Қоғам • Бүгін, 08:38
Елдің рухани-интеллектуалдық қуатын нығайтады
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында «Конституция – тәуелсіздіктің кепілі» атты дөңгелек үстел жиыны өтті.
Олимпиада • Бүгін, 08:35
Жұмадан сенбіге қараған түні Италияның Милан қаласында ғасырлық тарихы бар, 77 мың көрерменді сыйдыра алатын әйгілі «Сан-Сиро» стадионында XХV қысқы Олимпия ойындарының алауы тұтанды. Одан бөлек, салтанатты шара Кортина-д’Ампеццо, Ливиньо, Предаццо қалаларында да ұйымдастырылды. Театрландырылған қойылымдар, әсем әндер, құттықтау сөздер айтылғаннан кейін қатысушы 93 мемлекеттің спорттық делегация мүшелері сап түзеді. Рәсімде еліміздің көк байрағын шорт-трекші Денис Никиша мен фристайлшы Аяулым Әміренова ұстап шықты.
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30
Олимпиада сайысында бір рет бақ сынаудың өзі үлкен жетістік. Ал жапониялық трамплинші Нориаки Касаи 1992–2018 жылдар аралығында Қысқы Олимпиадаға 8 рет қатысқан.
Білім • Бүгін, 08:25
Елімізде шамамен 7 млн бала (6 902 492 адам) бар, бұл жалпы халық санының 34%-ын құрайды. Кейінгі 10 жылда балалар саны 1,5 млн-ға артты. Қоғамның осы бір бөлігін қорғау, олардың болашағын қолдау мақсатында «Қазақстан балалары» атты тұжырымдама өткен айдың соңында бекітілді. Онда не қаралған, құжаттың негізгі бағыттары қандай? Бұл сұрақтарға Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте кеңінен айтылды.
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20
1980 жылғы Лейк-Плэсид Қысқы Олимпиадасында АҚШ спортшысы Эрик Хайден конькимен жүгіруден 5 қашықтықтың бәрінде алтын алып, рекорд орнатты. Бұрын-соңды бір Қысқы Олимпиадада бір спортшы мұншалықты көп алтын алған емес.