Аймақтар • 04 Маусым, 2019
Асқақ мұрат, жалындаған жастар
Ел игілігі жолындағы белсенді еңбекке қатысу жолдары сан-салалы болғанымен, көңілді күпті ететін жайттар аз кездеспейді. Мысалы, бүгінде шешуші ұлттық факторға айналып отырған жасампаз еңбекке кейінгі толқынды тарту, ынталандыру жайы қалай деген сауал қойылса, күмілжіп қалатынымыз рас. Өйткені жастар ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүруге бейім, масылдық пиғыл басым, қоғамдық пайдалы іске ынтасыз, құлықсыз деген секілді айыптаулар жиі айтылатындықтан кейде таразы басы қай жаққа ауатынын білмей дал боласың. Жаһандық бәсекелестік жағдайында бұл буынның арасында шынайы өндірістік еңбектің қадірі төмендеп, беделі түскендей көрінгенімен, шын мәнінде, олай емес екеніне Ж.Қизатов атындағы ауыл шаруашылығы колледжінде өткен «Жас келсе – іске!» атты ауылдың еңбекші жастарының республикалық форумында жауап тапқандай болдық.
Қазақстан • 04 Маусым, 2019
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылы өткен Дүниежүзі қазақтары құрылтайында еліміздегі қоғамдық жаңару аясында шетелдегі қазақтарды қолдау мақсатында қор құруды тапсырған болатын. Нәтижесінде «Отандастар қоры» КеАҚ құрылды. Кеше ұйымның алғашқы отырысы өтіп, қордың жанынан Қоғамдық комиссия құрылды.
Тарих • 04 Маусым, 2019
Алаш арыстарының бірі Сұлтабек Қожанов – ғұмыры қасіретке толы тұлға. Ол 1938 жылы халық жауы ретінде ұсталып, атылды. С.Қожанов 1958 жылы ақталса да, ірі мемлекет және қоғам қайраткері ретінде, соңғы кезге дейін өзінің тарихи бағасын ала алмай, ол туралы кең көлемде ашық жазылмай да, айтылмай да келді.
Аймақтар • 04 Маусым, 2019
Дала зиянкестерімен күрес – күрделі мәселе
Екі жыл бұрын Жамбыл облысының жайылымдық жерлерінде шегіртке қаптап, әсіресе егінге қауіп төндірген еді. Тіпті талай гектар егінді отап тастаған зиянкестер халықтың алаңдаушылығын да тудырған. Жаз шығып, жайлау қызған шақта шегірткелер шабуылының да басталатыны белгілі. Жалпы, жаз мезгілі келгенде зиянкестердің мыңдаған алқапты басып қалу қаупі бар. Соңғы екі жылдан бері өңірдің мамандары зиянкестермен күреске ерте қамданып, тиісті шешімдер қабылдап келеді.
Қазақстан • 04 Маусым, 2019
Бүгінде мемлекеттік Туымыз, Елтаңбамыз бен Гимнімізге қазақстандықтар жүрегінің түбінен орын беріп, ерекше құрмет көрсетіп келеді. Өткен тарихымыздың, саралы жолымыздың символындай болып, ертеңімізге де бағдар көрсетіп тұратындай әсер қалдыратын осы айрықша белгілер қабылданған ширек ғасырдан астам уақыттан бері, дәлірек айтқанда рәміздеріміз бекітіліп, тиісті заң қабылданған 1992 жылдың 4 маусымынан бері отандастарымыздың мемлекеттік рәміздерге құрметі әсте бір кеміген емес.