адамға шапса, «күйдіргі» деп атаған. Ал төрт түлікке жабысса, әр малға қатысты өзіндік атауы да болған. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжаннан калька аудармаға қатысты пікірін сұрап, сұхбаттастық.
31 Қазан, 2023
Бір-бірінің қуанышын еселеп, басына түскен қиындығын тең бөліскен Қазақстан мен Түркия – тамырластығы терең, бауырластығы берік елдер. Тәуелсіздігіміздің елең-алаң шағында мемлекетіміздің азаттығын алғашқылардың бірі болып таныған бауырлас елмен байланысымыз да жан-жақты. Қос елдің арасын бекемдете түскен экономикалық, әскери, мәдени байланыстар жыл өткен сайын тереңдеп келеді. Осы елдің ғасырлық мерейтойы қарсаңында Түркия Республикасы Коммуникациялар басқармасының басшысы Фахреттин Алтунның мақаласын арнайы ұсынып отырмыз.
31 Қазан, 2023
Марат Қарабаев: Қазақстан тиімді географиялық позицияға ие
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында «Стратегиялық маңызы бар міндеттің бірі – көлік-логистика саласының әлеуетін толық пайдалану» деп атап көрсетті. Сарапшылардың пайымдауынша, бүгінде жер бетінде жаңа экономикалық кеңістік қалыптасып жатыр. Бұл елдер арасындағы логистикалық байланысты нығайтып, тауар тасымалының көлемін еселейді. Экономиканы күшейтеді. Бәсекені арттырады. Тоғыз жолдың торабындағы Қазақстан үшін мұның қандай әсері болмақ? Мұндай зор әлеуетті пайдалану қолымыздан келе ме? Осы тектес сауалдарды Көлік министрі Марат Қарабаевқа қойып көрген едік.
31 Қазан, 2023
Кеншілер зейнетке ерте шығуға тиіс
Елімізде кеншілер мен металлургтердің, мұнайшылар мен уран өнеркәсібіндегі мыңдаған ауыр еңбекті кәсіп ететін жұмысшылардың зейнет жасын төмендету мәселесі көптен айтылып келеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бұл түйткіл жыл соңына дейін шешіліп қалатындай.
31 Қазан, 2023
«Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады» деген даналыққа ден қойған Балқаш ауданының диқандары ерте көктемде 7 000 гектар суармалы жерге күріш дақылын сепкен еді. Ақ күрішті ала жаздай күтіп-баптап, оның өніп-өсуіне күш салған аудан шаруалары осы күні орақты аяқтауға жақын. Бүгінде аталған егіс көлемінің 5 454 гектары шабылып, оның 3 846 гектары бастырылды.
31 Қазан, 2023
«Қазақстанның үздік тауары» деп аталатын көрмеден бәрін табуға болады. Өңкей отандық бірегей өнім. Бірі – ұлттық нақышпен бәдізделген ыдыс-аяқ, бірі – доңғалағынан басқасы өзімізде өндірілген ауылшаруашылық техникалары, енді бірі – ішкі нарықты місе тұтпай, жаһан сұранысын қанағаттандырып отырған кәбілдік құбырлар. Бұлардан басқа өңірде кеңінен танымал болған қаншама өнім енді республикалық көрменің ажарын ашып тұр.
31 Қазан, 2023
Батыс Қазақстан облыстық онкологиялық диспансерінде өңеш пен асқазан қатерлі ісігіне хирургиялық операция жасаған кезде тігудің жаңа әдісі қолданыла бастады. Осы тәсілмен операция жасалған 80 науқастың ешқайсында асқыну болмай, жазылуға бет алған.
31 Қазан, 2023