Оқи отырыңыз
Оралда көпқабатты үйден ер адамның мәйіті табылды
Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәліметінше, 24 сәуір күні сағат 14:36-да Ә.Молдағұлова көшесіндегі үйдің үшінші қабатынан 1983 жылғы В. есімді ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz
26 Сәуір, 2021
Желіде «42500 теңгені қайтару керек» деген жалған ақпарат тарады
Қазақстандық Instagram-аккаунттардың бірінде төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге алған барлық жұмыссыздар енді 20 000 теңгені мемлекетке қайтаруға міндетті екендігі туралы жаңалық талқылануда. Бұл ақпаратты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жоққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
26 Сәуір, 2021
Денсаулық сақтау вице-министрі QazVac вакцинасын салдырды
Бүгін Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Нұр-Сұлтан қаласының № 9 емханасы базасында қазақстанда әзірленген және өндірілген QazVac коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаны алғашқылардың бірі болып алды, деп хабарлайды Egemen.kz
26 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтанда тоқтап қалған мектеп құрылысы қайта басталды
Биыл елордада 16 үлкен мектеп салынады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Сәуір, 2021
ПТР анықтамасыз келген Өзбекстан азаматы еліне депортацияланды
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 25 сәуірде елге халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Сәуір, 2021
Ұлттық Банк коллекциялық монеталарды сатылымға шығарады
Ұлттық Банк «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан «QAZAQSTANNYŃ ASTANASY – NUR-SULTAN» коллекциялық монеталарын сатылымға шығарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Сәуір, 2021
Самал Еслямова тағы да үздік атанды
Қазақстандық актриса, «Канн» кинофестивалінің үздік актрисасы Самал Еслямова Ресейдегі «Ника» кинофестивалінде «Үздік әйел ролі» аталымы бойынша марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Сәуір, 2021
Nur Otan ауыл шаруашылығының дамуын бақылауға алды
Жайылымдық жерлердің, ауыл шаруашылығына қажет судың жетіспеушілігі, маман тапшылығы, тұқымдардың қымбаттығы мен тозығы жеткен техника. Ауыл шаруашылығы саласындағы осы және өзге де шешімін таппаған түйіткілді мәселелер «Nur Otan» партиясының Аграрлық секторды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысында талқыланды. Осы жиында жаңа кеңестің құрамы бекітіліп, алдағы жылға арналған жұмыс жоспары да айқындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Сәуір, 2021
Елордалық Санжар Ташкенбай әлем чемпионы атанды
Бокстан Кельце қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында Нұр-Сұлтан қаласының спортшысы Санжар Ташкенбай 1-орынға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
26 Сәуір, 2021
Елордаға отандық «QazVac» вакцинасының қанша дозасы жеткізілді?
Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймаларына отандық «QazVac» вакцинасының 6 мың дозасы жеткізілді. Мұнан бөлек ресейлік «Спутник-V» препаратын қоса алғанда, вакцинаның 55 мыңға жуық дозасы бар, деп хабарлайды Egemen.kz
26 Сәуір, 2021
Қазақстанда 900 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы вакцина алды
Бүгінгі мәлімет бойынша Қазақстанда 893 633 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
26 Сәуір, 2021
Биыл адамзаттың ғарышты бағындырғанына – 60 жыл. Заңғар көкке жасалған алғашқы жорық тарих сахнасынан ойып тұрып орын алды. Содан бері құс жолының құпиялары бірте-бірте шешіліп келеді. Аспан шырақтары мен адамдар арасындағы байланыс күннен-күнге нығая түсуде. Енді, міне, әрбір жетістік архив байлығына айналуда.
26 Сәуір, 2021
ШҚО-да 600 отбасына қайырымдылық жасалды
Діни басқарманың Өскемен аймағы өкілдігі «Зекет және қайырымдылық қорының» үйлестіруімен «Тайқазан» жобасының аясында қасиетті Рамазанның алғашқы күніндерінде-ақ 600 отбасына қайырымдылық жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Сәуір, 2021
Мәдениет және спорт вице-министрі тағайындалды
Үкімет қаулысымен Ерлан Қожағапанов ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
26 Сәуір, 2021
Шын мәнінде біз тарихи кезеңді бастан өткеріп жатырмыз. Мәселен, шаруалар разы болып отырған бір мәселені айта кетейін.
26 Сәуір, 2021
Байден «Армян геноциді» туралы айтты
АҚШ президенті Джо Байден «1915 жылы армяндар Осман империясы тарапынан қысымға ұшырады. Және бұл геноцид екенін мойындап, тиісті атауын беруіміз керек» деп мәлімдеме жасады.
26 Сәуір, 2021
2008 жылдан бастап Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты Түркістан қаласындағы ортағасырлық Күлтөбе қалашығына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген еді. Жақында бұл қалашықтан ерте ғасырларға тән көптеген жәдігер табылып, олар түгелдей «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музей қорына қабылданды.
26 Сәуір, 2021
Азаматтар «Авто кезекке» тұра алады
Автокөлік алғысы келген қазақстандықтар көңілі қалаған банк немесе көлік салонына барып, кезекке тұра алады. Алайда қызметтердің барлығы жаппай онлайнға көшіп жатқан уақытта банк бөлімшесіне барып жүрудің өзі уақыт алады. Әрі COVID-19 пандемиясының қайта асқына бастауы да адамдар көп шоғырланған жерлерден аулақ жүруді талап етеді. Осыған орай елімізде «авто кезек» онлайн қызметі іске қосылды.
26 Сәуір, 2021
Жер мәселесін талқылайтын тиімді алаң
Жер комиссиясының бесінші отырысында барлығы 113 мәселе қаралды. Олардың барлығына комиссия мүшелері, комиссия басшылығы бейжай қараған жоқ. Барлық мәселе бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
26 Сәуір, 2021
Бір орында байыз тауып отыра алмайтын мына аспанның бұлтын айтам да, осы жылы әдеттегідей емес. Көз жасы таусылғандай. Қарашығы толса да жыламайды. «Өзім шөлдегем жоқ, жүрегім шөлдеді». Жарықтық Есенғали Раушанов көрсе осылай деуші еді-ау. Бірақ... Қара жерде қыңқ етпейді ғой тегі, қара суыққа еті үйренгендей. Бұрынғыдай емес адамдар да бір-біріне салқын. Уақыт асықтырғанымен бүгін-ертең көктем келмейтін шығар. Мүмкін келер, келсе де ақынның мұңлы өлеңі болып қана. Өйткені бұл көктемнің қайғысы ауыр. Одан да біз оны суретшінің сағынышынан іздейікші.
26 Сәуір, 2021