Оқи отырыңыз
Jas Leader – жаңа дағдылар мектебі
Әр баланың бойындағы қабілетті оятып, қатарының алды болуға жетелеу – ата-ана мен мектеп мұғалімдерінің қоғам алдындағы өзектілігін жоймайтын қарызы мен парызы. Бірақ осынау көкейкесті мәселені қозғау бар да, оны нақты іске асыру оңай іс емес. Бұл алтын уақытты ғана емес, айтарлықтай капиталды да қажет ететін шаруа.
21 Шілде, 2022
Баға мониторингі – қымбатшылықты ауыздықтауда нәтижесіз
«Әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерінің бағасына мониторинг жүргізіп, арнайы жұмыс топтарының отырыстарын өткізу қымбатшылыққа тұсау сала алған жоқ». Осылай деген Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев бағаны ырқына көндіру үшін қосымша көтерме-тарату орталықтарын салу керек екенін айтты.
21 Шілде, 2022
Басты басымдық – жұмыспен қамту
Мемлекеттің басты ұстанымы – халықтың әл-ауқатын арттыру. Әсіресе түрлі жобалардан босатылған адамдарды тұрақты жұмыспен қамтуға басымдық беріліп отыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова өткізген кеңесте нақ осы мәселеге баса назар аударылды. Министр жергілікті атқарушы билікті жұмыскерлердің еңбек құқығын қорғауға, жанжалдарды болдырмауға, «Теңіз» кен орнындағы жобадан босатылғандарды жұмысқа орналастыру шараларына тартуға шақырды.
21 Шілде, 2022
Абай облысына газ қашан тартылады?
Абай облысы көмірді көп тұтынатын өңірлердің қатарына кіреді. Бұл өз кезегінде экологияға әсер етпей қоймайтыны белгілі. Сондықтан да өңірге газ тарту күн тәртібіндегі мәселенің біріне айналды.
20 Шілде, 2022
Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстардың салқыны әр салада бізге де тиіп жатыр. Біршама уақыт бұрын көрші мемлекетке салынған санкциялардан кейін Қазақстан кинотеатрларында Голливуд фильмдері көрсетілмей қалуы мүмкін деген күмән күшейген еді. Кинонарықтағы өнімдердің 70-80 пайызы ресейлік дәлізбен келетіндіктен, бұл, әрине, көрермен мен отандық дистрибьюторларды алаңдататын жағдай. Осы орайда Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев еліміздегі киноөндірісті дамыту мәселелеріне арналған кеңес өткізіп, қазіргі уақытта шетелдік компаниялармен барлық қажетті келіссөз жүргізіліп жатқанын айтқан болатын.
20 Шілде, 2022
Жер дауының көбеюі – ел дамуына кедергі
Жер дауының салқыны ел дамуына да тиіп отыр. Әсіресе ауыл шаруашылығымен айналысатын өңірлер үшін бұл мәселе өткір. Өкінішке қарай, аталған жағдайдан Алматы облысы да ада емес.
20 Шілде, 2022
Қызыл құрт араласқан су ішіп отыр
Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Сөгеті және Мамай елді мекендерінің тұрғындары таза судың тапшылығын көріп отыр. Қамыққан халықтың жабыққан көңілін табуға жылдар бойы жергілікті атқарушы билік қауқарсыз болып келген.
20 Шілде, 2022
Ағыбайдың анасын неге ұмыттық?
Балалары үш жүзге сауын айтып, ас берген атақты Есбайдың есімі қазір ел жадынан өше бастаған. Даланың ауызша тарихынан хабары бар кісілер бұл астың шамамен алғанда ХІХ ғасырдың 60-жылдары өткенін білер еді. Аста бәйгеге екі жүзден астам ат шапқан екен. Бірінші жүлдеге елу жылқы, тай тұяқ жамбы және сегіз қанат ақ орда тігіліпті. Осының өзі-ақ астың қандай ауқымда өткізілгенінен хабар берсе керек...
20 Шілде, 2022
Экологиялық хакатонға қатысушылар Маңғыстау облысының қоршаған ортасын жақсартуға бағытталған жобаларды ұсынбақ. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл іс-шара – QazaqGeography республикалық қоғамдық бірлестігі EcoBatys ауқымды бастамасы шеңберінде іске асырып жатқан EcoVision жобасының бір бөлігі.
