Абай • 21 Мамыр, 2020
Ұлы Абайдың осы уақытқа дейін бізге жеткен «Май түні», «Майда қоңыр», «Торы жорға», «Абайдың желдірмесі» қатарлы төрт күйі бар. «Май түні», «Торы жорға» күйлерін жазушы, журналист Шығыс Қазақстандық Ғайса Сармурзиннің (1904-1987) орындауында, күйші-зерттеуші, ғалым Уәли Бекенов 1983 жылы жазып алып, нотаға түсірген (М. Әбуғазы Шығыстың шыңырау күйлері. – Өскемен: 2009. – 303 б.). Ал Абайдың «Майда қоңыр» күйі Шығыс Қазақстанның Шұбартау өңірінен шыққан атақты күйші Жүнісбай Стамбаевтың орындауында 1965 жылы жазылып алынып бізге жетті (Таласбек Әсемқұлов. Талтүс. СД күйлер жинағы. СД 3. 2015. Otuken.kz.). Біз де бала күнімізден ел арасындағы күйшілерден Абайдың атымен аталатын күйлерді естіп өстік.
Сұхбат • 19 Мамыр, 2020
Сал ауруына шалдыққан балаларға қандай жағдай жасалған?
Елімізде 17 мыңға жуық бала церебралды сал ауруы диагнозымен тіркеуде тұр. Мемлекет жыл сайын 4 мыңға жуық балаға көмек беруге қауқарлы. Осы орайда біз 200-ге жуық баланың әлеуметтенуіне үлес қосқан «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Нұргүл ҰЛЖЕКОВАмен әңгімелескен едік.
Аймақтар • 09 Мамыр, 2020
Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс оңай келген жоқ. Өйткені, бұл соғыс адамзатқа ауыр зардабын тигізді. Енді оның салқыны ұмытыла қоймас, сірә! Сол соғыста миллиондардың сүйегі майдан даласында қалды. Миллиондардың үміті үзілді. Миллиондар жесір, миллиондар әкесіз қалды. Өмір өзгерді, заман түзелді дегенмен, соғыс салған жара жазылмайды. Әкесін, атасын, жарын күткендер әлі де күрсінеді, әлі де жүрегі қарс айырылады...
Аймақтар • 09 Мамыр, 2020
Алматы ХҚО-лары енді мүлде жаңа форматта қызмет көрсете бастайды
Алматыда мамыр мерекелерінен кейін Халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылады. Алайда, ХҚО енді бұрынғыдай жұмыс істемейтіні қазірдің өзінде белгілі болды.
Қоғам • 06 Мамыр, 2020
Онлайн-шопинг: Желіде қандай алаяқтықтар кездесуі мүмкін
Төтенше жағдай мен карантин кезінде интернеттен керек затыңызды сатып алу әдеттегі жағдайға айналды. Онлайн режимінде азаматтар мейрамхана тағамдары, азық-түлік, халық тұтынатын тауарлар, тұрмыстық техника және т.б. сатып алуға ниетті. Бұл уақытта коронавирус пандемиясы пайдаланып белсене іс-әрекет жасауға көшкен алаяқтардың тұзағына оңай түсіп қалуға болады деп ескертеді халықтық қаржылық сауаттылығын арттыру орталығы.