Оқи отырыңыз
Бай-өлке музейі: Қобда беті қазақтарының қазыналы ордасы
Жуықта Бай-Өлке аймағына барған сапарымызда өңір тарихынан сыр шертетін мәдени мекеме орталық музейге ат басын бұрдық. Бұл мәдени ошақ – аталған өлкеге келіп қоныстанғанына 165 жыл толып отырған осындағы қазақтардың этнографиясы, тұрмыстық мәдениеті һәм тарихынан сыр шертетін бірден-бір қазыналы орда екен.
01 Қыркүйек, 2022
Түркінің тасқа қашалған тұңғыш төлқұжаты табылды
Жуырда Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясы Археология институтының біріккен ғылыми археологиялық экспедициясы Номғон алқабында Күлтегін мен Білге қағанның әкесі, Түркі қағандығын қайта дәуірлеткен ұлы Құтлық Елтеріс қағанның кешені мен жазуын тапқан еді. Тарихи оқиғаға орай Халықаралық Түркі академиясы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде арнайы баспасөз мәслихатын өткізді.
31 Тамыз, 2022
Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан 2022 жылғы 24 тамызда сайланған Парламент Сенатының депутаттарын тіркеу мәселесі бойынша Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
31 Тамыз, 2022
Белгілі бір елдің конституциялық дамуы нәтижесінде түпкілікті және біркелкі құжат қалыптасатын бірізді процесс емес. Бұл – мемлекеттік даму басымдықтарын, қоғамдық мүдделерді, сондай-ақ жалпы әлемдік трендтерді көрсететін және тиісінше өзгерістер мен толықтыруларды талап ететін маңызды құжат. Дәл осы қағидаға сүйене отырып, АҚШ, Франция, Германия сияқты дамыған елдер конституцияларына өзгерістер мен түзетулер енгізуді жалғастырып келеді.
31 Тамыз, 2022
Ұлттық банк тамыз айында макроэкономикалық сауалдаманы жариялаған еді. Сауалдамаға Қазақстан бойынша макроэкономикалық көрсеткіштерді талдаумен айналысатын 11 ұйым қатысты. Респонденттер қатарына нарықтағы кәсіби қатысушылар, зерттеу институттары, халықаралық ұйымдар мен рейтингтік агенттіктер кірді. Келешекте бұл тізімнің аясы кеңейтілуі мүмкін.
31 Тамыз, 2022
Оқу жылы басталмай жатып мұғалімдердің көңіл күйі бұзылды. Себебі дене шынықтыру және еңбек пәндеріне өзгерістер енгізілген. Тарқатып айтқанда, 2022-2023 оқу жылы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» №604 бұйрығының күші жойылуымен және Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» №348 бұйрығын қолданысқа енгізу бойынша жаңашылдығымен басталмақ.
31 Тамыз, 2022
Құланнан тарқатылған түп шежіре
Орталық Азияны отанына айналдырған түркілер «еуроцентристердің» жасанды пікірі бойынша: «шетінен көшпенді өмір сүріп, тұрақты мекендерді салмаған». Ғылымға негізделмеген осындай қияли пікірлерді әшкерелейтін, отырықшы мәдениетінің орталығы болған Орталық Азия түркілерінің қалалары мен тұрақты мекендері қола дәуірінде пайда болып, ен жайып, тарихтың кейінгі кезеңдерінде ірі қалаларға айналған.
31 Тамыз, 2022
Семей полигонының ардагерлеріне көмек
Жыл сайын жергілікті атқарушы органдар Семей сынақ полигонының ардагерлеріне атаулы күндерге немесе мереке күндеріне, оның ішінде Жеңіс күніне, Отан қорғаушылар күніне, Семей полигонының жабылу күніне немесе Тәуелсіздік күніне әлеуметтік көмек көрсетеді. Биыл Семей сынақ полигонының 7,6 мың қазақстандық ардагері біржолғы материалдық көмек алды.
31 Тамыз, 2022
Медициналық қызметке шағым көбейіп тұр
Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында айтылғандай, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының 1406 Бірыңғай байланыс орталығы алғашқы жартыжылдықта халықтан денсаулық сақтау мәселелері бойынша 400 мыңнан аса арыз-шағым қабылдады. Бұл орайда ТМККК мен МӘМС шеңберіндегі медициналық қызметке қатысты шағым 1,7 есе – 6,5 мыңнан 11,1 мыңға дейін өскен.
