Пікір • 07 Қаңтар, 2026
Жыл басындағы дәстүрлі сұхбатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткенді қорытындылап, болашақ басымдықтарды белгілейді. Бұл мемлекетімізде жаңа саяси тәжірибені қалыптастырып келеді. 2026 жыл да осы дәстүрмен басталды. 5 қаңтарда «Turkistan» газетіндегі ауқымды сұхбатында Президент ішкі және сыртқы саясат, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, оның ішінде инфляция, салық реформасы, олигополиялармен күрес, парламенттік реформа сияқты өзекті тақырыптарға қатысты сұрақтарға жауап берді.
Қоғам • 07 Қаңтар, 2026
Кембағал жандарға қамқорлықты күшейту қажет
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда, бүгінде адамзат саны 8,3 млрд-қа дейін көбейген. Соның ішінде мүгедектігі бар адамдар қатары 1,3 млрд-қа дейін өсіп, әлем халқы құрамындағы үлесі 15,79%-ға жеткен. Олардың 80%-ы дамушы мемлекеттерде өмір сүреді. Еліміздің Ұлттық статистика бюросының ақпарына сүйенсек, 2025 жылы халық саны 20,38 млн-ға дейін өсіп, мүгедектігі бар отандастарымыз 743,9 мың немесе үлес салмағы 3,7% болған.
Пікір • 07 Қаңтар, 2026
Еліміздің өз бағыты, өз жолы бар
Президенттің «Turkistan» газетіне берген сұхбатына эмоцияны ысырып қойып, айтылған ойларға салқынқандылықпен талдау жасасақ, алдымызда айқын бір стратегиялық прагматизм тұрғанын көреміз.
Білім • 07 Қаңтар, 2026
Біртұтас бағдарлама бетбұрысқа негіз бе?
Отандық білім жүйесі талай өзгерісті өткерді. Қанша реформа қолға алынса да барлығы дерлік білім сапасын көтеруді көздеді. Мұның соңы неге апарды? Көзіміз көріп отырғандай, тәрбие оқытудың көлеңкесінде қалып қоя берді. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында мемлекеттік білім ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы енгізілді. Биыл бағдарлама өркен жайып, өткен қыркүйектен жекеменшік балабақша, мектеп, колледждерге де оқу-тәрбие үдерісін осы құжаттың негізінде жүргізу міндеттелді.
Экономика • 07 Қаңтар, 2026
Экономикалық теңсіздікті еңсеру міндеті
Реформа – дамудың алғышарты. Тарихтан белгілі, түбінде тиімді болатынына қарамастан, кез келген өзгеріс бастапқыда оңай қабылданбайды. Дегенмен ел мүддесі үшін маңызды шешімдер қажет. Мемлекет басшысы «Turkistan» газетіне берген сұхбатында экономиканы ілгерілетуде нақты қадамдар жасалатынын әрі бұл жолда жауапкершілікті өз мойнына алатынын атап өтті.