Оқи отырыңыз
БРЮССЕЛЬ. Еуропалық Одақ климат өзгеруі саласындағы көшбасшыға айналды. Таяуда ғана заңгерлер мен Одаққа мүше мемлекеттер Еуропаның климат заңы туралы келісімге келді. Құжатта климатты жақсарту жөніндегі мақсатымыз заңды түрде бекітілген. Экономиканы дамыту стратегиямыз – «Жасыл келісім». 2030 жылға қарай парникті газдар шығарылымын 55 пайызға азайту міндетін алдық. Нәтижесінде, Еуропалық Одақ 2050 жылы шығарылым көлемін мүлдем жою бағытында үлкен қадам жасады. Бірақ Еуропа жалғыз емес. Көптеген мемлекет декарбонизация бойынша міндеттеме алғандықтан, жаһандық ауқымда қажетті масса қалыптасып келеді.
04 Мамыр, 2021
Бұл оқиға сонау нәубет жылдары болған екен. Халық аштан қынадай қырылып жатыр. Ел ішінде аяқ артар мал қалмаған. Тірі қалғандар өзен-көлдерді сағалап, өзек жалғау үшін босып кеткен. Аяғы жеткендер қала-қыстақты жағалап, тұяқ іліктіріп тірі қалудың қамында қаңғып жүр.
04 Мамыр, 2021
Зообақтағы 8 арыстаннан коронавирус анықталды
Үндістанда Хайдарабад қаласындағы хайуанаттар бағындағы 8 арыстаннан коронавирус індетті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz
04 Мамыр, 2021
Ертең еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Қазгидометтің мәліметінше, Қазақстан территориясының басым бөлігінен атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауып, найзағай болады, деп хабарлайды Egemen.kz
04 Мамыр, 2021
Алматы мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қайтыс болды
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ақжігіт Бекбердиев қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz
04 Мамыр, 2021
Елорда әкімі қаладағы эпидахуалға байланысты есеп берді
Жыл басынан бері елордада карантин талаптарын сақтамаған 520 заңды тұлғаға 110 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
04 Мамыр, 2021
Қазақстандық кәсіпкер қырғыз президентінің кеңесшісі болды
Қазақстандық кәсіпкер, «Қазақстан алюминийі» АҚ-ның экс-президенті Алмаз Ибрагимов Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың қоғамдық бастамалар жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
04 Мамыр, 2021
АҚШ Pfizer вакцинасын балаларға салуға рұқсат бермек
АҚШ-та азық-түлік пен дәрі-дәрмектің сапасын бақылау басқармасы «Пфайзер-Байонтек» компаниясының вакцинасын 12 мен 15 жас аралығындағы балаларға салуға рұқсат бермек. Бұл туралы «Нью-Йорк Таймс» газеті жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Мамыр, 2021
Елордада даңқты балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Күш атасы – Қажымұқан» атты тақырыпта музей сабағы өтті.
04 Мамыр, 2021
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған «Ясауи ізімен» ғылыми-танымдық экспедициясы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданы аумағында жатқан Қожа Ахмет Ясауидің туған ағасы Садыр шайық және аталған өңірге белгілі тұлғалардың кесенелеріне зиярат жасап, дерек жинады.
04 Мамыр, 2021
«Жеріңнің аты – еліңнің хаты» дегенмен...
«Сырт көз – сыншы» ғой, Омбы қаласында тұратын бір ағайын бертінде жеңіл көлігімен Петропавлға келе жатып, жолшыбай кездескен елді мекендердің атауларына назар аударғанда жағасын ұстағанын айтқаны бар. Сөйтсе Омбыдан Қазақстанның мемлекеттік шекарасына жеткенше қазақ тіліндегі көне атаулар жиі кездесіп, біздің елдің аумағына өткенде Булаево, Полудино, Николаевка, Явленка, Заречное, Новоникольское болып, жалғаса берген екен.
04 Мамыр, 2021
Биыл қазақ поэзиясының айшықты мерекесі. Маржан жыры, арман мұңы халқының қастерлі қазынасына, миллиондардың музасына айналған Аспантаудың ақиығы Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл. Осынау жыр мерекесінің көрігін қыздырған көркем жоба рухани астанамыз Алматыда салтанат құрып, халқының сүйікті перзентін бесігінде жырмен әлдилеген Қарасаздағы ақын мұражайы Алматыға келді.
04 Мамыр, 2021
Қасиетті мерекедегі қайғылы оқиға
Израильде Лаг ба-Омер қасиетті мерекесін тойлау кезінде 45 адам қаза тауып, жүздеген кісі жарақат алды. Мемлекеттің солтүстігіндегі Мерон тауына жиналған жұрт тәртіп сақтамай, бірін-бірі итермелегендіктен болуы керек, әйтеуір, іс-шара адам өліміне соқтырды.
04 Мамыр, 2021
Қазақстанның «Қайрат» футзал клубы Хорватияның Задар қаласында өткен Чемпиондар лигасының жартылай финалында әйгілі «Барселона» командасымен кездесті. Турнирдің финал бәсекесіне жолдама беретін шешуші матчта жерлестеріміз Пиреней түбегінен келген футзалшылардан бір доп айырмасымен жеңіліп, жарыстың ақтық сынына өте алмады.
04 Мамыр, 2021
Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс
Өткен аптада Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасы маңында болған қақтығыстан 178 адам жараланып, 34 адам қаза тапты. Жанжал Ақсу өзенінде орналасқан «Головной» су тарату орталығындағы келіспеушіліктен басталған. BBC арнасының хабарлауынша, Тәжікстан шекарашылары өзен маңындағы даулы нүктеде видеокамера орналастыруға кіріскен. Бұған сол маңдағы Қырғызстан тұрғындары қарсылық көрсеткен.
04 Мамыр, 2021
Германия, Франция және Испания бірлесе отырып, жойғыш ұшақ жасау жоспарына қол қоймақ. Германия Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, келесі аптада келіссөздер аяқталуы тиіс.
04 Мамыр, 2021
«Қазақстанның Еңбек Ерін» еске алу турнирі елордада өтеді
7-9 мамыр аралығында Нұр-Сұлтанда грек-рим күресінен даңқты балуан Жақсылық Үшкемпіровті еске түсіруге арналған халықаралық турнирдің жалауы желбірейді, деп хабарлайды Egemen.kz
03 Мамыр, 2021
Елордада асфальт опырылып, ойық пайда болды
Нұр-Сұлтан қаласында Мәңгілік ел көшесінде автожол үстіндегі асфальт опырылып, ойық пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz
03 Мамыр, 2021
Елімізде қатты жел болып, үсік жүреді
4 мамырда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады, деп хабарлайды Egemen.kz
03 Мамыр, 2021
Алматыда 14 мекеме карантин талаптарын бұзды
Алматы қаласында мониторинг топ коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында шектеу шараларының сақталуын бақылауды жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz
03 Мамыр, 2021