Руханият • 27 Тамыз, 2019
Өлеңсүйер оқырман үшін тамаша тарту
Кеше елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада өлеңсүйер оқырман үшін тамаша тарту – «Қазақ поэзиясының інжу-маржандары» антологиясының тұсаукесер рәсімі өтті. Жоба Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей қолдауымен жүзеге асырылып отыр.
Аймақтар • 27 Тамыз, 2019
Дәлме-дәл егіншілік: диқандар ақылды суару жүйесіне көшпек
Егістік алқабын суару үшін міндетті түрде механизатор жалдаудың қажеті жоқ. Смартфондағы батырманы басу арқылы үйде отырып-ақ шаруаны дөңгелетуге болады. Бұл – америкалық инвесторлар ұсынған дәлме-дәл егіншіліктегі ақылды технология. Шортанды ауданында өткен «Дала дәні» халықаралық дала күніне орайластырылған шарада отандық фермерлер осы және басқа да тың жаңалықтарға қанықты.
Аймақтар • 27 Тамыз, 2019
Салынған жолдар сын көтермейді
Астана іргесіндегі Қосшы ауылында биыл 12 көшенің жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оған бюджеттен 2 млрд 100 млн теңге қаражат бөлінген. Салынып жатқан жолдардың сапасына Ұлттық жол активтері сапа орталығы мен қоғам белсенділері тексеріс жүргізіп, біраз сын айтты. Оның ішінде былтыр ғана қолдануға берілген Сүйінбай көшесінің тоз-тозы шығып, үгітілген асфальттарына куә болып қайттық.
Әлем • 27 Тамыз, 2019
Гонконг: шерушілер талабы күшейді
Гонконгте Қытай билігі ықпалының күшеюіне қарсы наразылық акциясы екі айдан бері жалғасып келеді. Мыңдаған адам қатысқан акция қазір әлем елдерінің назарына ілігіп отыр.
Әлем • 27 Тамыз, 2019
Италиядағы саяси дағдарыс шешілмей тұр
Италия премьер-министрі Джузеппе Конте қызметінен кетті. Енді Аппенин түбегінің саяси тағдыры қалай өрбитіні талайды қызықтырып отыр. Бұған дейін көптеген текетіресті басынан өткізген Италияның бағыты жаңа сайланатын Үкімет басшысына тікелей байланысты.