Қоғам • 13 Қаңтар, 2026
Миллионнан астам жанға үміт сыйлаған «Самұрық-Қазына»
2025 жылдың қайырымдылық саласында «Самұрық-Қазына» қоры компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік маңызды бастамаларды іске асырып, өңірлердің инфрақұрылымын дамытуға үлес қосты. Азаматтар өміріне серпін, үміт пен мүмкіндік сыйлады.
Digital • 10 Қаңтар, 2026
Спорттық коучингке арналған бағдарлама
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде жасанды интеллект пен компьютерлік көру технологиясына негізделген жеке жаттығуға арналған интеллектуалды спорттық коучинг бағдарламасы әзірленіп жатыр. Жоба «Iron-BARS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тапсырысы бойынша жүзеге асырылмақ.
Жасанды интеллект • 10 Қаңтар, 2026
Жасанды интеллект құрылысқа жат емес
Мемлекет басшысының тапсырмалары мен Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясындағы іс-шараларды жүзеге асыру шеңберінде Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев 2026–2027 жылдарға арналған құрылыс саласын цифрландыру жоспарын бекітті.
Digital • 10 Қаңтар, 2026
Алматыдағы әлеуметтік «Мейірім» оңалту орталығында «NeuHarmony» – B2B модулі жабық платформасы қанатқақты жоба ретінде іске асып жатыр. Бұл аутизм спектрлі бұзылысы бар балаларды нейротәсілдер, сондай-ақ музыкалық терапия және жасанды интеллект көмегімен емдеу мақсатында әзірленген.
Әскер • 10 Қаңтар, 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында ел қауіпсіздігінің тірегі саналатын әскери саланың өзекті мәселелеріне арнайы тоқталып, қоғам назарын алаңдатқан түйткілдерге ашық әрі салмақты баға берді. Президент ең алдымен кейінгі жылдары жұртшылықты толғандырған сарбаздардың қаза табуы мен түрлі жарақат алу оқиғаларына айрықша назар аударып, әскери қызметтің беделін көтеру тек ұранмен емес, нақты іспен жүзеге асуға тиіс екенін, сарбаздың әлеуметтік жағдайы, құқықтық қорғалуы мен адами қадір-қасиеті толық сақталғанда ғана әскерге деген сенім нығаятынын жеткізді.