Аймақтар • 17 Маусым, 2019
Атыраулық спортшылар жеңіспен оралды
Щучинск қаласында баскетболдан ерлер арасында Қазақстан Республикасының V жазғы Спартакиада ойындары өтті.
Аймақтар • 17 Маусым, 2019
Қостанайда тіркелген барлық қылмыстың тең жартысынан астамы – ұрлық
Өткен жыл мен бүгінге дейін облыста тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың 3415-і өзгенің мүлкіне қол жүгірткен ұрлықшыларға тиесілі. Бұл барлық қылмыстың 53 процентін құрайды.
Қоғам • 17 Маусым, 2019
Дәрігер деген кең ұғым, қастерлі мамандық. Бұл мамандық иелерінің жауапкершілігі де мол, атқаратын жұмыстары да ауқымды. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін осынау маңызды салаға бүкіл өмірін арнап келе жатқан абзал жандар қаншама. Солардың бірі Күләш Есқазықызы.
Аймақтар • 17 Маусым, 2019
Алматыдағы «Достық» үйінде Қазақстан Халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Жаңа толқын 100+» атты жастар форумы болып өтті. Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қанатының өкілдері өткен жылдың қорытындысын жариялап, қарым-қатынас жасаудың жаңа мүмкіндіктерін талқылау үшін әр өңірден келіп бас қосты. Жастар қанатының тұсауы кесілгелі бері нақты бір мақсатқа анық қол жеткізілді. Ол – ҚХА жастар ұйымдарының түрлі міндет арқалаған құрылымдары өмірге келіп, «Жаңғыру жолының» 17 облыстық және қалалық штаб қозғалыстары құрылып, оған 5 мыңға жуық белсенді жас жұмысқа тартылды.
Руханият • 17 Маусым, 2019
Әлкей Марғұлан мұраларына арналған көрме ашылды
Мемлекеттік Орталық музей қабырғасында академик Әлкей Марғұланның 115 жылдық мерейтойына орайластырылған «Дара тұлға» атты көрме ашылды. Көрерменді қазақ халқының дара перзенті Ә. Марғұланның өмір жолымен, отандық филология, археология, этнография, сәулет өнері сынды ғылымдарға қосқан үлесімен таныстыруға арналған экспозиция шілденің ортасына дейін жалғасады.