20 Шілде, 2022
Павлодар қаласында бейберекет әрі заңсыз салынған құрылыс нысандары көбейіп барады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жергілікті әкімдік өкілдеріне алдағы уақытта нақты құрылыс жобаларына рұқсат құжаттарын беруден бас тартуды ұсынып отыр.
20 Шілде, 2022
Ақтөбе облысының Құрметті азаматы, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Хамит Өтеуұлы – асқаралы белесті бағындырған жан. Жасы жетпісті орталаса да, бүгінде дала төсін төрт түлікке толтырып, бірнеше ауыл тұрғынын жұмыспен қамтып отыр. Қазір ол басқаратын «Алтын Әсел» ЖШС қазақтың жартылай қылшық жүнді құйрықты қойын өсіреді. Төрт түліктің бейнетін көрсе де, туған жері Ырғыз ауданы Қарақұдық ауылын тастамаған Хамит ағай әйелі Айсұлумен сегіз бала өсіріп, барлығын да азамат етіп қалыптастырды. Бұл кісінің азаматтық ұстанымы – туған жерге адал қызмет ету, кісілікті жоғалтпау.
20 Шілде, 2022
Қазақстанда оқу жылы екі аптаға ұзаруы мүмкін
Қазақстанда оқушыларға оқу жылын екі аптаға ұзарту жоспарланып отыр. «Ашық НҚА» порталында Оқу-ағарту министрлігі бұйрығының жобасы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Шілде, 2022
Қазақстанда сүт зауыттары жабылуы мүмкін
Дайын өнімдер субсидияланбаса сүт зауыттарының жабылып қалу қаупі бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Шілде, 2022
Аптап ыстық: Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы
Қазгидромет 20 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Шілде, 2022
Өткен тәулікте 2 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлағандай, өткен тәулікте 1959 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, деп жазады Egemen.kz.
20 Шілде, 2022
Дүниежүзілік ойындар мәресіне жетті
АҚШ-тың Алабама штатының Бирмингем қаласында ұйымдастырылған XI Дүниежүзілік ойындар мәресіне жетті. Мұхиттың арғы бетінде өткен халықаралық додада Қазақстан құрамасы спорттың сегіз түрінен сынға түсіп, барлығы 4 медаль (1 алтын, 2 күміс, 1 қола) жеңіп алды. Нәтижесінде, Қазақстан делегациясы Португалиямен бірдей көрсеткішке ие болып, жалпыкомандалық есепте 37-сатыға тұрақтады. АҚШ-та барлығы 73 елдің спортшылары жүлдеге қол жеткізді.
20 Шілде, 2022
Техникалық университетте хирургиялық құрал-жабдықтар жасалуы мүмкін
Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ басқарма төрағасы-ректорының міндетін атқарушы Сәуле Рахметуллина баспасөз брифингін өткізді. Журналистермен кездесуде жоғары оқу орнының басшысы университеттің 2021-2022 оқу жылындағы жетістіктерімен таныстырды.
20 Шілде, 2022
Жыл басынан бері Абай облысында 28 сәби қайтыс болған. Осы ретте өңірдегі ана мен бала өлімін азайту үшін арнайы жол картасын әзірлеу көзделіп отыр.
20 Шілде, 2022
Сақтанбағанға судан да қауіп бар
Жаз маусымы қызған сайын жағажайда демалған жұрттың қарасы көбейіп тұр. Бірақ адамдар от пен судың да қатері барын қаперден шығарып алмау керек екенін үнемі ескере бермейді. Ал мұндай жағдайлардың көбі қайғылы оқиғамен аяқталып жатады. Өкініштісі, бұл қаралы тізімге енгендер арасында Алматы облысы тұрғындары да азаймай тұр.
20 Шілде, 2022
Екі мектеп пайдалануға беріледі
Биылғы оқу жылында Семейдің білім беру қоры екі жаңа мектеппен толығады. Мәселен, Шығыс кентінде 1 200 оқушыға арналған мектеп ашылса, Степной кентінде 300 орындық мектеп балалардың игілігіне беріледі.
20 Шілде, 2022