Қоғам • 20 Маусым, 2019
Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Байқоңыр ауданының учаскелік полиция инспекторы, аға лейтенант Нұрлан Бекжанов және капитан Халел Тойшыбаевпен бірге құқық қорғау қызметінің біз үшін таңсықтау тағы бір қырымен танысуды жоспарлағанымызға біраз болған. Соның сәті жақында түсті. Учаскелік полиция жұмысы сырттай салмақты, жайбарақат көрінгенімен, ішкі иірімдері шытырманға толы болады екен.
Қоғам • 20 Маусым, 2019
Бұрын көбінесе алған білімнің теориялық сипаты басым түсіп жататын. Сол үшін әрбір адам мектеп партасынан бастап білімді көбірек жинауға тырысатын. Мектеп, институт, аспирантура, докторантура сынды білімнің белгілі бір сатысынан өткен сайын адамның көзқарасы кеңейіп, ақылы толысып, өзі қызмет ететін салада кемелдік биігіне көтерілетін. Қызметі жоғарылап жататын.
Аймақтар • 20 Маусым, 2019
Ембілік мұнайшылар сыйлаған баспаналар сегіз отбасыны бақытқа бөледі
Өз үйіңнің болғаны қандай жақсы! Ал сол үйді сыйға, тегін алсаң, қуанышың тіпті еселене түседі. Атырау облысында сегіз бірдей отбасы осындай бақытқа кенелді. Құрманғазы, Исатай, Жылыой, Мақат, Қызылқоға аудандарындағы көп балалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға ембілік мұнайшылар жаңа баспана алып берді. Бір күндік еңбекақыларын қайырымдылыққа арнауды ниет еткен кәсіпорынның бұл бастамасы – ізгіліктің нағыз үлгісі.
Руханият • 20 Маусым, 2019
Өтімді сөз өлеңмен өрнектеледі
Бұл ғасырда сөздің қадірін біліп, оның өнер тұрғысындағы орнын аспандатып отырмыз десем, сіз маған мысқылмен ғана қарар едіңіз. Асылында, сөз өзіне берілетін анықтама секілді қарым-қатынас құралы һәм дами беретін тірі ағза.
Руханият • 20 Маусым, 2019
Кеншілер астанасындағы «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшесі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Жамбыл Артықбаевтың «Бұқар жырау: ғұмыр белестері» еңбегінің тұсаукесері өтті.