Қоғам • 20 Маусым, 2019
Қоршаған ортаны қорғау мәселесін қызу қолға алатын кез келді
Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваның қатысуымен палатада «Орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды заңнамалық тұрғыдан дамыту және биологиялық алуантүрліліктің сақталуын заңнамалық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбында 2016 жылғы 18 қарашада өткен парламенттік тыңдаудың ұсынымдарын іске асыру мәселелері бойынша Үкімет сағаты болды.
Руханият • 20 Маусым, 2019
«Даланың дара ділмарлары» радиохабарын тыңдағанда туындаған ой
Есте жоқ ескі замандарда Түркі ұлыстары мемлекеттілігінің алғышарттарын жасап, ел бірлігін ойлаған ІІ-ІІІ ғасырларда ғұмыр кешкен Нәнді би, Елсау би, Оңқай би, Майқы билерден тартып, бүгінгі билерімізге келіп тірелетін бұл хабар мені қатты ойландырды. Әрине қай ғасырда да халқының қамын жеген, айрандай ұйытқан, айшықты ірі тұлғаларының болғаны белгілі еді.
Қоғам • 20 Маусым, 2019
Әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық әкелер күнін атап өту дәстүрге айналған. Біздің елімізде бұл күн арнайы бекітілмегенімен, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы кеңсесі таяуда әкелердің басқосуын өткізді.
Қоғам • 20 Маусым, 2019
Жарты жыл жиналыспен өтіп кеткен жоқ па?
Жақында ел Президентін ұлықтау салтанатында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 10 маңызды бағытқа тоқталып, 10-бағытты «Жастарға көбірек көңіл бөлу» деп атап:
Қазақстан • 20 Маусым, 2019
Отандық фарминдустрияға оң көзқарас қажет
Дәрі-дәрмек өнеркәсібі бүгінде мемлекеттің инновациялық және стратегиялық қауіпсіздігін айқындайтын негізгі жоғары технологиялық салалардың қатарына жатады. Әлемдегі ірі фармацевтикалық өндірістердің негізгі бөлігі АҚШ, Канада, Бразилия, Швейцария, Германия, Испания, Франция, Үндістан және Қытай мемлекеттерінде орналасқан. Соңғы уақытта Ресейде де фармацевтикалық өндірістің үлесі күрт өсті.