Әлем • 28 Маусым, 2019
АҚШ пен Иран текетіресі өршіп тұр
АҚШ пен Иран арасы кезекті рет шиеленісе бастады. Бұл жолы кикілжіңнің себепкері барлаушы ұшқышсыз әуе аппараты болып отыр. Маусымның 19-ы күні Иранның әскерилері өздерінің әуе кеңістігіне кіріп кетті делінген әлгі америкалық аппаратты атып түсірген еді.
Президент • 28 Маусым, 2019
Сайлау өтті... Жұрт көңілін күпті еткен халық таңдауы мәресіне жетті... Жалпыхалықтық сайлауда айқын басымдылықпен ел сеніміне ие болып, аламанның алдында келген Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «ұзын арқау, кең тұсауға салып» ойдан-қырдан, алыс-жақыннан қонақ жиып, дүбірлетіп жатпастан, Ата Заң талаптарына сай, ұлықтау рәсімін өткізді. Ресми өз міндетін атқаруға кірісті.
Руханият • 27 Маусым, 2019
Алдан Смайыл: «Семсер» әдеби конкурсы жаңа заманға сай бәйге
Жуырда «Мәдениет порталында» жарияланған «Семсер» әдеби конкурсы аз уақыт үшінде жас қаламгерлер арасында кеңінен танылып, әдеби ортада үлкен резонанс тудырды. Маусым айының соңына қарай қорытындысы шығып, жеңімпаздары анықталатын конкурстың өту барысы туралы әділ қазылар алқасының төрағассы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Семсер» әдеби конкурсы әділқазылар алқасының төрағасы, жазушы Алдан Смайылдан конкурс туралы аз-кем сұхбат алған едік.
Аймақтар • 27 Маусым, 2019
«Нұр-Сұлтан – Павлодар» автожолы қашан ашылады?
Халықтың тұрмыс сапасына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі автомобиль жолы екені белгілі. Әсіресе аймақтардың тұрғындары үшін жолдың маңызы ерекше. Таяуда Мемлекет басшысын ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы мәселені тілге тиек еткені бекер емес.
Қоғам • 27 Маусым, 2019
Жұмыстан қашпаған адам жерде қалмайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде халықты жұмыспен қамту, табыс көлемін арттыру мәселелерін басымдық берілетін бағыттардың бірі ретінде айтқан болатын. «Төртінші бағыт. Жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты лайықты жалақымен қамту. Ұлттық табысты әділ бөлу мәселесі бұл – стратегиялық маңызды дүние. Мемлекеттік бюджеттің қаражатын, ең алдымен келешегі зор мақсаттарға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бөлу қажет», деген болатын Президент.