31 Тамыз, 2022
Әдетте, шырақшы деген сөз халқымыздың бай сөздік қорындағы «шамшырақ» деген сөздің буындас-тұлғалас нұсқасы екені белгілі. Байырғы дос, байыпты ғалым Балтабай Әбдіғазиұлының азаматтық сыр-сымбаты осы «шырақшы» деген сөзге шыншыл балама болып қабылданып, шырақ деген ұлттық термин заттық мағынадан рухани мазмұнға ұласып, оның дидактикалық-риторикалық, лексикалық-семантикалық, әлеуметтік-философиялық реңін ажарлай, байыбын базарлай түседі.
31 Тамыз, 2022
Ел егемендігін енді алған сындарлы сәтте ұлт үшін қызмет көрсетудің озық үлгісін көрсеткен айдарлы азаматтардың қатарында Ережеп Мәмбетқазиевтің есімі зор ілтипатпен аталады. Қаншама жастың арманына жол тапқан «Болашақ» бағдарламасы, үш тұғырлы тіл саясаты, тестілеу жобасы, өңірлік университеттердің құрылуы, жоғары мектеп академиясын құру сынды ғалымның бірқатар еңбегі – сол бір елең-алаң шақта дүниеге келген жобалар. Еліміздің ертеңі үшін кідірмей жұмыс бастап кеткен Қазақстанның алғашқы Білім министрінің ғылым жолындағы осынау толағай табыстары жайында әңгіме өрбітсек дейміз.
31 Тамыз, 2022
Сабырхан Асанов есімі бізге Мұқағали Мақатаев арқылы таныс-тын. «Сабырханға» атты арнау жырында: Қызылқұмда ізіміз қалар ма екен, Іздеген жан біздерді табар ма екен? Адасармыз, адассақ, қарамай-ақ, Кел екеуміз кезейік жалаң аяқ», – деуші еді ақын. Қызылқұм – Әмудария мен Сырдарияның аралығындағы жусан, сексеуіл, құмқияқ аралас өсетін құмды алқап, сортаң шөл дала. Сабырхан Асановтың туған жері де осы маңда, осы өңірге жақын.
31 Тамыз, 2022
Мінез өлеңде де болады. Бұлқынған. Әділ. Қайсар. Өр. Өлеңдегі мінез ақынның даусына дауыс қосады, ойға бір ғаламат күш беріп, қара түндегі теңіздей шулатады. Жағаға ұрған ақкөбіктенген толқын-жырлар дәл жүрек тұсыңа келіп соғады. Сондағы ақынның алапат сезімі жер-әлемнің бар сырын шайып өткендей сойқан әсер қалдырады. Иә, бұл – рухты поэзия. Шын ақын қашанда өз заманының бейнесін көреді. Ақиқатын іздейді, жалғанын айтады. Үшінші Анна да қоғамының шын болмысын таныды, әділетсіздігін көрді, жазды, һәм жазғаны үшін жазықты болды.
31 Тамыз, 2022
Google-ден контентті өшіріп тастауды жиі өтінеді
Қазақстан Google-ден контентті өшіріп тастауға өтініш беру бойынша әлемдік рейтингте үшінші орынды иеленеді. Internet Freedom құқық қорғау ұйымының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен алған ақпараты бойынша 2014-2022 жылдар аралығында Қазақстанда 95 мыңнан астам интернет-ресурс бұғатталған.
31 Тамыз, 2022
Біз еркіндіктің не екенін қыранға қарап түсіндік. Қанатын кеңге жайған ғажайып құс алып аспанның алақанында қалқып жүргендей. Шырқау биікте қалықтаған бостандық бейнесі қазақтың арманын арқалап бара жатқандай. Отанды сүю оңай емес, қыранның мұзарт шыңға асыққанындай алапат күй. Біз картинаға қарап ұлттың еркіндікке құштарлығын көреміз.
31 Тамыз, 2022
Көне түркі дәуірінің жаңа ескерткіштерін ашқан ғалымдар марапатталды
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі, Халықаралық Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің төрағасы Саясат Нұрбек бұрын зерттелмеген көне түркі ескерткіштерін тапқан түрколог ғалымдарды марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Тамыз, 2022
Білім күні елімізде 80-ге жуық мектеп ашылады
Оқу жылының басталуына қарай 80-ге жуық жаңа мектеп ашылады. Жыл соңына дейін барлығы 230-дан астам мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
31 Тамыз, 2022
Өткен жылғы Жолдаудың іске асырылу қорытындылары айтылды
ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Президенттің Жолдауында таяу кезеңдегі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтары белгіленетінін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Тамыз, 2022
«Еңбек-Қызылжар» кәсіпорнының басшысы парамен ұсталды
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ІІМ ҚАЖК «Еңбек» ШЖҚ «Еңбек-Қызылжар» РМК филиалында жемқорлық фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz Антикорға сілтеме жасап.
31 Тамыз, 2022
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Тамыз, 2022