Жәдігер • 06 Ақпан, 2026
Әр әулеттің бағалы мұрасы болады. Әсіресе ондай қастерлі де құнды дүние қара шаңырақтың төрінде тұрады. Қара шаңырақ Қазыкен Әлі ағамыздың үйіндегі берекелі табақтың тарихы тым әріде.
Саясат • 06 Ақпан, 2026
Қазақстан – АҚШ: маңызды салалардағы ынтымақтастық талқыланды
Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Вашингтонға сапары аясында АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландаумен кездесті. Келіссөздер барысында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің кең ауқымын, оның ішінде саяси және экономикалық өзара іс-қимылды, сауда мен инвестицияларды дамыту, энергетика және аса маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастықты талқылады.
Айтыс • 06 Ақпан, 2026
Оралдағы халықаралық жыр додасы
Орал қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы, мемлекет қайраткері Мұстақым Ықсановтың 100 жылдығына арналған «Ел үшін туған ер еді...» атты халықаралық ақындар айтысы өтті.
Саясат • 06 Ақпан, 2026
Жаһандық бейбітшілік қозғалысы жалғасады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Сенат төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен дәстүрлі шейх Заид атындағы «Адамзат бауырластығы» сыйлығын салтанатты тапсыру рәсімі аясындағы іс-шараларға қатысты.
Өнер • 05 Ақпан, 2026
Шерхан Мұртаза – Колбин – Гамлет
1989 жыл. Алматыдағы Жастар театрында премьера. Шерхан Мұртазаның «Сталинге хат» драмасы қойылады. Режиссері – Райымбек Сейітметов. Спектакльдің афишасы іліне салысымен кассада билет қалмады. Замана зобалаңын сахнадан көреміз деген халықтың ынта-ықыласында шек болған жоқ. Әртістер дайындалып жүр. Бірақ басшылықтың уайымы басқада еді. Өйткені премьераға бірінші хатшы Генадий Колбиннің өзі келе жатыр...