Президент • 29 Мамыр, 2019
Тарихи таңдаудың табалдырығында тұрған елімізде жұрт назары президенттікке үміткер тұлғаларға ауғаны анық. Бұл орайда сайлауалды бағдарламалары ғана емес, олардың биографиялары мен болмыс-бітімі де қоғамның қызығушылығын тудырып отыр. Халықаралық қауымдастық та зер сала зерделеп отырған сондай тұлғаның бірегейі – Қазақстан Президенттігіне «Nur Otan» партиясы атынан үміткер ретінде қатысып отырған, жаңа Қазақстанның жасампаз жылнамасында жарқырай көрінген қайраткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев екені ақиқат.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2019
Ақжар атауы қашан қайтарылады?
Бүгінгі таңда Ақмола облысындағы 195 ауылдық округтің 54 пайызы, елді мекен атауының 57,6 пайызы, барлық 5593 көше атауының 53,7 пайызы ғана жергілікті ұлт тілімен аталады.
Әлем • 29 Мамыр, 2019
Шешімін өткізе алмаған премьер отставкаға кетті
24 мамырда Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мэй өзінің отставкаға кететінін жариялады. Алайда ол жаңа премьер-министр сайланғанға дейін өзінің міндетін атқара беретін болады.
Қоғам • 29 Мамыр, 2019
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында техникалық және кәсіптік білім беруді одан әрі дамыту және «қарапайым заттар экономикасы» мен шикізаттық емес экспортты ілгерілету мәселелері қаралды.
Әлем • 29 Мамыр, 2019
Украинаның алтыншы президенті қызметіне кірісті
20 мамыр күні Украинаның жаңа сайланған президентін ұлықтау рәсімі өтті. Оған бірнеше елдің басшылары, өкілдері келді. Қазақстаннан Сенаттың вице-спикері Бектас Бекназаров қатысты. Бұған дейін ешбір саяси тәжірибесі болмаған Володимир Зеленскийдің рәсімде қандай мәселелерге назар аударатыны, жалпы шараның қалай өтетіні медиа қауымдастықты қызықтырғаны рас. Себебі В.Зеленскийдің билікке келуі бұл елде жаңа саяси кезең басталғанын білдіреді.