Қоғам • 24 Маусым, 2019
Жаңғырған Жетісудағы жаңа жобалар
Осыдан 2 жылдан астам уақыт бұрын еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарияланған болатын. Бұл мақала өңірлердің руханият саласына жаңа серпіліс әкеліп, тың жобалардың туындауына жол ашты. Осы орайда рухани тұрғыдан жаңғыру жұмыстары Жетісу өңірінде де қарқынды жүріп жатыр. Соның бір парасын ой елегінен өткізуді мақсат етіп отырмыз.
Қоғам • 24 Маусым, 2019
Балалардың жұмыс істеуге мәжбүр болуы жақсылық емес
Біріккен Ұлттар Ұйымының ЮНИСЕФ қоры балалардың түрлі жұмыстарға түсуіне қарсы шараларды ерте күннен жүргізіп келеді. Соның әсерімен Халықаралық еңбек ұйымы 2002 жылдан бері 12 маусымды Балалар еңбегін қанауға қарсы күрес күні деп белгілеген.
Әлем • 24 Маусым, 2019
Ассанж АҚШ-қа қашан жөнелтіледі?
Осыдан бірер күн бұрын әлемдік ақпарат кеңістігінде аустралиялық журналист, WikiLeaks сайтының негізін қалаушы Джулиан Ассанжды Ұлыбританиядан АҚШ-қа экстрадициялау туралы хабар кеңінен тараған болатын. Джулиан Ассанж денсаулығына байланысты 17 маусымда өткен Уестминстер магистраттық сотына қатыса алмады. Дегенмен, жазасын өтеп жатқан Белмарш (Ұлыбритания) түрмесінен видео байланысқа шықты. Сот отырысы оны АҚШ-қа экстрадициялау мәселесіне байланысты еді. Дегенмен, қандай да бір шешім әлі қабылданған жоқ.
Аймақтар • 24 Маусым, 2019
Қалалық филиалдың төрағасы сайланды
Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев партияның Нұр-Сұлтан қалалық филиалының кезектен тыс ХXX конференциясына қатысты. Жиында филиалдың жаңа төрағасын сайлау мәселесі қаралды. Одан бөлек, қатысушылар Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде өз ұсыныстарын білдіріп, қалалық филиалдың жұмысына қатысты басқа да мәселелерді талқылады.
Президент • 24 Маусым, 2019
Жаңадан сайланған Президент ел билігін енді ғана қолға алып, атқарар ісінің жоба-жоспарын жариялап жатқан тұста халықтың арасында «ертеңгі күніміз қалай болар екен?» деген сауалдың тууы заңды. Мұндайда билікті мақтайтындар да, оған көңілі толмайтындар да табылады ғой. Демократиялық құндылықтарды қадір тұтатын қоғамда «бәріңнің ойлағандарың неге бірдей емес?» деп кінә тағу да қисынсыз. Әрбір пікірге, таңдауға түсіністікпен, сыйластықпен қараған абзал. Біз де басқалардың ұстанымына құрметпен қарай отырып, өз байламымызды, өз тұжырымымызды ортаға салып отырған жайымыз бар. Басқалай айтқанда, Президентпен сырттай болса да сыр-сұхбат құрғанды жөн санадық.