Оқи отырыңыз
13 мамырға арналған ауа райы болжамы
Синоптиктердің болжауынша 13 мамырда Қазақстанның батыс, шығыс және солтүстік-шығыс бөліктерінде құбылмалы ауа райы сақталады. Жаңбыр жауып, найзағай болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Мамыр, 2021
Адамзат тарихын қанмен айғыздаған қатерлі кезеңнің қасіреті қылқалам шеберлерінің кенебінен тыс қалған жоқ. Әсіресе, тұтас қоғам ауыртпалығынан гөрі жеке тағдырлардың жан күйзелісін бедерлеуде суретшілер шығармаға жан бітірді, қасірет шеккен ананың, қайғы уын жұтқан жесірдің, әкесін күткен жетімнің ішкі халін дәл берді.
13 Мамыр, 2021
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдығына орай «Ең бірінші бақытым...» атты республикалық студенттер айтысы өтті. Айтулы дәстүрге айналған жыр додасына 10 ақын қатысып, сөз сайысының көрігін қыздырды.
13 Мамыр, 2021
Халық үніне құлақ асатын орталық
Кей жағдайда қала тұрғындарының арыз-шағымдарына жергілікті билік тарапынан тиісті ресми жауап кешігіп жатады. Сол екі ортада жұртшылық әбігерге түсіп, билік пен бұқараның ортасында түсініспеушілік орын алатыны белгілі.
13 Мамыр, 2021
Өткен жылдың 1 қыркүйегінде электронды аукцион онлайн сервисі іске қосылды. Ал 23 желтоқсанда мұнайды барлау және өндіру құқығын беру бойынша алғашқы онлайн аукцион өткізілді. Екінші аукцион осы жылдың 23 сәуірінде аяқталды.
13 Мамыр, 2021
Мас жүргізуші – қауіпті қылмыскер
Мас күйінде көлік жүргізгендерге заң жазаны қатайтқанына қарамастан, «ащы су» ішіп алып, темір тұлпар тізгіндейтіндер айыл жияр емес. Бұған Қостанай облысының тәртіп сақшылары өткізген «Мас жүргізуші – қылмыскер» атты екікүндік алдын алу шарасы дәлел бола алады.
13 Мамыр, 2021
Қолды болып жатқан қараусыз мал
Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, өткен жылы өңірде 11 мың қараусыз жүрген мал қамалған, 78 мал ұрлау оқиғасы тіркеліп, жалпы саны 322 бас мал ұрланған. Полицейлердің жедел әрекеті нәтижесінде 104 мал өз иелеріне қайтарылған.
13 Мамыр, 2021
Балаңыздың қауіпсіздігі – бәрінен маңызды
«Бала – бауыр етің» деген сөзді жиі қолданамыз. Өйткені өзегіңді жарып шығып, ұйыған қаннан ұядағы балапанға айналған құлыншақтың құдіреті адамның ет жүрегін елжіретіп, жүзіңе қуаныш, жүрегіңе жұбаныш сыйлайтыны анық. Баяғыда бір анадан «Қай балаңды қатты жақсы көресің?» деп сұрағанда: «Ауырған баламды жазылғанша, шығып кеткен баламды оралғанша, кіші баламды өскенше жақсы көремін. Кеудемдегі жүрегім тоқтағанша, бәрін жақсы көріп өтемін» деген екен.
13 Мамыр, 2021
Қылмыстық процестің жаңа форматы оңай әрі қолайлы
Елордалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінде Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановтың қатысуымен ведомствоаралық кеңес өтті. Кеңес барысында қылмыстық процестің жаңа форматындағы жұмыс барысы кеңінен таныстырылды.
13 Мамыр, 2021
Қазақстанда 15 сәуір – 15 мамыр аралығында «Киік» акциясы өтіп жатыр. Іс-шараның басты мақсаты – жойылып кету қаупі бар жануарларды браконьерлерден қорғау және санағын алу. Ғылымда «мамонттардың құрдасы» саналатын, қазақ ежелден киелі деп есептейтін ақбөкен әлем бойынша жойылып бара жатқан жануар саналады.
13 Мамыр, 2021
«Қазақстаным!» деп, қаламы жүйткіп тұр
Мамандығы эколог-химик болғанымен, Юрий Серебрянский – белгілі жазушы, ақын, «100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы. Мәдениеттанушылық қыры және бар. Жуырда А.Пушкин атындағы облыстық кітапханада Дүниежүзілік кітап күніне орай жазушымен онлайн форматта кездесу өтті.
13 Мамыр, 2021
Хантәңірден қанат қаққан қайраткер
Отыз екінші қара сөзінде: «...ғылымды, ақылды, сақтайтұғын мінез деген сауыт болады. Сол мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады», деп Абай айтпақшы, ақыл сауытын серік етіп, сенім деген бағдарға қатал қадам басқан, адамдық қалыбынан танбаған бір адам болса, ол – профессор Әділ Ахметов аға болуы керек.
13 Мамыр, 2021
Алтын бесік ауылдың базары тарқап, ажары тайды деп баз кешетініміз бар. Бірақ тұрмысын тіктеп, тіршілігін түзер тиімді жол ұсынарда, тартынып қалатынымыз тағы рас. Әйтпесе, ауылдың іргесін сөкпей, берекесін төкпей түтінін түзу ұшырар жол көп қой. Соның бірін былтыр ел Президенті ұсынды.
13 Мамыр, 2021
Ядролық келісімге келу қиынға соғып тұр
Венада Иранның ядролық қару бағдарламасы жөніндегі келіссөздердің төртінші раунды өтіп жатыр. Тараптар 2015 жылғы шарттың маңызына тоқталғанымен, әзірге екіжақты келісімге келу қиынға соғып тұр.
13 Мамыр, 2021
Экономика даму даңғылына шықты
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2021 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды.
13 Мамыр, 2021
«Байқоңырды» жалға беру шартына өзгеріс енбек
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтіп, онда «Байқоңыр» ғарыш айлағына қатысты бірқатар маңызды құжат мақұлданды.
13 Мамыр, 2021
Марат Сұлтанғазиев Қаржы вице-министрі болып тағайындалды
Үкіметтің қаулысымен Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Мамыр, 2021
Қанат Баеділов Қаржы вице-министрі лауазымынан босатылды
Үкіметтің қаулысымен Қанат Ескендірұлы Баеділов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қаржы вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Мамыр, 2021
«Астана» спорт клубының бұрынғы басшысына сот үкімі шықты
Елордада Байқоңыр ауданының №2 соты «Астана» Президенттік кәсіпқой спорт клубы Корпоративтік қор ФК-ның бұрынғы атқарушы директоры Аманбек Күлшіков пен «Astana Pro Team» велокомандасы жекеменшік мекемесінің атқарушы директоры Ләззат Шамшиеваға және басқаларға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Мамыр, 2021
Ораза айт күні сәресі ішіле ме?
Жыл сайын ораза айт күні жақындағанда қойылатын бұл сұраққа ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұл әлеуметтік желіде жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Мамыр, 2021