Қазақстан • 14 Маусым, 2019
Басты бағдарымыз – біртұтас ұлт болып қалу
Нұр-Сұлтан қаласында Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық коалициясының кезекті отырысы өтті. Алқалы жиынға қатысушылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев анықтап берген ел дамуының нақты бағыттары мен алдымызға қойған жаңа міндеттеріне қолдау білдіріп, жаңадан құрылған Ұлттық сенім кеңесі жөнінде пікір алмасты.
Сұхбат • 14 Маусым, 2019
«Данаяны» қайта «тірілткен» қазақ
Есім сойы қазақ кескіндемесіндегі жаңа реализмнің жарқын өкілі ретінде жұртшылыққа жақсы таныс Жұмақын Қайрамбаев қылқалам дейтін құдіреттің құпиясын шебер меңгерген дәулетияр дарын иесі. Қадымнан қалған қазақы нақышты заманауи талғаммен үйлесімді үндестірген суретшінің қаламынан тамған туындылар Ресей, Германия, Аустрия, Бельгия, Италия, Венгрия, АҚШ, Жапония, Түркия елдерінің мұражайларын тегіс шарлады. Автордың жеті бірдей іргелі шығармасы Қазақстан Президентінің резиденциясына қойылған. Дегдар өнердің терең діңінен нәр алып, өнегелі өмірін ұстаздық жолмен ұштастырған туындыгермен сурет өнері турасында әңгіме өрбіткен едік.
Қоғам • 14 Маусым, 2019
Рухани жаңғыру бағдарламасының мазмұны халқымыздың өткенімен, тарихымен тамырласып жатқаны айқын. Болашағымыздың баянды болуы өткенімізді жан-жақты бағамдап, содан сабақ алуымызға байланысты екендігі сөзсіз. Тарих сахнасына шыққалы бергі қазақ ұлтының қатпарлы тарихы ертеңімізді пайым-парасат төңірегінде түгендеуге үндейді.
Аймақтар • 14 Маусым, 2019
Қазір ЕАЭО шеңберінде «сүт пе, әлде сүттің дәмі бар сусын ба?» деген мәселенің бетін ашып алу маңызды болып тұр. Мәселен, «сүт сусыны» деген термин ресейлік ұлттық техникалық регламентте айқын жазылған.
Аймақтар • 14 Маусым, 2019
Қоғамда әлдебір қолайсыздықтар орын алып тұрғанын көріп отырмыз. Алматы қаласында бірер күн бұрын көшелерде рұқсат етілмеген шеру өтті. Шетелде отырған кейбір азаматтардың өздерінің жеке бас мүддесіне жастарды пайдаланып отырғаны, жастардың болашағына жаным ауырады. Заманның беталысы қырық құбылып, тәуелсіздігіміз бен болашағымызды сын тезіне салып тұр!