Оқи отырыңыз
Бағлан Алшынбаев Сәтбаев қаласындағы №2 өрт сөндіру бөлімшесінде қарауыл бастығы болып қызмет істейді.
19 Қазан, 2023
Олар – аптап ыстықта, саршұнақ аязда да әрдайым сапта. От пен су, желдің өтінде, қауіп пен қатердің бел ортасында жүрсе де олар үшін адам өмірін құтқару – ең жоғары миссия. Жылдамдық, ептілік пен батылдық – құтқарушыға тән қабілет. Біздің елімізде осы бір қиын да, қызықты мамандықты өмірінің мәніне айналдырған адамдар аз емес. Олардың өмірі мен еңбегі талайға үлгі.
19 Қазан, 2023
Депутат мәртебесі қалай талқыланды?
Сарғайған газет беттеріне үңілсек, Егемендік туралы декларация қабылданар тұста Жоғарғы кеңестің жұмысы қауырт болғанын байқаймыз. Мәселен, «Социалистік Қазақстан» газетінің 1990 жылғы 20 қазандағы нөміріндегі мақалада депутаттардың мәртебесіне қатысты мәселе талқыланған.
19 Қазан, 2023
Шетел асқан қазақ баласы ата-анасын іздеп жүр
Кейінгі 20 жыл ішінде шетелдіктер елімізден 10 мыңға жуық бала асырап алған. Отанынан отбасын таппаған балдырғандардың жартысынан көбі АҚШ асқан көрінеді. Солардың бірі – 1999 жылы Тараз қаласында туып, 2000 жылы америкалық отбасы асырап алған Пол Сардар Бабкок есімді қандасымыз.
18 Қазан, 2023
Еліміздің қалмақтармен бірнеше ғасырға жалғасқан, бірде үзіліп, қайта өршіп отырған шайқасы 300-350 жылға созылыпты. Әбілғазы баһадүр 1603-1604 жылдары қалмақ әскері Хорезмге шабуыл жасады деп жазады. Қалмақ қолының қазақ жері шекарасынан бойлай өтіп, Орта Азия аумағына дейінгі кеңістікке сұғынып кеткенін баяндайды. Оларға қатты соққы берген Есім хан бастаған қазақ әскері 1627 жылы қалмақтарға шабуыл жасады, қалмақтар амалсыз кейін шегінеді. Бұдан кейін Жоңғар одағын құрған қалмақтармен бірнеше жойқын ұрыс, кескілескен майдан болғаны тарихтан мәлім.
18 Қазан, 2023
Қазақстанда көлік салығы сақталатын болды
11 қыркүйекте Ұлттық экономика министрлігі көлік салығын алып тастау туралы ұсыныс жасалғанын хабарлаған еді. Бүгін ведомство басшысы Әлібек Қуантыров бұл мәселеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Қазан, 2023
Президент: қазақ-қытай қатынастары стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейіне жетті
Мемлекет басшысы Қытайдың Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің төрағасы Ван Хунинмен келіссөз жүргізді, оған ілтипат білдіре отырып, оны аталған лауазымға сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 Қазан, 2023
Ақын Несіпбек Айтұлын ақтық сапарға шығарып салды
Бүгін Астанада Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ақын Несіпбек Айтұлының жаназа намазы оқылып, ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Қазан, 2023
Мемлекет басшысы: «Цифрлық Жібек жолы» жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
Мемлекет басшысы «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастығының III форумында сөйлеген сөзінде аса ірі жоба – Транскаспий халықаралық көлік бағытының ерекше рөліне назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 Қазан, 2023
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бір белдеу, бір жол» 150 елді жолмен жалғап отыр
Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастығының III форумының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 Қазан, 2023
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жазасы қатаңдатылады
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында халықты жұмыспен қамту шаралары қаралды. Мұнымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесі де отырыстың күн тәртібіне шықты.
18 Қазан, 2023
Көгілдір отын Қарағандыны көк түтіннен құтқарады. Әйтпесе, дәп күздің қара суығынан бастап Қарағанды аспанын қою қара түтін басады. Енді бұйырса, бірер жылда қаланың көзі ашылып, тынысы артады. Көшеге тартылған газды тұрғындар үйіне кіргізіп алудың қамын жасап жатыр. Жергілікті билік пайызсыз несие, әлеуметтік көмек қарастырып қойған.
18 Қазан, 2023
Елімізде 4,4 млн жеңіл автомобиль бар болса, соның 4,7 мыңы – электр энергиясын тұтынатын көліктер. Қазір электромобильдер отандық автопарктің 0,11 пайызын құрап отыр. Әрине, электрмобиль тізгіндеу ел тұрғындары үшін біршама қымбатқа түседі. Әрі оны қуаттайтын бекеттер де тапшы. Дегенмен халық арасында көліктің бұл түріне қызығушылық бар. Ал әлемде электрмобиль өндірісі алапат қарқынмен артып келеді.
