Оқи отырыңыз
Комбустиологтердің бірегей операциясы
Елордада №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасының комбустиолог-мамандары жалыннан термиялық күйген төрт жасар пациентке бірегей операция жасады. Бала денесінің 50%-ы зардап шеккен. Күйік салдарынан мойынның, екі иық пен білек буындарында қозғалысты шектейтін терең тыртық қалған. Ота пациентке МӘМС жүйесі бойынша тегін жасалды.
23 Маусым, 2022
Сәулелі диагностика – денсаулық кепілі
Қарағанды облысында медицина саласын заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге баса мән беріліп келеді. Мұның өзі пациенттерге дер кезінде диагностикалық көмек көрсетуге, ем-дом жасауға айтып-жеткізгісіз жәрдем беретіні сөзсіз.
23 Маусым, 2022
Жастарды еңбекке баулудың бір жолы – «Жасыл ел» еңбек жасағына тарту. Биыл Атырау облысында аталған жобаға 1 756 жас тартылатыны жоспарланып отыр.
23 Маусым, 2022
Көпбалалы аналар баспанамен қамтылып жатыр
«Бірқабатты Шығыс» өңірлік жобасы аясында биыл Зайсан қаласында 2 пәтерлі 35 үйдің құрылысы қарқынды түрде жүріп жатыр. Аталған бағдарлама аясында 2020 жылы Сауыр шағын ауданында 18 қос пәтерлі 36 тұрғын үй көпбалалы отбасыларға берілген. 2021 жылы Сауыр шағын ауданында 62 көпбалалы отбасы тағы да «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасымен 31 қос пәтерлі 62 тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
23 Маусым, 2022
500-ге жуық шомылу орны белгіленді
Қазақстанда шомылуға рұқсат етілген 497 орын белгіленіп, оның ішінде 142-сі – коммуналдық, 341-і – жеке жағажай және 14 орынның иелерін бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов айтты.
23 Маусым, 2022
3 мыңнан астам алтын құйма сатылды
2022 жылдың мамыр айында екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пункттерінде жалпы салмағы 92,7 кило 3 316 алтын құйма сатылды.
23 Маусым, 2022
Жаңа экспозицияның тарихи құндылығы мол
Қазақстан полициясының құрылғанына 30 жыл толуына орай Әскери тарихи мұражайда Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан тарихына арналған экспозиция ашылды. Осылайша, Қарулы Күштердің әскери тарихи музейі жаңа экспозициямен толықты. Экспозиция «Ішкі істер органдары және Ұлттық ұлан тарихы» деп аталады.
23 Маусым, 2022
Жаңа Қазақстанды құруға қадам жасалып жатыр. Демек бәрі жаңаруы қажет. Осы орайда кәсіп ашып, отандық экономиканы өркендетуге үлес қосуды көздейтін кәсіпкерлер жетерлік. Алайда олардың кейбірі бұрынғыша алдынан кесе-көлденең қойылатын кедергіден құтыла алар емес. Кәсіпкерлер «Атамекен» ҰКП-ның Атырау өңірлік филиалына өздері тап болып отырған 35 мәселені шешіп беруді ұсынған.
22 Маусым, 2022
Үздік ауруханада үлгілі іс көп
Адамдардың мүлде ауырмағаны жақсы, әрине. Дегенмен науқастанып қалғандардың бүгінде сапалы емдейтін, білікті дәрігерлері бар ауруханаға немесе емханаға таңдау жасайтыны мәлім. Бұл орайда көпшілік Түркістан облыстық клиникалық ауруханасын таңдайды екен.
22 Маусым, 2022
Қазақстандық мұғалім – Apple компаниясының тренері
Әлемге әйгілі Apple компаниясы жыл сайын оқытушыларға арналған Apple Certified Trainer курстарын өткізеді. Биыл аталған курстан өткендер қатарында Германия, Ирландия, БАӘ, Мысыр, Үндістан секілді елдердің педагогтерінен бөлек қазақстандық мұғалім де бар.
