Аймақтар • 19 Тамыз, 2019
Кез келген мәселені кешенді түрде шешу керек
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева Қарағандыдағы Nur Otan партиясының ғимаратында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қазақстан • 19 Тамыз, 2019
Міндет – жеті түрлі ілім білетін ұрпақ тәрбиелеу
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен дәстүрлі Тамыз кеңесі өтті. Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 2 мыңнан аса делегат жиналды. Президент қатысқан конференцияда білім саласындағы негізгі бағыт-бағдар айқындалып, осыған дейінгі жұмыстарға қорытынды, алдағы күнге жоспар жасалды. Қ.Тоқаев саладағы қордаланған мәселелер мен оны шешу бойынша Үкімет пен әкімдерге, сондай-ақ тиісті министрлікке бірқатар міндет жүктеді.
Әлем • 14 Тамыз, 2019
Экс-президентке ауыр айыптар тағылды
Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың жағдайы қиындап барады. Атап айтқанда, елдің Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Орозбек Опумбаев экс-президент мемлекеттік төңкеріс жасауға талпынған деп хабарлады. Бұл жөнінде АКИpress ақпарат агенттігі жазды.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2019
Қазіргі кезде еліміздің барлық дерлік өңірінде білікті мамандар жетіспейтіні айтылып та, жазылып та жүр. Денсаулық сақтау саласындағы мұндай кадр тапшылығын реттеу мен азайтудың басты жолдарының бірі – республика аумағындағы медицина университеттері түлектерінің тиісті сұраныстарға сай жұмысқа орналасуына ықпал ету болып отыр.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2019
Сапалы салынса, жолаушының сапары да сәтті
Бұрынғы Торғай облысының орталығы болған Арқалық қаласы қазір де сол өңірдің бейресми орталығы сияқты. Сонау Жангелдин және Амангелді ауданынан облыс орталығы Қостанайға күнделікті керек-жарақ үшін шауып келе беру оңай емес.