18 Қазан, 2023
Төлеген АБДУЛЛИН: Автожолдардың бүгіні мен келешегі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа арнаған биылғы Жолдауында республика көлеміндегі және елдерді жалғайтын транзиттік магистралдарға айрықша мән беріп, «Автокөлік жолдарының құрылысы мәселесі шешімін табуға тиіс» деген еді. Оған қоса автожолдар жұмысы үнемі өз бақылауында болатынын да үнемі ескертіп келеді. Негізі Президент бұған дейін де республика экономикасын сауықтырып, өркениетті елдердің алдыңғы сапына ұмтылу үшін автожолдарды, теміржолдарды, әуе және су жолдарының сапасын арттырып, дүниежүзілік талаптарға сай ретке келтірілуін Үкіметке тапсырғаны мәлім. Осы тапсырмаға орай 2029 жылға дейінгі жоба-жоспардың жоралғысы жұрт назарына ұсынылды. Десек те, бұл бағыттағы нақты жұмыстар бұдан бірнеше жыл бұрын басталғаны анық. Қазіргі игі шаралар сол жұмыстардың жалғасы.Расында да, республикадағы арналы бағыттың бірі – автожолдар. Сол себептен Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген АБДУЛЛИНДі әңгімеге тартқан едік.
18 Қазан, 2023
Әкімшілік құқық бұзушылық үшін ұсталғандарды арнайы қабылдау орындары бар. Жақында Атыраудағы осындай орында психолог кабинеті ашылды. Мақсат – ішімдікке салынған, отбасылық тұрмысы төмен адамдарға жеке және топтық сеанс түрінде кеңес беру.
17 Қазан, 2023
Елімізде жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір үлгісі – орман қорларын қорғау, сақтау, көбейту, қалалы жерлерде, далалы аумақтарда, елді мекендерде түрлі ағаш көшеттерін көптеп отырғызу ісіне кейінгі жылдары мемлекеттік деңгейде маңыз беріліп, көңіл бөлініп келеді. Бапталған бағдарламалар аясында сан салалы шаралар мақсатты түрде жүйелі атқарылып жатыр.
17 Қазан, 2023
Өткен жылдары «Дәрі қымбат, бәрі қымбат» деп жазғанымыз бар еді. Сол дәріңіз сол қарқыннан танбай келеді. Көше бойы, тұрғын үйлердің астынан жарнамасы көз тұндырып, жарқылдаған жарығы жанарды қарып есік ашқан дәріханаларды көргенде нарық талабына сай, бәсеке артып, баға төмендер деп үміт шырағын жағасың. Бірақ ол үмітің ақталмайды.
17 Қазан, 2023
Он алты шумақ өлеңі үшін он сегіз жылын түрмеде өткерген ақын, актер Шахан Мусиннің өмір өткелі ауыр, шығармашылық жолы тауқыметті өрілді. Өнер шежіресіне, сахна әлеміне бұралаң-бұлтарысы жетерлік, қатерлі де сұсты сүрлеумен енген әйгілі жерлесіміздің туғанына биыл 110 жыл толып отыр.
17 Қазан, 2023
Жазушы еңбегінің салмағын ешкім өлшей алмас, сірә. Жазу – азап, жазу – мехнат, тіпті «тәтті тамұқ». Жазушы үшін жазудан қиын һәм жазудан оңай дүние жоқ секілді. «Әдебиетті ардың ісіне» балаған бұл қауым әрқашан әдебиеттің әділетін көре бермейді. Атақ-даңқ, марапат пен қошемет жанын жеп жазған қаламгердің бәріне бұйырмайтынын да тарих дәлелдеді. Ал лайықты жазушы еңбегі еленіп, мойындалып жатса, қаламның құдіретіне көзің жете түседі. Әлқисса.
17 Қазан, 2023
«Өскен жерін қимай кетіп барады»
Тыраулап ұшқан тырналар тізбегіне ұзақ қарағанда әлдебір тылсым сезім бойыңды билеп алады. Тіршілік иесі болған соң олар да үн қатады. Не айтады екен? Құстың тілін кім білген... Тылсым үн құпиясы ашылмаған күйде қала береді. Көкжиек төсіне сызғылап сурет салған құс біткен көз ұшынан алыстай түседі. Пешенеге жазылған тағдыр парақтарының бірінен соң бірін жауып бара жатыр ма деп ойға шомасың. Ал бізге ұшарға қанат жоқ...
17 Қазан, 2023