Руханият • 16 Мамыр, 2019
Руханият • 16 Мамыр, 2019
Қазіргі әдебиетті қалай зерттемек керек?
Әдебиет теориясында таласты-тартысты пікірлер мен қайшылықты көзқарастар болуы заңды. Теориялық ой-пікірлердегі таластар әр кезеңнің тарихи-мәдени жағдайлары мен әдебиеттанушылардың дүниетанымдық қырларына байланысты. Бұл нені көрсетеді? Бұл әдебиеттің барлық дәуіріне жарай беретін қатып қалған теорияның болмайтынын көрсетеді. Әдебиет теориясы жаңа кезең бастамаларына сәйкес өзіне дейінгі теориялық қағидаларды мансұқтап та отырады.
Қазақстан • 16 Мамыр, 2019
Халықаралық терроризм, экстремизм, есірткі бизнесі, әлеуметтік, этникалық, конфессияаралық қарама-қайшылықтардың асқынуы, трансұлттық қылмыс, су ресурстарының тапшылығы сияқты Орталық Азияның өзіне тікелей тән сын-қатерлер Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан-ақ Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірді. Ол қатерлер әлі де толық сейіле қойған жоқ. Демек, таңымыздың тыныш атуы, кешіміздің бейбіт батуы жолындағы мылтықсыз майдан да жалғаса беретін болады. Біз бұл жолы көзге көрінбейтін сол майданның бір сардары жөнінде әңгімелемекпіз.
Руханият • 16 Мамыр, 2019
Байқаймын, бізде қандай да бір нақты іс атқарудан гөрі уәде беру көп. Жоғары лауазымды шенеуніктер халық алдында есеп берсе де, жиналыста сөз сөйлесе де біз ана жұмысты қолға алғалы жатырмыз, мына жұмысты қолға алғалы жатырмыз деп уәдеге қарық қылады. Кейде тіпті ана шаруаны енді екі жылдан кейін, ал мына шаруаны үш жылдан кейін бастайтын боламыз дейтіндер де жоқ емес.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2019
Ақжайық өңіріне белгілі өлкетанушы, тарих магистрі Айболат Құрымбаев хабарласып, «Италиядан келген археолог ғалыммен бірге Оралға жақын маңдағы көне құлпытастарды қарап қайтайық» деген ұсыныс айтты.