Оқи отырыңыз
Адамның шыққан тегі қандай екенін шежіреге сүйеніп бағдарлайтын қазақтың танымы тереңде. Біз өткенімізді білмей, болашағымызды болжай алмаймыз. Осыны ескерсек, бір әулет бүтін Отанның бір бөлшегі болып шығады. Оған Талдықорған мемлекеттік архивінде өткен «Атадан қалған асыл мұра» атты отбасылық қордың ашылуында көз жеткіздік. Аталған қорға «Андас» әулетінің құнды заттары табысталды.
13 Шілде, 2022
Танымдық хабарлар көп болса екен
Баршаға белгілі, елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету ісінде бұқаралық ақпарат құралдары елеулі рөл атқарады. Осы таяуда ғана Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында «Qazaq radiocy» радиостансасы мен «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы басшыларының Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарымен марапатталуы жоғарыдағы сөзімізге дәлел бола алады.
13 Шілде, 2022
15-24 шілде күндері АҚШ-тың Орегон штатындағы Юджин қаласында жеңіл атлетикадан XVIII әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Бұл жарыста 192 мемлекеттен келетін 2 мыңға жуық спортшы бақ сынайды деп күтілуде. Одан бөлек, босқындар құрамасы жеке команда жасақтауды көздеп отыр. Дүбірлі дода барысында барлығы 49 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.
13 Шілде, 2022
1997 жылы Семей облысы Шығыс Қазақстан облысына қосылғанда, семейліктердің жандары жүдеп, жабырқап, тоқырағандай күй кешіп еді. Әрі сол жылдар халықтың да жағдайының әлсіреген тұсы, айдалада қаңырап қалғандай абыржып, қосылған облысқа жатырқай қарай жүріп, бірте-бірте үйреніскен-тін.
13 Шілде, 2022
Құбырмен бірге үзілген қос тағдыр
«Теңіз» – Атырау облысындағы көмірсутекті шикізаты мол ең ірі кеніштің бірі. Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласынан шамамен 150 шақырымдай қашықта орналасқан. Кен орны іске қосылғаннан бері халықаралық маңызға ие бірнеше жоба іске асырылды. Ал қазір келешек кеңею және ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасының құрылысы жүріп жатыр.
13 Шілде, 2022
Әлемде бидай мен ұнға сұраныс артты
Әлемдік нарықта бидай мен ұнға сұраныс едәуір артты, деп хабарлайды Egemen.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
13 Шілде, 2022
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасына деректеріне сілтеме жасап.
13 Шілде, 2022
Еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық болады
Қазгидромет 13 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Шілде, 2022
Бұрандалы сорғы шығаратын зауыт іске қосылды
Ақтау қаласында жылына 2 400 бұрандалы сорғы шығаратын зауыт ашылды. Жобаның құны – 5 млн еуродан асады және өндірісте 100-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылады деген жоспар бар.
13 Шілде, 2022
Тамырынан тектілік дарыған Алан Бөрібаевтың өнердегі әр қадамы әлем назарында. Жыл сайын музыка тіліндегі жарқын жобаларымен тыңдарманын тәнті етіп жүрген дарынды дирижердің «Астана Операның» ІХ театр маусымының жабылуына дайындаған тартуы – «Парижден кәдесый» авторлық бағдарламасы.
13 Шілде, 2022
Қазақ туризмі TikTok-та насихатталады
Заманына сай саз керек дегендей, дәл осындай әдіспен ел туризмін насихаттау, ұлан-байтақ даламыздың өз отандастарымыз да әлі көрмеген сұлулығын жарнамалау бірінші рет қолға алынып отыр десек те болады. Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Kazakh Tourism ұлттық компаниясы қысқа бейнероликтерді қарау мен жасауға әбден төселген TikTok платформасымен бірге TravelKazakhstan республикалық кампаниясын қорытындылады.
13 Шілде, 2022
Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Шыңғыс Тоқанов XXIX халықаралық «Туймаада» оқушылар олимпиадасында 1 орынды жеңіп алды.
13 Шілде, 2022
Джокович Надальдан оза ала ма?
Лондондағы аса беделді Уимблдон турнирі Новак Джоковичтің жеңісімен аяқталғаны өздеріңізге мәлім. Сербияның саңлағы финалда аустралиялық Ник Кирьосты ұтып, «Үлкен дулыға» санатындағы жарыстардың 21 дүркін жеңімпазы атанды.
12 Шілде, 2022
Теннистен «Үлкен дулыға» санатындағы ең маңызды төрт турнирдің бірі – «Уимблдонда» жеңіске жеткен қазақстандық теннисші Елена Рыбакина дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні елге оралды. Еліміздің әйелдер арасындағы бірінші ракеткасын елорда әуежайынан спортшының туыстары, достары, шенеуніктер, БАҚ өкілдері және жанкүйерлері күтіп алды.
12 Шілде, 2022
Ыстамбұл қаласында 23 маусым мен 3 шілде аралығында түркі суретшілерінің көрмесі өтті. Оған Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан елдерінен суретшілер қатысты.
12 Шілде, 2022
Қазақстанның төрт өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Қазгидромет синоптиктерінің мәліметінше, 13 шілдеде еліміздің бірқатар аймақтарында шаңды дауыл күтіледі. Бірқатар өңірде төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Шілде, 2022
«AMANAT» партиясының жастар қанаты «Жастар Рухы» болып өзгерді
Бүгін «AMANAT» жастар қанатының кезектен тыс VI Съезі өтті. Онда жастар қанатын трансформациялаудың жаңа бағдарламасы қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Шілде, 2022
Ресейде маймыл шешегі анықталды
Ресейде маймыл шешегінің алғашқы жағдайы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Роспотребнадзорға сілтеме жасап.
12 Шілде, 2022
Үздік тауар өндірушілер анықталды
Шығыста «Қазақстанның үздік тауары-2022» байқауының дәстүрлі кезеңі өтті. Үздік тауар сайысында Шығыс Қазақстан және Абай облысының 70-тен астам тауар өндірушілері өз өнімдерін таныстырды.
12 Шілде, 2022
EURO-2024: Іріктеудегі қарсыластар анықталды
Өткен аптада Швейцарияның Ньон қаласында футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының негізгі іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. 2021 жылғы жаһандық додада төртінші орынға ие болған Қазақстан құрамасы жеребе қорытындысы бойынша бесінші топқа түсті. Іріктеудің негізгі кезеңінде жерлестеріміз Словения және Черногория құрамаларымен бірге элиталы кезеңнің жолдамасын сарапқа салатын болды.
12 Шілде, 2022