22 Маусым, 2022
Соңғы уақытта Ақкөл Жайылмадағы Исабек ишан кесене кешеніне келушілер көбейді. Қазақстанның киелі жерлері географиясына енген кешенге Ресейден де ат басын бұратындар баршылық. Осы орайда, алыс жолды артқа тастап келетін зиярат етушілерге кешен басында қолайлы жағдайдың жасалғаны дұрыс. Осыны қаперіне алған Исабек ишан ұрпақтары 30 орындық қонақүйдің құрылысын бастап кетті.
22 Маусым, 2022
Жақсы шығарма, әдемі картина, әуезді ән, сұлу мүсін – бәрі-бәрі шын таланттан туады. Біз мұны өнер дейміз. Кейде шығармашыл жандардың өз өнерінен бөлек тағы бір талантты қыры танылып жатады. Мүсінші балшық илеп отырып, ән салуы мүмкін. Композитор ыңылдап отырып, сурет салуы мүмкін. Яки суретшілер де жақсы жаза алады. Әлқисса.
22 Маусым, 2022
Головкиннің «Канеломен» жекпе-жегіне билет сатыла бастады
Танымал қазақстандық спортшы Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің үшінші жекпе-жегі АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Маусым, 2022
ХҚКО қызметкерлерінің жалақысы өседі
Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Бағдат Мусин «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясындағы қызметкерлердің жалақысы өсетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
22 Маусым, 2022
Қиыр-шиыр жолдар шартарапқа тартылған жол өтіндегі Маңғыстауда жол жағдайын жіті және тұрақты назарда ұстамаса бүгінгі жолдың ертең-ақ тозып кетері анық. Бірақ өңірде кәсіби жол мамандарының жетіспеушілігі жылдар бойы шешімін таппай келеді.
22 Маусым, 2022
Қарабастан аумайды арқар енді...
Жазға салым Қарабас тауындағы арқар біткен Тарбағатайдың биігіне қарай ойысатын. Шекара шебіндегі шоқыда ақсақ-тоқсағы ғана қалар еді. Кейін «Тарбағатай» ұлттық табиғи паркі құрылып, арқардың дені Қарабастан аумайтын болды. Қорғауда екенін жарықтық жануар да сезеді ғой. Көктемде ғана инспекторлар Қарабастан елу шақты арқар санаған.
22 Маусым, 2022
Әскери теңізшілердің арнайы жаттығуы өтті
Каспий теңізінің қазақстандық секторында іздестіру-құтқару іс-қимылдары бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
22 Маусым, 2022
Тез дайындалатын тағамның тауқыметі
Тез дайындалатын тағамның дәмі тіл үйіретін шығар. Асыққан адамның уақытын үнемдеуіне де қолайлы болар. Алайда дәрігерлер оны нәрлі тағамның қатарына жатқызбайды. Өйткені түрлі айықпас дертке ұшыратуы мүмкін мұндай тағамның тауқыметі аз емес. Соған қарамастан, бүгінгі қоғамның бар буыны тез тағамға әуестігін тежей алмай отыр.
22 Маусым, 2022
Жастардың проблемасы жетерлік. Биік мінберлерде айтылып-ақ жүр. Шешу жолдары да ұғынықты. Енді сөзден іске көшетін кез келді. Қаңтар оқиғасының ортасынан көбіне жұмыссыз жастар табылғандығын ескерсек, пайдалы жобаларды жүзеге асыратын уақыт жетті. «Жаңа Қазақстан» идеясының мақсаты да сол емес пе?!
22 Маусым, 2022
Ілгері адымдаған Іле ауданы әлеуметтік мәселеден де ада емес
Жетісудан енші алған Алматы облысының негізгі арқа сүйері өндіріс ошақтары екенін мамандар саралап отыр. Яғни енді аймақ экономикасының дамуына аумақтағы ірілі-ұсақты өндіріс орындары сеп болмақ. Өйткені облыстың өнеркәсіп өнімі көлемінің 35 пайызын осы аудан шығарады.
22 Маусым, 2022