Қоғам • 28 Маусым, 2021
Журналистер қайраткерге айналды
Өмірімнің ең бір шуақты да қуатты жылдарын журналистикаға арнаған адаммын. Осынау қасиетті мамандықтың киесін кетірмеу, тұнығын лайламау азаматтық ұстанымыма айналды. Қалам қарымымыз, жастық жалынымыз баспасөз айдынында өтті. Қоғам айнасын айшықтап, күнделікті өмір тынысын газет арқылы халыққа жеткізіп отырдық. Қолына қалам ұстаған іні қарындастарымды, балаларымды кәсіби мерекесімен құттықтағым келеді.
Тарих • 23 Маусым, 2021
Аудан архивіндегі қуғын-сүргін тарихы
ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамында байлар қазақ ауылының негізгі тірегі болатын, олардың жанында қауымдастықтың қалған өкілдері топтасты. Ол көшпелі халықтың өміріндегі орталық жүйенің бір бөлігі еді. Кеңес өкіметі көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан осы жүйені бұзу керек екенін жақсы түсінді, онсыз далалық қазақтарды басқара алмайтын. Осыдан да қазақ қоғамында байлардың мал-мүлкін тәркілеу, оларды жер аудару, ұжымдастыру біртіндеп кең көлемдегі қасіретке ұласты. Ірі қазақ байларына қарсы бағытталған жаңа реформа қазақтың дәстүрлі қоғамын құртудың бастамасы болды, осының барлығы Қазақстандағы жойқын ашаршылыққа алып келді. Байлар институтын саяси репрессиялар арқылы құрту бүкіл көшпелі халықтың өмір сүру жүйесін тас-талқан етті.
Сұхбат • 23 Маусым, 2021
Әсет Исекешев: «Жаңа ұлттық қауіпсіздік стратегиясының мақсаты – ұлттық мүдделерімізді қорғау»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі жаңа Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын бекітті. Біздің өтінішіміз бойынша оның мақсаты мен негізгі басымдықтары туралы Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешев айтып берді.
Аймақтар • 17 Маусым, 2021
Жексенбіде ковидстационарға шұғыл жеткен Салтанат Сатыбалдықызы өте ауыр халдегі жүкті әйелді аман алып қалудың барлық жолын қарастырды. Керекті мамандар шақырылды, консилиум өткізілді. Ота жасалып, жеті айлық нәресте жарық дүниеге келді, ана да аман.
Спорт • 17 Маусым, 2021
Майрбек Юсупов: Токиоға тек мықтылар барады
Шілде айының екінші жартысында Токиода алауы тұтанатын XXXII жазғы Олимпия ойындарының еркін күрес шеберлері сайысында Қазақстанның бес балуаны өнер көрсететіні белгілі. Олар – Нұрислам Санаев, Дәулет Ниязбеков, Данияр Қайсанов, Әлішер Ерғали және Юсуп Батырмұрзаев. Күні кеше ғана жерлестеріміз өздерінің кезекті оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Дағыстанның Хасавюрт қаласына аттанып кетті. Осы сапар алдында еліміздің ұлттық құрама командасының кеңесші-бапкері Майрбек Юсуповпен сұхбаттасудың сәті түсті.