Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2019
Тобыл-Торғай өңірінде оқушылардың 30 пайызы ғана мемлекеттік тілде білім алады
Қостанайдың жаңа өсіп келе жатқан «Аэропорт» тұрғын ауданынан орын тепкен 900 орындық 3 қабатты жаңа мектеп кеше ғана оқушыларға есігін айқара ашты. Заманауи құрылысқа 1 млрд 600 млн теңге жұмсалды. Бұл қаладағы №29 аралас орта мектеп болып тіркелді. Мектепте білім алу және жас ұрпақтың бәсекеге қабілетті жан-жақты азамат болып қалыптасуы үшін керекті дүниенің бәрі бар. Кәсіби спорт залдарындағыдай арнайы төсеніш төселген спорт зал, еңбекке баулу пәні жүргізілетін цехтар, кітапхана, асхана, тіпті мүмкіндігі шектеулі балалар үшін лифтіге дейін бар.
Қазақстан • 02 Қыркүйек, 2019
Биыл 406 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барды
Жадыраған жаз да өтті. Көп күттірмей күз жетті. Қоңырқай мезгіл күнтізбесінің Білім күнімен басталуы арқаны кеңге салған ақ жарқын көңілді бір уақыт өзіндей салмақты күйге түсіргендей. Жаңа оқу жылында Білім алушы мен берушіден бастап ата-анаға дейін етек-жеңін жинайды. Қызу науқанды қыркүйекке қандай дайындықпен қадам басқалы отырмыз? Осы орайда білім беру саласының әр сатысы бойынша әзірлік жайын бағамдауды жөн көрдік.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2019
Жергілікті кадрлар өнімге жете мән беруде
Қазақстанда британдық AVONProtection лицензиясы бойынша күләпара (капюшон) типті респираторлар өндіріле бастады. Лицензиар – негізінен мұнайгаз жобалары үшін жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын жеткізумен айналысатын қазақстандық «QHSE-Akbarys» ЖШС компаниясы.
Руханият • 29 Тамыз, 2019
Ұлықбек Есдәулет: Тұңғыш форум тың тақырыптарға жол ашады
Тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта аңсаған азаттығымызды өзіміз көбірек қызықтап, өз қазанымызда өзіміз көбірек қайнап қалдық. Экономика мен саясатқа көбірек көңіл бөлінді. Әдебиетке назар аудару жағы кенжелеп қалғанын да жасырмаймыз. Дегенмен, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасынан кейін әдеби де, мәдени де өмірімізде үлкен серпіліс пайда болды.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2019
Елордамызда соңғы бес жыл ішінде 2 мың көше атауы қайта қаралып, кеңестік атаулар рухани бағытқа бет бұрды. Бұл құлдық санадан бостандыққа қарай боздап жасалған іргелі қадам.